Классный час Иманды адам - иманды когам

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тәрбелік шараның тақырыбы: Ибалы адам, иманды қоғам

Тәрбиелік шараның мақсаты:

а) білімділігі: Оқушыларға қазіргі кездегі діни ахуалдың қалыптасуы және дін мен салт-дәстүрдің ара қатынасы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы түсіндіру;

ә) дамытушылығы: діни наным-сенімдерді ажырата білуге,жат діни ағымдардан аулақ жүруге үйрету,әлемдік діндер туралы түсініктерін кеңейту,өзіндік көзқарастарын қалыптастыру;

б) тәрбиелілігі: оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілкке,тілі мен

дінін, салт-дәстүрін құрметтеуге, ұйымшылдыққа

тәрбиелеу

Тәрбиелік шараның міндеті:

тілі мен дінін құрметтейтін,санасы терең,көкірегі ояу, ұлттық қасиеттерін бағалай білетін,ертеңіне сеніммен қарайтын ұлтжанды, парасатты тұлғаларды тәрбиелеу.


Тәрбиелік шараның түрі: пікіралысу (ойталқы)


Тәрбиелік шараның көрнекілігі: Дін туралы мақалалар,кітаптар, өлеңдер,

интерактивті тақта

Тәрбиелік шараның бағыты: ұлтжандылық тәрбиесі

Тәрбиелік шараның жоспары:

І. Ұйымдастыру (мұғалімнің кіріспе сөзі)

ІІ Дін Ислам – діңгегім.

ІІІ Дінімізге берік болайық!

ІV Жат ағымға алданба!

V Дін және ата-ана

VІ Дін және қоғам



1- жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата-аналар!

Жарық дүние деп аталатын әлемде Исламның ізгілігі мен ұлы мұрат- тарын түсіну үшін, адамзат ұрпағы адал жолдан адаспау үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.

Бүгінгі тәрбиелік шарамыз ислам діні және бүгінгі қазақ қоғамындағы діннің маңызына арналады.

2-жүргізуші: Қасиетті дініміз сонау Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) заманынан бергі он төрт ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны белгілі.

1-жүргізуші: Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Біз тегіміз–түрік,дініміз-ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.

Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным-сеніміне,нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабыр- лылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні.

2-жүргізуші: Алайда, қазіргі кезде Ислам мен қазақы салт-дәстүрлеріміздің ара жігін ажырату,олардың арасындағы қарам-қайшылықтарды толық танып білу қиындай түсуде, Олай дейтініміз, соңғы кездері әр түрлі уағыздар айтып, елді алдап жүрген топтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.

1 - жүргізуші: Қазіргі кезде Исламға «изм», «террор» деген жағымсыз айдар тағылуда.

Жалпы, экстремизм дегенді қалай түсінеміз?

Осы жөнінде оқушылардың пікірлерін тыңдайық.

1-оқушы:

Экстремизм дегеніміз – латын сөзі. Ол «шеттеу», «өз пікірімен әрекет жасау» дегенді білдіреді.Олар өздерін таза, дұрыс санап, өзгелерді адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды.

- Олар Ислам дінінің талаптарына үстірт қарайды

- Көпшіліктің жүйкесіне тиіп, алаңдату, күмән келтіру арқылы пікір

қайшылықтарына барады

- Көп ілім үйрену зиян деп есептейді

- Ата Заңымыз бен өзге де заңдарды мойындамайды

2- оқушы:

Экстермизмнің мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін еш нәрседен қаймықпайды. Күш, қару қолдану арқылы, дін атын бүркемелеп, заңдар- ды аяққа таптап, негізгі ойларын жүзеге асыруға тырысады.

Мұсылмандық адал тірлікті лайлауға тырысып, жастарды діни ағым- дарға тартады.

  1. жүргізуші: Иә, бұл ащы да болса, шындық. Жат ағымға алданған қаракөз

бауырларымызды көргенде өзегіңе өрт түскендей өкінішті сезесің.

Бұған кімді кінәлаймыз, адамды ма, әлде қоғамды ма ?

  1. жүргізуші: Келесі бөлімде осы сауалға жауап іздеу мақсатында

бейне көрініске назар аударайық .

І - Бейне-көрініс

1- жүргізуші: Жаңа бейнекөріністен байқағанымыздай, қазіргі уақытта жат дінге сеніп, басқа ағымға ерген бауырларымызды көптеп кездестіреміз.

