Тәрбие сағаты Желтоқсан - Тәуелсіздік бастауы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Тақырыбы : Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы.


Мақсаты: 1.Оқушыларға желтоқсан оқиғасы, оның құрбандары туралы мағ-

лұмат беру, ол туралы түсінік қалыптастыру.

2.Тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін дамыту.

3.Адамгершілікке , Отанын сүюге,сыйластыққа,ұлтжандыққа тәр-

биелеу.


Көрнекілік: суреттер, буклет.


Сабақтың барысы


1 ж-і: Құрметті қонақтар,ата-аналар, ұстаздар!

Желтоқсан оқиғасы біздің мемлекетіміздің тарихындағы үлкен оқиғалардың

бірі.Ол- тәуелсіздіктің бастауы.Біз бұл күнді естен шығармауға тиіспіз.

Сіздердің назарларынызға « Желтоқсан-тәуелсіздік бастауы» атты тәрбие сағатымызды көруге шақырымыз.


Әнұран орындалады.


2 ж-і: Иә, бүгін тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл ,желтоқсан оқиғасына 22 жыл толып отыр.

Халқымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арманына жетіп,халықтың тыныс-тіршілігін тарих таразысына салып, ұлы көш алға басып барыды.Бұл уақыт көші, өмір көші.


1-оқушы:

Өсер елдің сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздереіңдей намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.


1 ж-і: Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Ұмытылмайтыны оның халық тағдырымен байланыстылығында.1986

жылғы желтоқсан оқиғасы да ауыл-үйдің әңгімесі емес,дүмпуі алыс құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады.


2-оқушы:

Кез емес жаугершілік « аттан» атты ,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

Желтоқсан шындық әлемді жалт қаратты.


2 ж-і. Ендігі кезекті « Қазақ ұлттың тәуелсіздік жолындағы тарихи өмірі»

атты баяндамаға береміз.


Ән « Егемен елім»


1 ж-і: 17 желтоқсан таңертеңгілік,сағат 7-8 аралығында 200-300 –дей жас Брежнев атындағы алаңға шоғырлана бастады.Бұл жастардың алғашқы тобы еді.


Көрініс.


1 ж*і: Ерлігіміздің арқасында Қазақстан егеменді болып дүние жүзіне танылуда.1991 жылы біздің Отанымыз егеменді,тәуелсіз қазақ мемлекет болды.


Республика! Ерікті ел-Қазақстан

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан аңсатып , армандатып

Торды бұзған мен де бір арыстан.



Тербетіп тұрса болды жер бесігін

Дәулеттің тілеймін көл-көсірін

Көз тимей ,кірбің түспей қабағыңа

Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күн!



Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы алғыс,

Егеменді ел бақыты ертеңі

О,халайық құтты болсын қуаныш!


1986 жылғы желтоқсанның 16-сы қазақ тарихындағы ұлы күн!

1991 жылы Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.Еліміз егеменді мемлекет болды.

Биыл егемендігімізге 19 жыл толып отыр.Желтоқсан оқиғасына 24 жыл.

Егемендігіміз,тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын.Аспанымыз ашық,елімізде тыныштық болсын.