Тақырыбы: «Тәуелсіздік – тірегім, жырымды саған арнадым»
1-жүргізуші: Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар.
2-жүргізуші: Бүгін біздің ата-бабамыз 300 жыл аңсаған тәуелсіздігіміздің 24 жылдығы. Осынау мерекеде жас бүлдіршіндеріміздің бұлбұл дауысымен еліне деген махаббатын сынауға жиналдық қадірлі көрермен!
1-жүргізуші: Олай болса алдымен Әділқазыларымызбен танысып алайық.
1-әділқазы: _________________________________________________________
2-әділқазы: ________________________________________________________
3-әділқазы: __________________________________________________________
1-жүргізуші: Әнұран атты жыр.
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі.
2-жүргізуші: Жеңіс туын көтерген,
Жарыстарда сан қилы.
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.- 3 сынып оқушысы Шахмашова Жансаяның орындауында әнұран.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік – тірегім, жырымды саған арнадым.
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
2-жүргізуші: Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілекке!!! - 4 сынып оқушылары Есжанов Есенғали мен Сайлаубай Ерасылдың орындауында « Атамекен » әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Тәуелсізік – ата-бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
2-жүргізуші: Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар,
Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған. - 7 сынып оқушысы Сарқытбаев Нұрдәулеттің орындауында « Көк тудың желбірегені »
1-жүргізуші: Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік - 11 әріп құралған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.
Талай дара, даналардың көз жасы.
Қаныменен атты таң боп бізге алдан. - 8 сынып оқушылары Қабдулкаким Медет пен Төлеубай Жәрдемнің орындауында « Жаса қазағым » әнін қабыл алаңыздар
1-жүргізуші: Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек жан-тәніңмен ұғып біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал талдайын жеткенінше көмей-
2-жүргізуші: Мен қазақпын, қаныммен сүйегіммен,
Сән-салтанат салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам осынау кең далаға,
Мұрагерім, оған да бас иемін мен- Ақылбаев Аңсардың орындауында «Угәй» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Мен қазапын биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
2-жүргізуші: Қабыл алып жүрекке баласаңыз,
Арналар тек сіздерге тамашамыз! – 5 сынып оқушылары
2-жүргізуші: Өзіңдікі туыңда, от пен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным!Белді бекем буын да.
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын.
Қанатыңнан қайырылып, қыр арқаңнан майырылып,
Қонақ – Тәуелсіздіктен, қала көрме айырылып.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік – достығымыз,
Тәуелсіздік – ел бірлігі,
Тәуелсіздік – ертеңіміз,
Ұрпақтар жалғасатын,
Тәуелсіздік – ата жолы,
Болашаққа нық басқан.
2-жүргізуші: Сан ғасырлар кешкен бастан езгіні,
Алашымның аңыз болған ерлігі,
Қазақстан – ұлан-байтақ Отаным,
Мәшһүр болды жер-жаһанға елдігі! – орындайтын 6 сынып оқушылары Жунусова Айым мен Құлмағанбетова Назерке
1-жүргізуші: Тарихыңа ой жүгірткен саралап,
Азаттыққа қол жеткізген, жамағат,
Ар-намыспен, қанмен келген ардақты-
Тәуелсіздік енді бізге – аманат! 10 сынып оқушыларының орындауында « Желтоқсан құрбандарының хаты » Оразалы Мерген мен Идрисова Жанайым.
2-жүргізуші: Ал енді сөз кезегін Әділ қазылар алқасына береміз.
1-жүргізуші: Олай болса Әділқазыларымыз шешім шығарғанша біз әсем әнге кезек берейік.
Қорытынды: