Ғылыми жоба Қазақ ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің Ислам дініндегі хадистермен үндестігі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министрлігі

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«О. Жандосов атындағы орта мектеп»

мемлекеттік коммуналдық мекемесі





Ғылыми зерттеу жұмыстың тақырыбы:


«Қазақ ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің

Ислам дініндегі хадистермен үндестігі »


[pic]

Бағыты: филология

Секциясы: қазақ әдебиеті

Орындаған оқушының аты - жөні:

Ербол Аймар

9 «А»сынып оқушысы


Ғылыми жетекшісі: Әл- Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы

Үмбетбаева Жадыра


Мұғалімі: Сүлейменова Шамсия Ержанқызы






2016






МАЗМҰНЫ:




І.КІРІСПЕ..................................................................................................... 5-6



IІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДІНИ ТАҚЫРЫПТАҒЫ МАҚАЛ –МӘТЕЛДЕР




2. 1 Ислам діні құндылықтарының қазақ ауыз әдебиетіне әсері.........7-8

2.2 Мақал-мәтелдердің діни құндылықтырмен байланысы........... 8-10

2.3 Хадис пен мақал-мәтелдердің ортақ ұқсастықтары....................... 10-17


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................... 18-19



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................... 20


ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР................................................................21-25


























І. КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ұлттың негізін сақтайтын алғы шарттардың бірі – ата-бабаларымыз ұстанған ақиқат дін. Қазақ халқы үшін ғасырлар бойы ұстанып, жадына сіңіріп, тіпті, дәстүріне енгізіп, өмірінің ажырамас бір бөлшегіне айналдырған Ислам дінінің орны айрықша. Кеңес үкіметі тұсында қазақ халқының дінге деген көзқарасында тоқыраудың, жатырқаушылықтың, Алланы аузына ала алмайтын ауыр жағдайларды басынан өткергені ақиқат. Жетпіс жылдық атеистік дәуірдің өзінде де жанын берсе де дінін, иманын бермеген бабаларымыз болды. Міне, осылар, нақтылап айтқанда, Ислам шариғаттарына қанық санаулы ұлт зиялылары мен имамдар, молда-қожалар «тар жол, тайғақ кешулерді» басынан өткере жүріп асыл дініміздің рухани құндылықтары мен негізгі ұстанымдарын бүгінгі тәуелсіз елдің болашақ ұрпақтарына аман-есен табыстады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей, дінді басты құндылық еткен замандарда ауыз әдебиетіміздің де дінге қарап түзелгені ақиқат. Міне, бұл құбылыстар қазіргі жаһандану заманында зерттеліп ұрпақ назарына ұсынылуы керек. Мақал-мәтелдер - жекелеген өмір құбылыстарына нақты баға беретін халық мұрасы. Мақал-мәтелдер аз сөзден құралғанымен, көп мағынаны қамтиды. Пайғамбарымыздың хадистері де терең мағыналарға ие. Шын мәнінде, ғибраты мол  бейнелі  сөздерді зерделей  қарасақ, олардың  ішінде мақал  мен мәтелге  тән қасиетке ие Пайғамбар  хадистерін көруге болады. Өйткені мақал-мәтелдер  көбінесе  адамды жақсы  мінез- құлыққа,  адамдық құндылыққа,  бауырмалдыққа, т.б. игі қасиеттерге тәрбиелейтін болса, Пайғамбар хадистері  де білімге,  инабаттылыққа,  ар-ожданға, әділеттікке,  сабырлылыққа,  т.б. көркем сипаттарға баулиды.

 Сонымен  қатар мақал-мәтелдер мен араб тіліндегі хадистердің  құрылымы, ішкі  мазмұны мен мағыналары  бір-біріне жақын келеді.  Міне, осы тұрғыдан  алғанда  қазақ мақал-мәтелдері  мен Пайғамбар хадистерінің  ұқсастықтарын  аңғаруға болады. Сондықтан  тіліміздегі мақал-мәтелдер мен хадистердің көтерер жүгі салмақты. Өйткені, мақал- мәтелдер мен хадистер  халық өмірінің  әлеуметтік аспектілері, дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, салт- дәстүрі,  мәдени нормалары  мен құқығы, діни көзқарастары және айналасын қоршаған табиғатқа деген қатынасы аңғарылады. Сондықтан «Қазақ ауыз әдебиетіндегі діни тақырыптағы мақал-мәтелдер» өзекті тақырып деп ойлаймын.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – қазақ халық ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің Құран-хадис құндылықтарымен байланысын анықтау. Қазақ мақал-мәтелдері мен хадистерді тақырып бойынша бір жүйеге келтіре отырып, ондағы мағыналық ұқсастықтарын табу.

