Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»
Кіші саласы: «Қарапайым математикалық ұғымдар» , «Тілдамыту»
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты: Балалардың сандық ұғымдары туралы білімдерін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.Балалардың қол саусақ маторикасын дамыту, тіл байлығын, ой өрісін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа, жүйріктікке, тапқырлыққа баулу.
Шаттық шеңбері: Бақыт - біздің сиқырлы шеңберіміз,
Бақыт - біздің достарға сенгеніміз.
Бақыт - таңнан біреумен достасуың,
Бақыт - кеште достармен қоштасуын.
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн қуаныш,
Сәттілікке толсын.
Сәлематсіздер ме, қонақтар!
Бақыт - біздің сиқырлы шеңберіміз,
Бақыт - біздің достарға сенгеніміз.
Бақыт - таңнан біреумен достасуың,
Бақыт - кеште достармен қоштасуын.
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн қуаныш,
Сәттілікке толсын.
Сәлематсыздар ма, қонақтар!
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Есік қағылып, ертегілер елінен Маша атты ертегі кейіпкері келеді.
Маша: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым Маша. Мен сендерге ертегілер елінен келдім. Математика ханшайымына бара жатырмын. Мені бәрі үйреткеннен жалықтым. Өзім де ақылды баламын. Менің білімімді математика ханшайымы бағалап, сынап көрсе екен деп бара жатырмын. Менің қолымда 6 немесе 7 саусақ бар, ол мен үшін маңызды емес....
Тәрбиеші: Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, Маша бәрін дұрыс айтты ма?
Балалар бізде математика ханшайымына барып бағымызды сынап көрейік.
Маша: Мен жолды білемін, бірақ менде жол картасы жоқ. Маған жол картасын салуға көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе?
Маша: Жоғарғы сол жақ бұрышта балалар, жоғарғы оң жақ бұрышта үлкен ағаш, төменгі сол жақ бұрышқа үйшікті, төменгі оң жақ бұрышқа көлді, ортасына математика ханшайымының сарайын орналастыру.
1-Тапсырма: 2 санынан үлкен, 4 санынан кіші санды ата! Жасырынған сурет ұшақ. Біз саяхатқа ұшақпен барамыз. Олай болса, Ғажайып шаршыдан ұшақ жасайық.
Ағашта тапсырмалар ілініп тұрады.
Тапсырмалар:
-Бір жылда неше мезгіл болады?
-Бір аптада неше күн бар?
Санамақ айтып беріңдерші.
Жолға шығайық. Келесі бағытымыз қандай?
Көлден өтуіміз үшін, тастардан жолдар жасауымыз керек. Тастар әртүрлі пішінде, 1-10 дейінгі сандарды ретімен орналастыру. Соларды орналастырайық.
Балалар үйшікке келеді. Менің Сендерге арнаған тапсырмам бар. Мына асықтарда сан белгіленген, осы белгіленген сандар бойынша үстелдерге бөлінеміз. 1-сан жазылған асықтар – 1 столға барады, 2 –саны жазылған 2- столға, 3 –саны жазылған үшінші столға барады.
1-Столдың тапсырмасы: Кюезнер таяқшаларынан үйдің шарбақтарын орналастырады.
2-Столдың тапсырмасы:
Суреттегі заттар саны нешеу? Сандарын жазады.
3-Столдың тапсырмасы:
Ең биік мұнараны көк түспен, ең аласасын қызыл түспен боя.
Үйшік балаларға рахмет айтады. Балалар математика ханшайымының сарайына бағыт алды.
Математика ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің сендерге дайындаған бір тапсырмам бар. Сол тапсырмамды орындайсыңдар ма?
Сендер мына сандардың көршілерін табыңдаршы?
-2- нің көршілері нешелер?
-5 – тің көршілері нешелер?
-3 – тің көршілері нешелер?Экран арқылы жұмбақ есеп жасырылады.
Ағашта 3 жаңғақ бар еді, оған тиін 2 жаңғақ әкеліп қосты. Барлығы неше жаңғақ болды?
Орманда 6 саңырауқұлақ өсті, Қызылтелпек келіп, екі саңырауқұлақты жұлып алды. Қанша саңырауқұлақ қалды?
Рахмет сендерге, балалар. Бәрін біледі екенсіңдер. Бәрін көрдім, бәрін естідім. Сендер барлық тапсырмаларды орындап маған келдіңдер. Ертегілер елінен келген Машаны мен өз сарайыма алып қаламын. Оған әлі көп нәрсені үйренуі керек. Мен сендерге, балалар жақсы көрсеткіш көрсеткендерін үшін, мына санамақ таяқшаларын сыйлаймын. Ол сендерге мектепте міндетті түрде қажет болады. Сау болыңдар.
Балалар таңырқай қарайды.
Балалар Машамен амандасады.
Балалар пікірі.
Балалар Машаның айтуы бойынша кілемшеге жол картасын құрастырады.
Балалар тапсырманы орындайды.
-төрт, -ұшақ
Балалар ұшақ жасап, ұшақпен ұшып, үлкен ағашқа барады.
-4 мезгіл
-7 күн бар.
Көлден өту.
Балалар тастардан көпір жасайды.
Балалар сандарды ретімен орналастырып, сандарды тура және кері санайды. Үш тілде санау.
Балалар үйшіктің тапсырмаларын орындайды.
Балалар тапсырмаларды орындады.
Балалар математика ханшайымымен сәлемдеседі.
Балалар тапсырманы орындайды.
2 көршісі: 1 және 3
4 пен 6
2 мен 4
-5 жаңғақ болды.
-4 саңырауқұлақ қалды.
Сыйлығын алады.
Балалар Ханшайым және Машамен қоштасады.
Балалар сыйлықтарын алады.
Рефлексиялық
түзетушілік
Олар топқа оралады.
Тәрбиеші оқу іс – әрекетін қорытындылайды.
Балалар біз қайда бардық?
Жүректен –жүрекке:
Балдай тәтті баламыз, Ақылдымыз, данамыз.
Ойынменен өседі,
Ойымызбен санамыз,
Қол ұстассақ бәріміз, Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
-Ертегілер еліне.
Барлығы қосылып айтады.
Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: Балалардың сандық ұғымдарды, пішіндерді, түстерді айтады. Түсінеді: Тапсырмаларды орындауда сөйлеу, сұраққа ойланып толық жауап беру. Қолданады: Сандарды тура және кері санауды.