Ұстаз – ұлы тұлға

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Ұстаз – ұлы тұлға.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға ұстаз—екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау.

ә)Танымдық қабілетін арттыру.Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту.

б)Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін

ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Әдеби-музыкалық бағдарлама.

Әдіс-тәсілі: Өлеңдер оқу,ән шырқау, би билеу

Көрнекілігі:Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер,өлеңдер,гүл шоғырлары, шарлар.

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.ҚРмемлекеттік Әнұраны

1-жүргізуші: Гүлнұр

Санасына  шәкірттің,

Білім нәрін сіңірген.

Ұстаз алдын  көргендер,

Заман  көшіне  ергендер.

Абыройын  асқақтат,

Орынын  әркез төрден  бер!


2 - жүргізуші: Ерасыл

Құрметті ұстаздар! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»…

1 - жүргізуші: Гүлім

Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

2-жүргізуші: Бекарыс

Көңілдеріңізді  кірбін шалмасын, жүректеріңіз таза, мөлдір болсын. Арман- тілектеріңіз орындалып,  аспандарыңыз ашық, жұлдыздарыңыз жарық болсын.

  Ән: «Ұстазым» орындайтын Аяулым



1 – жүргізуші: Гүлім

Бақытты қолдан  жасарлық күш бар ұстазда

Уақыттан  алға  асарлық  күш  бар ұстазда

Ой-сана  түлеп , күнде өсетін де  ұстаздар

Болашақтарға  сән қосатын да  ұстаздар -  деп ортаға «Бәйге» биімен  биші ұлдарымызды шақырамыз.

2 - жүргізуші: Бекарыс

Шәкіртіне «Өмір сырын ұға біл!»

Деген ұстаз – ұстасы ғой мұраның.
Құрметтеген бар адамзат баласы
Қастерлі есім, екінші ана – мұғалім.
Жүрек жарып шын көңілмен жырлаған
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын, дей келе 5 «А»сынып оқушыларына сөз кезегі беріледі. 



2 - жүргізуші: Ерасыл

Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілдікүндертусыналданәлі

Ән-шашуәсемәуен, түрліөнер,

Бүгінгікүнсіздергеарналады.

               

  Хор:Ұстазым



  1. жүргізуші: Гүлім

Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру – рахат, ал ұстаздық ету – бейнет.


  1. жүргізуші: Ерасыл

Сол бейнеттің зейнетін көріп отырған аяулы ардагер ұстаздарымыз да,

20 – 30 жылдан астам ұстаздық етіп келе жатқан аяулы ұстаздарымыз бар. Қадірлі ұстаздар! Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілей отырып, «Тити» биін қабыл алыңыздар!


1-жүргізуші: Бекарыс

Ұстаздарға арнау

2-жүргізуші: Бекарыс 

Өнерпаздар жарысып сан-саналы
Жиын десе, той десе жан салады.
 Ұстаздардың мерекесі құрметіне
  Әуелеген әсем ән де жолданады

Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ әнмен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда сыныбымыздың бір тамаша флешмобына береміз


Қорытынды: 

Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі концерттік бағдарламамызды тәмәмдаймыз.