Осы мақсатта төмендегі мәселелер назарға алынды:

Ислам дінінің қазақ ауыз әдебиетіне жасаған ықпалы;

Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу мәселелері;

Қазақ ауыз әдебиетіндегі діни тақырыптағы мақал –мәтелдер;

Хадистер мен қазақ мақал-мәтелдерінің танымдық ерекшеліктері;

Хадис пен қазақ мақал-мәтелдерінің ортақ ұқсастықтары

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Жұмыста ата дініміз Исламның асыл құндылықтарының қазақ халық ауыз әдебиетіне жасаған әсері анықталды. Шындығына келгенде, бүгінгі таңда Құран мен хадистерге тек діни тұрғыдан ғана көңіл аударылып келеді. Ал оның барлығы біздің ауыз әдебиетімізден де өзіндік орын ала білді. Сондықтан Құран-хадис құндылықтарының халқымыздың ауыз әдебиетімен соның ішінде мақал- мәтелдерде көрініс табуы мен байланысының тарихи маңызы, қоғамдық рөлі айқындалады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі діни тақырыптағы мақал–мәтелдердің маңызы мен Құран-хадис құндылықтарымен байланысын зерттеу туралы ұсыныстар, пікірлер айтылады.

Бұл зерттеу жұмысында бұрын соңды ғылыми негізде қарастырылмаған

Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар хадистерінің қазақ мақал-мәтелдеріндегі орны, ұқсастықтары мен ортақ тұстарын, мазмұндық жақтарын салыстыра зерттеуге бастама жасалған .

Зерттеу тәсілдері: Қазақ халық ауыз әдебиетінің кешегісі мен бүгінгісіне шолу жасалып, кешенді талдау, салыстыру әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.




IІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДІНИ ТАҚЫРЫПТАҒЫ МАҚАЛ- МӘТЕЛДЕР

2.1 Ислам діні құндылықтарының қазақ ауыз әдебиетіне әсері

Ұлттың негізін сақтайтын алғы шарттардың бірі – ата-бабаларымыз ұстанған ақиқат дін. Қазақ халқы үшін ғасырлар бойы ұстанып, жадына сіңіріп, тіпті, дәстүріне енгізіп, өмірінің ажырамас бір бөлшегіне айналдырған Ислам дінінің орны айрықша. Кеңес үкіметі тұсында қазақ халқының дінге деген көзқарасында тоқыраудың, жатырқаушылықтың, Алланы аузына ала алмайтын ауыр жағдайларды басынан өткергені ақиқат. Жетпіс жылдық атеистік дәуірдің өзінде де жанын берсе де дінін, иманын бермеген бабаларымыз болды. Міне, осылар, нақтылап айтқанда, Ислам шариғаттарына қанық санаулы ұлт зиялылары мен имамдар, молда-қожалар «тар жол, тайғақ кешулерді» басынан өткере жүріп асыл дініміздің рухани құндылықтары мен негізгі ұстанымдарын бүгінгі тәуелсіз елдің болашақ ұрпақтарына аман-есен табыстады.

Қазақ – қай дәуірінде де дінін сақтап, Алласын аузынан тастамаған халық. Осыншама кең-байтақ жердің бүгінгі мұрагері боп, бейбітшілік бесігінде тербеп отырғаны Аллаға деген сенімі мен иманында екенінде дау жоқ. Бүгінгі әлем елдері үлгі тұтып отырған еліміздегі дінаралық татулық бейбітшілік пен ауызбірлікті насихаттайтын Ислам дінінің халқымыздың санасына терең ұялағанының айқын дәлелі деуге болады.

Қазақ халқы Ислам дінінің асыл құндылықтарын тек қана тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүріне ғана сіңдіріп қойған жоқ. Бүкіл рухани және заттық болмысына сіңіре білген халықтардың бірі. Сондықтан Құран, хадис құндылықтарының біздің әдебиетіміздегі алатын орны айырықша. Әдеби жәдігерлеріміздің қайнары, жазба әдебиетіміздің атасы аталып жүрген қазақ ауыз әдебиетінің де Құран, хадис құндылықтарымен байланысты болуы заңды құбылыс. Іңгәләп дүние есігін ашқан қазақ баласының отбасында бесік жыры айтылмауы мүмкін емес. Осылайша, өмірдің әр сатысына сіңген ауыз әдебиетіміздің мұраларын халық өмірінен бөліп қарау мүмкін емес. Қазақ ауыз әдебиеті туындыларының ішінде мақал – мәтелдердің қазақ халқының діни сана-сенімін өсіруде өзіндік рөл атқарғаны тарихи шындық.

