Тақырыбы: « Әке - шаңырақ тірегі»
Мақсаты: әкелерді қатыстыра отырып олардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін байқау, әке мен бала арасындағы байланысты арттыру; оқушыларды әке мен ер азамат ұғымының нарқы мен мәнін ұғынуға және қастерлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Тренинг - сабақ .
Мұғалім: Сәлеметсіздерме, сіздерге арналған « Әке – шаңырақтың тірегі» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
«Жақсы әкелерсіз дұрыс тәрбиенің болуы мүмкін емес» деп даналарымыз айтып кеткен. Әрі қарай менің екі жүргізушім жалғастырсын.
Танысу сәті (шаттық шеңбері)
Әділ қазыларды таныстыру
Тәрбие ісінің орынбасары : Таңатарова Дилбар апай
Оқу ісінің орынбасары : Махатова Тоты апай
Мектеп психологы : Қартбаева Гүлжамал
3 – топқа бөліну
1-жүргізуші: «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз» дейді Майқы би.
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнерімен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пиіл – береке, ынтымағы үшін отбасының әділ, ұстамды болуы орасан зор маңызға ие. «Әке – асқар тау», «Әке балаға сыншы» дейді халқымыз.
Ендігі кезекті мектебіміздің психологы , өзін-өзі тану пәнінен апай Гүлжамал мен Айман апайларды ортаға шақырайық .
2-жүргізуші: Ер бала – әкесімен сырлас, дос, жолдас. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуіне әкенің атқарар еңбегі ерекше.
2. сайыс : ән сайысы .
1-жүргізуші Әкенің отбасындағы орны алтыннан да қымбат, оны ешқандай бағалы затпен өлшеуге келмейді. Әке – басшы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әке жолы – ізгіліктің іздері, көңілге нұр құйып, жаныңа шаттық сыйлайды. Ендеше әке тілегін, әке үмітін ақтау – әрбір баланың қасиетті міндеті. Әкеміз асқар тауымыз, еңсесі биік болсын дейміз.
3 сайыс - Баламды 100 % танимын ба ? (әкелерге сұрақтар)
2-жүргізуші: Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі өте зор.
4- сайыс. «Мақал –мәтел жалғасын тап»
«Бір бала бір әкеден өте туады, бір бала бар әкеден кете туады, бір бала бар әкеге жете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.
5- сайыс. Ситуациялық жағдай
Бата ,тілек (әкелер)