Оған басты себеп не деп ойлайсыздар ?

Адамның ерік-жігерінің әлсіздігі ме, әлде қоғамдағы

діни ахуалдың төмендігі ме ?

2- жүргізуші: Ата-анасына «кәпірсің», «намаз оқымайсың» деп кіналап, ауыр сөздер айтатын жастар туралы қандай пікір айтуға болады ?

Осы жөнінде оқушылар мен ата-аналардың пікірлерін тыңдасақ.


(ата-аналар мен оқушылардың пікірлерін тыңдау)


1-жүргізуші: Құран-Кәрімнің «Ахқар» сүресінің 15-аятында «Адам баласына әке-шешесіне жақсылық жасауды нұсқадық делінген».

Құран–тек мұсылмандарға емес, әлемге түскен кітап болғандықтан, ата-анаға жақсылық жасау қажеттігі бұйырылып тұр.

Ендігі кезекте қоғамдағы ең негізгі жайттарды өзек еткен

«Діні Ислам – діңгегім» өлеңін тыңдап көрейік. Оқитын:

    1. - жүргізуші: Дін – ғылымның негізі, қоғамның тірегі. Қоғамда үлкен дау

туғызып жүрген «балақ түру», «хиджаб кию», «ата-анаға қарсы келу»

мәселелері.

Құран Кәрімнің «Нұр» сүресінің 31-аятында бүркеніп жүруді айтты, бірақ «беттеріңді тұмшалаңдар», «қара киініңдер» деген сөз жоқ. Яғни қоғам қара киінуге,бетті тұмшалауға қарсы болса, біздің қоғамды дін- нен алыстатуға қақымыз жоқ.

Ойымызды одан әрі жалғастыру үшін кезекті келесі

бейнекөрініске берейік.

ІІ – бейнекөрініс

1- жүргізуші: Жалпы, хиджаб кию мұсылманға парыз деп есептейсің бе,

әлде жәй еліктеушілік деп ойлайсың ба?

Осы жөнінде оқушылардың пікірлерін тыңдасақ.

3 - оқушы:

Хиджаб – жамылғы деген мағынаны білдіреді. Бұл – арабтардың киімі. Себебі олар ислам дінінен бұрын осы киімді киген. Ал ниқаб, пәренжені Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран халықтары қолданады.

Бұл ретте қазақтың киімі де ислам мәдениетімен тығыз байланысты. Қазақтың бұрынғы киімінде кеудесі ашық, немесе етегі тізеден келетін киімдер болды ма? Жоқ. Демек, қазақтың киімінің шариғатқа ешқандай қайшылығы жоқ деген сөз. Қазақтың қыздары қызыл көйлек, қызыл камзол, үкілі бас киім киген. Кейін заманға лайық етіп қызыл орамалмен ауыстырған.

Қара – қайғының белгісі, сондықтан одан қазақ қыздары қашық болған. Қазір де көп жерде осы дәстүр сақталған. Сондықтан хиджаб кигенше, өз ата-салтымызды дамытқанымыз дұрыс.

2- жүргізуші: Заң талаптарына сәйкес білім беру орындарында хиджабқа тиым салынған. Бұл білім беру жүйесін діннен бөлу деген сөз емес және оқушыларға арналған бірыңғай мектеп формасын кию кемсітушілікке жатпайды. Өйткені, мұндай талап кімнің болсын, қай дінге сенген- дігіне қарамастан, еліміздегі барлық оқушыларға бірдей қойылады.


4- оқушы

Ағымға ерген азаматтардың тиісті медициналық тіркеуден, тіпті екпе егуден бас тартуы, басқа ағымға ерген жасөспірімдердің мектептегі оқуларын тастап кетуі, мектеп жасындағы ұл-қыздардың музыка тыңдау – харам, мемлекеттік Әнұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау, туға құрмет көрсетпеу, "жер бетінде шекара болмауы керек" деп, Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеу дұрыс деген бағыттағы уағыздар жүргізуі түрлі діннің ағымында кеткендердің ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананы естен шығаруының айғағы болса керек. Айта кетерлік нәрсе, жат пиғылды ағымдардың жетегінде кеткен жастардың, жалпы адамдардың қоғамға қайта оралуы өте қиын, тіпті кейде мүмкін де емес.