Ислам құндылықтарының қазақ фольклоры үлгілерінде көрініс табуы бұл руханиятымыздың имани және ділдік әлеуетінің зор күшін білдіреді. Фольклор нұсқаларындағы рухани имани бастауларды танып білу және оларды болашақ ұрпақтардың ой санасы мен рухани әлемінің киелі ұғымдарына айналдыру арқылы бүгінгі жаһандық идеологияның өткінші құбылыстары мен дәстүрден тыс ағымдарға тосқауыл қоя аламыз. Қазақ фольклорының салтқа қатысты үлгілерінде жарапазан, дін айтысы, жар-жар, жұбату, естірту, көңіл айту, жоқтау, дұға, бата, амандасу, қоштасу, көрісу, бәдік, арбау, дуалау, дем салу және т.б. діни ұғым-түсініктер тереңірек көрінеді. Фольклорлық туындылар ұлттық болмысты, дүниетаным мен құндылықтарды ашып көрсетеді. Фольклор- бұл ұлттың рухани байлықтарын меңгерудің негізі және халықтық әдептің қайнар көздерінің бірі.


2. 2 Мақал-мәтелдердің діни құндылықтырмен байланысы


Мақал - мәтелдер – халықтың сан ғасырлық өмірлік және еңбек тәжірибесінен туған даналық ойлары. Қоғамдық өмірдің түрлі көріністерін, адамдар арасындағы қарым-қатынас, адам болмысы, өмірдің мәні, жақсылық пен жамандық жайын саралап, көркем бейнелейтін тағлымды әрі көркем жанр. Мақал мен мәтел – халық ауыз әдебиетінің ең шағын түрі.

«Мақал-мәтел дегеніміз халықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшам түрде, ұтымды, өткір етіп айтып беретін кестелі сөз» (1,193б.).

Мақал мен мәтелдің қосарланып қолданылатыны, кейде тіпті ара жігін ажыратып алудың қиындығы екі жанрдың табиғи туыстығында. Бірақ олардың өзара айырмашылықтары бар. Академик Ә.Қайдар мақал мен мәтелдің айырмасын мынадай параметрлермен айқындаған: «Мақал-мәтелдің жалпы мағынасы оның құрамындағы компоненттердің (мақал және мәтел) тура мағыналарынан туындаса, мәтелдердің жеке мағынасы оның астарлап айтылған ауыспалы, идиомалық мағыналарын негізінде қалыптасады... Екінші параметрі мақал, әдетте, жалпылама мағынаны білдірсе, мәтел белгілі бір ситуацияға (жағдаятқа) байланысты іске асқан, не асуға тиісті құбылыстың, іс-әрекеттің тек өзіне ғана тән мағынасын білідіруге бейімділігі. Мұны жалпақ тілмен айтқанда мақал болған, болатын және болып жатқан құбылыс пен процестің өзгеру, даму, алмасу т.б. себептерін де және одан шығатын нәтижені де бірден, қолма-қол баяндаса, мәтел сол процестің өзін ғана атаумен шектеліп, оның немен тынатынын, қандай нәтиже беретінін нақтылап баяндамайды, яғни процестің себебін атайды да, салдарын тәптіштеп атамай, астарлап, бейнелеп қана аңғартады» (3, 56-57б.).

Мақал толық тұлғалы, онда айтылатын ой тұтас келеді. Ол бірнеше толық сөйлемнен құралады. Мақал жеке тұрып тиянақталған ойды білдіреді. Мысалы, «Ел іші - өнер кеніші» немесе «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады». Ал мәтел мақал сияқты толық сөйлем түрінде құрылмай, сөз тіркесі немесе сөйлемше түрінде жасалды. Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайды, тек айтылмыш ойды ажарлап, бейнелеп жеткізу үшін қолданылады. Мәселен, «Соқыр тауыққа бәрі бидай» не «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» т.б. Мәтелде ой тұспалмен, емеурінмен білдіріліп, сөз орайына келтіріліп, сөз қосып айтылғанда ғана толысып, жетіліп тұрады.

Мақалда халықтың сан ғасырлық тарихы мен тәжірибесі бірер ауыз сөзбен тұжырымдалып, жинақталып беріледі. Мақалға шұбалаңқылық, артық сөз жат. Мақалда логикалық ой мен көркем ой бірлесіп келіп ерекше бір айшық түзеді. Мақал мен мәтел - өте көне жанрлар. Оның көнелігін ежелгі жазба ескерткіштерде сақталған мақал-мәтелдер арқылы дәлелдейді.

