Күні: 28/01/2016
Сыныбы: 5 б
Тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Түрі: танымдық ойын
Мақсаты:
1.Балалардың білім деңгейін көтеру.
2. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын танымдық ойынға аудару.
ІІ. Негізгі кезең.
Мұғалім: Құрметті әріптестер, балалар!
Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің балалардың арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Мұғалім: Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады.
1. Таныстыру.
2. Бәйге.
3. Зеректік
4. Ойлан, тап!
5. Сен білесің бе?
І-кезең. Таныстыру.
І-топ. «Жасқыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жасқыран»
ІІ-топ. «Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - «Топжарған»
ІІ -кезең “Бәйге”
Сонымен, бірінші сайыста әр түрлі сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылады. Әр кезеңнен соң әділқазылар алқасы ұпай санымен таныстырып отырады. Сонымен бірге бір - бірлеріңе кедергі жасамауларыңызды сұраймын.
1. ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)
2 «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)
3. Қазақ тіліне ғана тән әріптер саны нешеу? (9)
4. Оттан ыстық не? (Отан)
5. Қыста не жауады? (Қар)
6. Күздің бірінші айы? (Қыркүйек)
7. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
8. Қазақстан туының түсі қандай? (көк)
9. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
10. Жаздан кейін не келеді? (қыс)
ІІІ-кезең. “Зеректік”
Бұл кезеңнің шартымен таныс болыңыздар. Қазір мақал - мәтел, тұрақты тіркестер оқылады, олардың бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аударасыңдар. 3 тілде де дұрыс жауап айтсаңыздар 30 ұпай, 2 тілде дұрыс жауап айтса 20 ұпай, тек 1 тілде дұрыс жауап айтылса 10 ұпай қосылады.
1. Ер қанаты -.....
2. Білім.... құдық қазғандай. (инемен)
3. Доссыз өмір – тұзсыз..... (ас)
4. Білімі көпті дау алмайды, досы көпті.... алмайды. (жау)
5. Қой аузынан.... алмас. (шөп)
6. Төбе.... тік тұрды. (шашы)
7. Ит өлген.....(жер)
8. Қас пен.... арасында. (көздің)
9. Отанды сүю.... басталады. (отбасынан)
10. Көп сөз – көмір, аз сөз -.....(алтын)
ІV -кезең. «Ойлан, тап!»
(Әр топтың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)
V. «Сен білесің бе?»
Тақтада алты ұяшықта сұрақтар берілген. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап берейік.
3---6---2
4---1---5
1) Қазақтың үш биін ата: Төле би, Әйтеке би, Қазбек би
2) Ыбырай Алтынсарин кім?
3) Қазақтың хандарын ата.
4) Ата заң – ......
5) Рәміздер туралы не білесің?
Қорытындылау.
Құрметті әріптестер мен балалар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Сау болыңыздар!