«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» 

Әнұран орындалады

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!  Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:  Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

1 - жүргізуші: Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық! 
(Бір минут үнсіздік).

Эльзира: 
Жағасына жауының жетіп қолы,
 
Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.
 
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,
 
Олжа емес салбырап түскен көктен.
 
Қуаныш аралас қасіретпен,
 
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
 
Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,
 
Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

Руфат: 
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
 
Тарихы оның тым әріден басталған.
 
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
 
Талай боздақ қара жерді жастанған.
 
Тахмина:
 
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
 
Қазағымды қырып – жойып таптады.
 
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
 
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
 
Жанель:
 
Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,
 
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
 
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
 
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.
 
Эльнара:
 
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
 
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
 
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
 
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
 
Мадрияр:
 
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
 
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін
 
Ерлерім елдік үшін атой салып,
 
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.

«Көк тудың желберегені» орындайтын Абдрахимов Ернар

1 - жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заңы қабылданды.

2 - жүргізуші: ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «1986 жылы 17, 18 желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты. Осыдан кейін еліміздің басшысы 17 – желтоқсанды «демократиялық жаңару» күні деп жариялады.

Видеороллик

1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2 - жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

«Көрініс»

(көрініс көрсетіледі)

2 - жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына


1 - жүргізуші:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
«Желтоқсан желі» әні.

2 - жүргізуші:

Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 
1 - жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!