Мақал – мәтелдерде қамтылмайтын мәселе, сөз болмайтын тұрмыс саласы жоқ. Жақсылық пен жамандық, ерлік пен ездік, бала тєрбиесі, еңбек – кәсіп, төрт түлік мал, адамның өмір кезеңдері, отбасылық қарым-қатынас қағидалары мақал-мәтелдерде кеңінен сөз болады.

Мақал үнемі астарлы, ауыспалы мағынада жұмсалмайды, тура мағынасында да қолданылып, ой тікелей айтылады. Мысалы, «Әр сөздің басы – бісміллә», «Жазмыштан озмыш жоқ», «Өлімнен ұят күшті» т.б.

Қазақ халқы мақал – мәтелге аса бай, саны 15 мыңнан асады. Мақалдың жасалу жолы әр алуан. Белгілі бір жағдайға байланысты ұтымды да шебер айтылған ой ауыздан-ауызға тарап, өңделіп, екшеліп барып мақалға айналады. Ондай сөздер кейіннен шығарушының аты ұмытылып, көп сынынан өткен сөздер халық мақалына айналып кеткен.

Ислам дінін қабылдағаннан кейін қазақ халқының мәдени  өмірі  жаңа  бетбұрыстарға  толы  еді.  Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – мақал-мәтелдерде діни уәждердің орын алуы осының айқын дәлелі. Мақал-мәтелдер – халықтың моральдық кодексі, тәрбие қағидасы, ата-бабамыздың болашақ ұрпаққа қалдырған өнегелі өсиеті. Мақал-мәтелдерді халық педагогикасы деп те атауға болады. Осы халық педагогикасын алдыңғы толқын ұрпақтардың халықтың рухани мәдениетіне қосқан шығармашылық үлесінің нәтижесі деп айтсақ жаңылмаймыз. Олай болса, халықтың төл шығармасы – мақал-мәтелдердегі хадис пен Құран құндылықтарының әсерін анықтау – халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде хадис пен сүннеттің рөлін қандай болғандығын үйренуге жол ашары анық.    Ислам мәдениетінің бөлінбес бөлшегі –   хадистер мен сүннеттер аяқ жеткен жердің бәрінде мұсылмандардың жанын баурап, бақытты өмірге жетелеп, іс-әрекеттерін, жүріс-тұрыстарын реттеп, жөнге салып отырған.


2.3 Хадис пен мақал-мәтелдердің ортақ ұқсастықтары

Араб халқы да - тілге шебер халықтың бірі. «Мақал» сөзі қазақ тіліне араб тілінен енген. Араб тілінде «мақал» - «орынды айтылған сөз» деген мағынаны білдіреді. Араб жазу әдебиетінің  ең ірі құндылығы  – Құран. Ал Құраннан кейінгі даналық  иірімдер – Пайғамбар хадистері. Хадис – Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.c.) айтқан сөздері мен дін тұрғысындағы насихаттарын және  соған  сай  іске  асырған амал-әрекеттерін қамтиды.  Хадис те өзінің құрылым жүйесі, терең мағыналылығы, бейнелілігі және т.б. жағынан өзіндік ерекшеліктерге ие. Тәрбиеші, мұғалім ретінде адамзатқа жіберілген хазірет Пайғамбардың сөздері мен іс-әрекеттері мұсылман халқымыздың талғам-танымына, дүние-тіршілік қалпына айналып, халық педагогикасын, ұлт психологиясын, қазақы болмысты жинақтаған мақал-мәтелдердің өн бойынан көрініс тапты. Осы мақсатпен, қазақ мақал- мәтелдерін жинақтаған