Өйткені оларды Отан, отбасы, бірлік сынды қасиетті ұғымдар толғандырмайды.

5- оқушы:

Санасы уланғандар тек көсемдері айтқанды екі айтпай орындайтын сарбаздарға айналғанын өздері де түсінбейді. Бұған дәлел соңғы кездері радикалды ағым мүшелерінің бірнеше рет қылмысты оқиғалардың ұйым­дастырушылары

ретінде аталуы. Ал бұл қоғам үшін қорқыныш ты емес пе?! Сондай-ақ түрлі діннің ағымында кеткен әке мен баланың бір дастарқаннан ас ішпек түгіл, бірін-бірі жау көруі, әке-шешесін тыңдамай,балалары басқа діннің ағымында кеткен ата-аналардың шарасыз күйге түсуі бүгінгі қазақ қоғамын ойландыруы тиіс.

6- оқушы

Еліміздегі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да "басқа діни бірлестіктер өз діндерін насихаттаса насихаттай берсін, ал біздің дінде зорлық жоқ" деп өздерін "салқынқанды" ұстауда. Сонда дәстүрлі емес діндердің іріткі ісіне тосқауылды кім қоюы керек?! Айтпақшы, "біздің дінде зорлық жоқ" деп Мұсылмандар діни басқармасы қол қусырып отырғанда, еліміздегі провослав дінінің өкілдері құлшылық ететін сөздерін мемлекеттік тілге аударуға кірісе бастапты. Олар бұл әрекетін христиан дінін қабылдаған кей қазақтар үшін қажет деп түсіндіруде.

Тіпті жақын арада қазақ тіліндегі аудармалар жинағын жарыққа шығаруды жоспарлап отырған көрінеді. Ал сонда біздікі қандай жайбарақаттылық? Айта кетерлік жайт, сау қоғамда азаматтардың санасының улануына сынамалап кірген діни ағымдардан бөлек, басқа елдерден діни сауатын жетілдіріп келген азаматтар да өз "үлесін" қосып отырған көрінеді.

1-жүргізуші: Жат діни ағымға ерген азаматтар медициналық тіркеуден бас тартып, Әнұранды тыңдау, Туға құрмет көрсету – дұрыс емес, әскери борышты да өтемеу керек деп есептейді, ата-ананың айтқанына құлақ аспайды. Жат пиғылдың жетегінде кеткен адамдардың қоғамға қайта оралуы қиын, тіпті мүмкін емес.

2- жүргізуші: Ең сорақысы сол, жат діни ағымдаға алданғандар бейіттер мен қорымдарды оларға орнатылған ескерткіш-тақталарды қиратып, тас-талқан етуден де қорықпйды. Ең алдымен олар Алланың хақ екендігіне мойын ұсынбайды. Мұндай оқиға біздің Атырау өлкесінде жасалуы да жат діни ағымдардың белең алып бара жатқандығының көрінісі.

  1. жүргізуші: Айтылған пікірлерден кейін ойымызды түйіндей келіп, келешек

тірегі – ибалы адам, иманды қоғам болу үшін дінімізге берік

болайық!

2- жүргізуші: Дін – ғылымның атасы деп жырлаған, 
Мұқағали ақылсыз емес еді. 
Солардың да барлығын толғандырған, 
Соңындағы ұрпақтың келешегі,- дегендей біз бүгінгі тәрбиелік шарамызда Ислам дінінің қоғамдағы маңызы туралы ой бөлістік.

1- жүргізуші: Тәрбиелік шарамызды «Алладан басқа жоқ тәңір» әнімен қорытындылаймыз.

Ендігі тәрбиелік шарамызды қорытындылау үшін сөзді сынып жетекшімізге береміз.

Қоытынды сөз: Бүгінгі тәрбиелік шараның негізгі мақсаты иманды қоғамның

ибалы адамдарын тәрбиелеу болатын.

Иман-сенім,наным деген мағынаны біліреді.Иман-Исламның тірегі.Сондықтан ең бірінші иманымыз һәм берік болуы керек.

«Ұлттың өзін-өзі сақтайтын бірнеше факторлары бар. Олар – тілі,діні, тарихы,атамекені,дәстүрі. Соның ішінде айрықшасы: тілі мен діні.

Кез-келген халықты құрту үшін оның дінін құртса, ол халықтың тұтастығы кетеді. Дініне мықты болған халықтың санасы сергек,

іргесі тұтас болады.»




















6