Ертегі әлемі Шалқан ертегісі
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет
Мақсаты: ертегі кейіпкерінің обырызын көрсете білу. Ойлау қабілеттерін дамту. Ертегі туралы түсініктерін арттыру. Қиялдарын арттыруға, сахнада жүру әрекетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: саусақ театрының кейіпкерлері, атрибуттар, тоты құс, сахна.
Әдіс – тәсілдер: сахналау, әңгімелеу, ойын, ғажайып сәт.
Амандасып, шаттық шеңберіне тұрайық.
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Армысың, қонақтар!
Балалар бүгін біздің тобымызға қонақтар келіпті.
Ғажайып сәт. «Тоты құстың келуі»
-Балалар, бүгін бізге сиқырлы ертегілер елінен тоты құс ұшып келіпті, және жәй келмепті, қолында сыйлығы бар екен. Қане ашып көрейікші!
Ішінен «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері шығады.
-Бұл кішкентай ойыншықтар сендерге қуаныш пен шат күлкі сыйлауға келіпті. Мен сендерге осы ойыншықтар арқылы «Шалқан» ертегісін айтып беремін.
-Ертегіні тыңдау үшін орнымыздан тұрып бір сергіп алайық!
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі
Кіп – кішкентай ағаштар,
Үп – үлкен боп өседі.
«Шалқан» ертегісін саусақ театры арқылы сахналау. Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
-Балалар, ертегі қызық па екен?
-Ертегі қалай басталды?
-Ертегіде кімдер ойнайды екен?
Балалардың жауаптары.
-Ал, енді балалар осы ертегіні рольге бөліп сахналайықшы.
Балалар өздері таңдаған рольдерді ойнап береді.
-Жарайсыңдар, балалар! Сендер нағыз әртіс боласыңдар. Ертегіні де тамаша ойнадыңдар. Тоты құс жәй келмепті, ертегіні ойнаған балаларға сыйлығы бар екен. Ол шалқанның өзін пісріп, алып келіпті. Қане дәм татайық!
«Жақсы – жаман» ойыны.
Күтілетін нәтиже.
Жаңғыртады: Ертегі туралы түсініктерін айтады.
Түсінеді: Ертегінің мазмұнын.
Қолданады: Рольге бөлініп ойнайды.