Ө. Тұрманжановтың «Қазақ мақал-мәтелдері» (Алматы, 1997), Ж. Дәуренбековтың «Қазақ мақал-мәтелдері» (Алматы, 2001), М. Әлімбаевтың «Халық ғажап тәлімгер» (Алматы, 1994), Жәрдем Кейкіннің «Қазақтың 7777 мақалы мен мәтелі» (Алматы, 2002) және т.б. кітаптарды қолға алып, көңіл сүзгісінен өткіздім. Осы кітаптарды парақтағанымда көптеген  мақал-мәтелдер  мен  хадистердің  арасында бір үйлесімділіктің   барын, кейбір хадистердің халқымыздың мақал-мәтеліне айналғанын көрдік. Жоғарыда аталған жинақтардың ішінде кейбір мақал-мәтелдерде хадис мәтіндерінің сол қалпында сақталғанын, ал кей жағдайда халқымыздың хадистерден түйген ойларын мақал-мәтелге айналдырып жібергенін байқадым. Шын мәнінде ғибраты мол  бейнелі  сөздерді зерделей  қарасақ, олардың  ішінде мақал  мен мәтелге  тән қасиетке ие Пайғамбар  хадистерін көруге болады. Өйткені мақал-мәтелдер  көбінесе  адамды жақсы  мінез-құлыққа,  адамдық құндылыққа,  бауырмалдыққа, т.б. игі қасиеттерге тәрбиелейтін болса, Пайғамбар хадистері  де білімге,  инабаттылыққа,  ар-ожданға, әділеттікке,  сабырлылыққа,  т.б. көркем сипаттарға баулиды.

 Сонымен  қатар мақал-мәтелдер мен араб тіліндегі хадистердің  құрылымы, ішкі  мазмұны мен мағыналары  бір-біріне жақын келеді.  Міне, осы тұрғыдан  алғанда  қазақ мақал-мәтелдері  мен Пайғамбар хадистерінің  ұқсастықтарын  аңғаруға болады. Сондықтан  тіліміздегі мақал-мәтелдер мен хадистердің көтерер жүгі салмақты. Өйткені, мақал- мәтелдер мен хадистер  халық өмірінің  әлеуметтік аспектілері, дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, салт- дәстүрі,  мәдени нормалары  мен құқығы, ырым- жырымдары мен діни көзқарастары және айналасын қоршаған табиғатқа деген қатынасы аңғарылады.

Ислам дінінде сәлемдесу әдептіліктің ең үлкені деп үйретіледі. Сәлемдесу- Алла тағаланың пенделерге  үйреткен есендік сөзі.  «Әссәләмуалейкум»  сөзінің мағынасы  «Сіздерге Алла тағаланың бейбітшілігі болсын (Алла сіздерді әр түрлі бәледен сақтасын)» деген сөз [3, 94]. Қазақ әдебінде де  адами қасиеттердің бірі – амандасу. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор  игілігі –  сәлемдесу.  Тыныш, бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен  тату-тәтті, сыйласып өмір сүруді армандаған  қазақ халқында сәлемдесу әдебі ислам діні негізінде тіпті шыңдала түскен. Өйткені «сәлем  беру»  мәдениеті қазақ мақалдарында да кездеседі: «Әдепті  елдің  баласы, алыстан сәлем береді», «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені» [5, 23]. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі «сәлем» сөзі араб тілінен енген сөз екенін және осы екі тілде де ортақ ұғымда  қолданылатынын  айта кеткен жөн. Дана халқымызда: «Ұят кімде болса, иман сонда», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде»,  «ұят  –  иманда»  деген мақалдар бар. Қазақ тіліндегі «иман» сөзі мен ұғымы ислам діні арқылы, яғни Құран, хадистер аясында келген. Салыстыра кетсек:

Хадис пен Құран Кәрімде:

Қазақ мақал- мәтелінде :

1

«Алланың атымен басталмаған әрбір маңызды сөз бен іс шолақ».

«Сөздің басы бісміллә, бісмілләсіз іс қылма».


2

«Мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән».

«Мақтауға Алла ғана лайық»; «Кірсіз – ай, мінсіз – бір Құдай»;


3

«Қайда болсаң да , Алладан қорық».

«Халықтан ұял, Құдайдан қорық»; «Құдайдан қорықпағаннан қорық»; «Қорқуға Құдай ғана лайық».


4

«Бірдеңе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле».


«Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады»; «Аллаға сиынған құстай ұшады, адамға сиынған мұрттай ұшады».



5

«Әлемдердің Раббысы Алла қаламаса, қалай алмайсыңдар».


«Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады».


6

«...Қандай да бір жапырақ жерге түспесін, (Алла) оны да біледі...».


«Құдайсыз қурай сынбас»;

7

«Ешбір жан ертең не істейтінін білмейді, ешбір жан қашан өлетінін білмейді».


«Алдағыны Алла біледі»; «Ертең не боларын ешкім білмейді»; «Өлім айтып келмейді».



8




«...Алланың рахымынан күдер үзбеңдер..».


«Үмітсіз – шайтан»;

«Күніне тоқсан пәле көрсең-дағы,

Сонда да күдер үзбе бір Алладан»;


9

«Жұмақ – аналардың аяқтарының астында».

«Жұмақ – аналардың аяқтарының астында».

