Балықшы мен балық ертегі қойылымы (3 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: А. С. Пушкин «Балықшы мен балық» 
ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік мақсаты: Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің өмірі, шығармашылығына шолу жасау, әлем әдебиетінің нұсқасы болған «Балықшы мен балық» ертегісінің тақырыбы мен идеясын ашу. 
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың әдеби дүниетанымын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды мейріділікке, қарапайымдылыққа, байсалдылыққа, адамгершілікке тәрибелей отырып, астамшылдықтан, қанағатсыздық сияқты жаман қылықтардан бойын аулақ болуға үйрету. 
Сабақтың түрі: шығрмашылық- ізденіс сабағы, бекіту сабағы. 
Сабақтың әдісі: Инсерт, Венн диаграммасы, топтастыру, сұрақ-жауап, биопоэма. 
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. 
Көрнекілік: интерактивті тақта, А.С. Пушкин көрмесі. 
Сабақтың барысы : 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
А) Сәлемдесу, кезекшімен тілдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
2) Үй тапсырмасын тексеру. 
А) Орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мұғалімнің басшылығымен оқушылар ізденіп, оқып келген білімдерін ортаға салады. – 1 оқушы слайд көрсету арқылы айтады. Ал екінші оқушы плакаттағы биопоэманы толтырады. 
Ә) - Ал Пушкиннің осы «Балықшы мен балық ертегісін» аударған кім? 
- Байтұрсынов туралы не білесіңдер? Слайд бойынша айту. 
3) Кейіпкерлер келбетін ашу. 
А) Топтастыру әдісі. 
- «Балықшы мен балық» ертегісінің негізгі кейіпкерлері кімдер? 
- Балықшы, балық, балықшының кемпірі . 
- Ендеше осы кейіпкерлеріміз балықшы шал мен оның кемпіріне мінездеме берейікші. 
кедей парықсыз 
арам 
қанағатсыз 
өркөкірек 
мейірімсіз астамшыл 
қайырымсыз 
адал еңбекқор 
аңғал 
мейірімді 
қайырымды жанашыр 
Ә) Сұрақ-жауап арқылы. 
1. Балықшы кім? 
Жауап: теңіздің жағасында 33 жыл бойы балық аулап өмір сүрген, төрт түліктен еш нәресі жоқ, үсті шым, асты шұқыр баспанасы бар, баласы жоқ, кемпірі жіп иіріп, өзі ау құрып балық аулап күн көріп отырған адам. 
2. Балықшы балықты қалай аулап алады? Жауап: Балықшы күндегі кәсібі бойынша теңізге балық аулуға келіп, бірінші рет ауын салғанда балдыр түсті, екінші рет салғанда теңздің бір шөбі түсті, және үшінші рет салғанда үсті басы жалт-жұлт еткен, сөйлей алатын бір Алтын балық түсті. Осылай балықшы алтын балықты аулады. 
3. Балықшының балықты жібере салуынан нені көреміз? 
Жауап: Балықшының балықты жібере салуынан оның жанашыр, мейірімді, жүрегі жұмсақ, адамгершілігі мол екенін байқаймыз. Киелі зат көк теңіздің иесі деп ойлап алтын балықты жібере салуынан шалдың киелі затты қадір тұтып, бағайлай білетіндігін көреміз. 
4. Кемпірдің бірінші тілегі? 
Жауап: жаңа астау. 
5. Кемпірдің екінші тілегі? 
Жауап: тәуір ағаш үй. 
6. Кемпірдің үшінші тілегі? 
Жауап: ақсүйек болу. 

7. Кемпірдің төртінші тілегі? 
Жауап: бір халыққа патша болу. 
8. Кемпірдің бесінші тілегі? 
Жауап: теңіз патшасы болу, балықты өзіне шабарман қылу. 
9. - С
о нымен балықшы теңіз жағасында 33 жыл балық аулап өмір сүрген адам дедік. Күндегі әдетінше ол көк теңізге балық аулауға барады. Бірінші рет ауын салғанда балдыр түсті, екінші рет салғанда теңіздің бір шөбі түсті, және үшінші рет салғанда үсті басы жалт-жұлт еткен, сөйлей алатын бір Алтын балық түсті. Осылай балықшы Алтын балықты ұстады. Мейірбан, еңбекқо, мейірімді шал балықты жібере салды. Одан ары болатын жағдайды сахналық көрініспен жалғасытырайық. Біздің дарынды оқушыларымыз сахналық көрініс дайындап келіпті. 
Б) Осы көріністен балар қандай ғибрат алдыңдар? Александр Сергеевич Пушкин қандай қасиеттерден аулақ болыңдар дегісі келіп отыр? 
1- Парықсыздық 
2- Тоғышарлық 
3- Ашкөздік 
4- Қаталдық 
5- Қанағатсыздық 
6- Астамшылдық 
- Иә. Дұрыс айтасыңдар. Осы қасиеттер жайлы біздің қай ақынымыз өлең жазып еді? Кім айтады? 
- Иә, Абай Құнанбаев. Абай атамыздың қай өлеңінде айтылып еді? Кім жатқа айтып бере алады? 
- Тағы да Абай атамыздың Ескендір поэмасынап да ұқсас болып тұр. Ол поэманы біз сендермен жоғары сыныптарға барғанда өтеміз. Ендеше Абай атамыз бен А.С. Пушкиннің ұқсастығын Венн диаграммасы арқылы салыстырайықшы. 
“Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс...” (Н.Ә.Назарбаев) 
4) Сабақты бекіту. 
Білемін - 
Білмеймін + 
Жаңа мәлімет ? 
Білгім келеді? 
Орыстың ұлы ақыны Пушкин жайлы. «Балықшы мен балық» ертегісін 
А. Байтұрсыновтың аударғаны. Пушкиннің басқа да ертегілерін. Пушкиннің отбасы жайлы. Пушкин мен Абайдың өлеңдеріндегі берер ғибратының ұқсастығын. Пушкиннің басқа да ертегілерін. 
5) Үйге тапсырма. Эссе жазу. «Қанағат – қарын тойғызар». 
6) Оқушыларды бағалау.