10

«Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында».

«Ата-ана разы болмай, Алла разы болмас».


11

«Білім іздену әрбір мұсылман ер мен мұсылман әйелге парыз».

«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»;

«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен»; «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»; «Білім таппай мақтанба, өнер таппай баптанба»; «Ақыл азбайды, білім тозбайды».


12

«Кімде-кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болса, жақсы сөз сөйлесін, не үндемесін».


«Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық, бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық»; «Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер».



13

«Кім үндемесе, құтылады».


«Үндемеген үйдей бәледен құтылады».


14

«Адам баласының қателіктерінің көбісі – тілінен».

«Басқа бәле – тілден»; «Адам көңілінен азады, тілінен жазады»;


15

«Ащы болса да хақты айт»


«Ащы болса да шындықты айт».


16






«Естіген хабар көзбен көргендей болмайды».




«Көзбен көрген шындық, құлақпен естіген өтірік»; «Мың естігеннен бір көрген артық».


17


«Жолдан бұрын жолдас ізде, үйден бұрын көрші ізде».

«Жолға шықпас бұрын, жолдасыңды сайла, үй салмас бұрын көршіңді ойла».

18





19



20



21





22


«Игі кісі игі хабар әкеледі, нашар кісі жаман хабар әкеледі».


«Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат».

«Игілікті түсі игілерден іздеңдер».

«Түсі игіден түңілме».

«Мүмін – мүміннің айнасы».

«Мұсылман – мұсылманның айнасы».

«Уа, иман келтіргендер! Аллаға бойсұныңдар, Елшіге және әміршілеріңе бойсұныңдар!».

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды».

«Өзгеге өлім тілемеңдер және оны көксемеңдер»

«Біреуге  өлім  тілегенше,  өзіңе өмір тіле»,

23




«Сабырлылық  – имандылықтың  жартысы»; «Сабырлылық – жәннаттың  кілті» 

«Біреу  жәбір  етсе,  сен  сабыр  ет», «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа»,

«Сабыр түбі- сары алтын»

24

«Кішілерімізге мархамат етпеген (жаны ашымаған), үлкендерімізге құрмет көрсетпеген  бізден  емес» 

«Үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет» 

Осылайша, халқымыздың ұстанған діни нанымдары мен діни санасының ерекшеліктері мен халықтың ұстанымдары мақал-мәтелдерде шынайы түрде бейнеленеді. Мақал-мәтелдерде халықтың өмір салты, салт-дәстүрі, діни сенімі, қасиеттілік ұғымдарына қатынасы айқындалады. Мақал-мәтелдер халықтың ұлттық мінезі мен қасиеттерін танытумен қатар, халқымыздың өмірлік ұстанымдары мен рухани болмысын айқындайды. Мақал-мәтелдер халықтың тәлімгер, ұстазы ретінде ғасырлар бойы ұлттың діни санасы мен діни мәдениетін айқындаушы қайнар көз ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнде де халықтың рухани құндылығы ретінде қызмет атқаруда. Діни ұғымдар мен түсініктер мақал-мәтелдерде халықтың ділі мен дүниетанымына ыңғайлы түрде айқындалады. Өйткені, діни ұғым-түсініктер әрбір халықтың дүниетанымына және ұлттық ерекшеліктеріне сай көрініс береді. Ислам дінінің құндылықтары мен ұстанымдары халқымыздың мақал-мәтелдерде ерекше көрініс берген. Халқымыздың діни санасында қалыптасқан рухани құндылықтар, наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар халық дүниетанымының дінге деген өмірлік қағидасын көрсетеді деп тұжырымдауға болады. Мақал-мәтелдердегі діни құндылықтардың мәні мен маңызы адамды имандылыққа және әдептілікке тәрбиелеу, исламның діни құндылықтарын ардақтауға шақыру. Біз  жоғарыда келтірген  Пайғамбар хадистері мен қазақ мақал-мәтелдерінің  ортақ ұғымда жиі кездесуі, хадистердің халықтық нақыл ретінде өмір сүруі  қазақ  ғұламаларының  мұсылманшылықты толық  қабылдауының нәтижесінде  туындаған. Қазақ халқының сан мың жылдық тарихында жиып-терген даналық сөздері мен, мақал-мәтелдері ұшан- теңіз. Әрине, мұншалық мол қазынаның  бір бөлігі исламмен тығыз байланыста екені даусыз.

Мақал-мәтелдер халық тарихында айшықталған руханияттың асыл көздерінің бірі діни құндылықтарды танытады. Ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан діни құндылықтар сенімдік, тағылымдық мұра ретінде көрінген мақал-мәтелдердің құндылығы діни сана мен рухани құндылықтарды бүгінгі ұрпаққа сабақтастықпен жеткізе білуінде. Исламдағы көркем мінезділік ұстанымдары сабырлылық, тақуалық, қанағатшылдық, қонақжайлылық, әділдік, бауырмашылдық, кішіпейілділік, мейірімділік, жомарттық, тәуекелшілдік қасиеттері қазақ мақал-мәтелдерінде ұлықталып, имансыздық, тәкаппарлық, сараңдық, көреалмаушылық, нәпсіқұмарлық, өтірік-өсек, ұрлық, екіжүзділік, мақтаншақтық, өзімшілдік, зұлымдық, парақорлық, өсімқорлық, ата-ананы ренжіту, қиянатшылдық, Аллаһқа серік қосу, маскүнемдік, құмар ойындарын ойнау сынды жағымсыз қасиеттер мен мінез-құлықтар ретінде мақал-мәтелдерде айыпталады. Ислам құндылықтарының қазақ фольклоры үлгілерінде көрініс табуы бұл руханиятымыздың имани және ділдік әлеуетінің зор күшін білдіреді. Фольклор нұсқаларындағы рухани имани бастауларды танып білу және оларды болашақ ұрпақтардың ой санасы мен рухани әлемінің киелі ұғымдарына айналдыру арқылы бүгінгі жаһандық идеологияның өткінші құндылықтары мен дәстүрден тыс ағымдарға тосқауыл қоя аламыз. Мақал-мәтелдердегі иман, ислам парыздары мен шарттары, ғибадат, тақуалық, тәубе, дұға, халал мен харам ұғымдары, мұсылманшылық әдептері қарастырылады. Атап айтсақ, халқымыздың «Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады», «Аллаға сиынған құстай ұшады, адамға сиынған мұрттай ұшады», «Алла деген ар болмас, Алла деген пенделер, еш нәрсеге зар болмас», «Алла деп барсаң, аман келерсің» «деген мақалдарында исламның негізгі ұстанымы құлшылық етудің жалғыз ғана, лайықтысы Аллаһ екендігі айтылады. Исламдағы «Лә иләһә иллАллаһ» кәлимасының шарттары бойынша, бұл кәлиманы тілмен айтып, жүректе бекіту исламның таухид концепциясы (Бір Аллаһқа деген сенім және жалғыз Оған ғана сыйыну) болып табылады.

Осы ғылыми жобаны зерттеу барысында мен ел аузынан төмендегідей мақал-мәтелдерді жазып алдым:

  • Уәде-құдай аты.

  • Жұмақ - ананың аяғының астында

  • Көрші қақы – құдай қақы.

  • Ораза-намаз тоқтықта.

  • Аллаға жағамын десең - азаның болсын, пендеге жағамын десең қазаның болсын.

  • Құдай берейін десе - жұдырыққа тас сынар, қылайын десе - быламыққа тіс сынар.

  • Адамның басы - Алланың добы.

  • Талап - пендеден, қолдау - тәңіріден.

  • Аққа құдай жақ

  • Ақыл-Алланың сыйы

  • Арақ-харам, ішу-күнә

  • Тағдыр етсе Алла, не көрмейді пенде.

  • Ұяты бардың иманы бар

  • «Халқым» дегенді Құдай да сыйлайды

  • Істің басы-бісміллә, бісмілләсіз іс қылма

  • «Иншалла» деп бастаған іс өз жүйесін табады.

  • Алла жолында өз нәпсісіне қарсы келетін адам –әулие

  • Елден сұрама, Алладан сұра

  • Иман тіліңде ғана емес, жүрегіңде болсын.

  • Жақсылық жерде қалмайды, иман отқа жанбайды




ІІІ . ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе, әрбір халықтың тарихы мен тағдырына лайықты және ділі мен дініне сай ғаламның құрылымын, қоғам мен адам өмірінің мәні мен маңызын, дүниетанымдық, құндылықтық негізде жеткізетін шығармашылық мұраларында, халқымыздың ұлттық ойлау ерекшелігі ретінде айқындалған халық ауыз әдебиетінде ұлтымыздың әдептілік ережелері, соның ішінде діни құндылықтары мен имандылық ұстанымдары да, жан-жақты көрініс береді Ұлттық руханияттың асыл мұрасы халық ауыз әдебиеті, аңыз-әпсаналар, тарихи жырлар, ғашықтық жырлар, батырлар жырлары, тұрмыс-салт жырлары және мақал-мәтелдерде қазақ халқы ежелден сөздің және шешендіктің дүниетанымдық және рухани мәніне ерекше көңіл аударған. Халық дүниетанымында бұның барлығы дерлік тәлім-тәрбиелік, даналық және рухани имандылық күшке ие және қазақтың дәстүрлі ойлау мәдениеті мен рухани құндылықтық бағдарының, тағылымдарының асыл қазынасы болып есептелген. Қазақ ауыз әдебиетінің имандылық бастаулары мен тәлімдік әлеуеті адамды мейірімділікке, сабырлылыққа, ұстамдылыққа, әділеттілікке, даналыққа, қонақжайлылыққа, яғни, рухани құндылықтарды адам бойында жинақтауға бағыт ұстайды. Қазақ ауыз әдебиеті тұнып тұрған рухани құндылықтар болып табылады. Халық ауыз әдебиеті – бұл халықтың тарихи санасы, үлгі-өнегесі, өмірлік құндылықтары мен асыл мұраттары болумен қатар кез-келген халықтың рухани дүниесін және рухани құндылықтарын бейнелеп, ұлттық діл мен дүниетанымды да айшықтайды. Онда халқымыздың сан ғасырлар бойы басынан өткерген тағдыры, тарихы, тағылымы және келешекке деген арман-аңсары пайымдалады. Халқымыздың ұстанған діни нанымдары мен діни санасының ерекшеліктері мен халықтың ахлақтық ұстанымдары ауыз әдебиетінде шынайы түрде бейнеленетініне көзіміз жетті. Қазақтың ауыз әдебиетінің үлгілері халықтың тәлімгері, ұстазы ретінде ғасырлар бойы ұлттың діни санасы мен діни мәдениетін айқындаушы қайнар көз ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнде де халықтың рухани құндылығы ретінде қызмет атқаруда. Діни ұғымдар мен түсініктер халықтың ділі мен дүниетанымына ыңғайлы түрде айқындалады. Өйткені, діни ұғым-түсініктер әрбір халықтың дүниетанымына және ұлттық ерекшеліктеріне сай көрініс береді. Ислам дінінің құндылықтары, ғұрыптық жүйесі, ұстанымдары халқымыздың ауыз әдебиетінде ерекше көрініс бергені халқымыздың діни санасында қалыптасқан рухани құндылықтар, наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар халық дүниетанымының дінге деген өмірлік қағидасын көрсетеді деп тұжырымдауға болады. Бұл діни құндылықтардың мәні мен маңызы діни сана мен рухани құндылықтарды бүгінгі ұрпаққа сабақтастықпен жеткізе білуінде және адамды имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу, Ислам дінін ардақтауға шақыру деп түсінемін. Исламдағы көркем мінезділік ұстанымдары сабырлылық, тақуалық, қанағатшылдық, қонақжайлылық, әділдік, бауырмалшылдық, кішіпейілділік, мейірімділік, жомарттық, тәуекелшілдік қасиеттері қазақ мақал-мәтелдерінде ұлықталып, имансыздық, тәкаппарлық, сараңдық, көреалмаушылық, нәпсіқұмарлық, өтірік-өсек, ұрлық, екіжүзділік, мақтаншақтық, өзімшілдік, зұлымдық, парақорлық, өсімқорлық, ата-ананы ренжіту, қиянатшылдық, Аллаһқа серік қосу, маскүнемдік, құмар ойындарын ойнау сынды жағымсыз қасиеттер мен мінез-құлықтар ретінде ауыз әдебиетінің үлгілерінде қатаң айыпталады.

Қазақтың ауыз әдебиетіндегі діни тақырыптығы мақал- мәтелдер бүгінгі күннің талаптарына яғни, иман жүзді, инабатты ұрпақ тәрбиелеу ісіне өзіндік үлес қосары даусыз. Атадан балаға мирас болып келген асыл мұраларымыз халықтың бітім-болмысын жоғалтпай, рухы биік, дүниетанымы берік, діні мен дәстүріне адал ұрпақ тәрбиелеудің мұраттарына қызмет етпек. Тәуелсіз елдің жастары Отанын, мәдениетін, тілі мен дінін сақтап және рухани құндылықтарын ұлықтап қана ел мүддесі мен болашағына қызмет ете алады деген үлкен сенімдемін.













ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Ө. Тұрманжановтың «Қазақ мақал-мәтелдері» (Алматы, 1997),

Ж. Дәуренбековтың «Қазақ мақал-мәтелдері» (Алматы, 2001),

М. Әлімбаевтың «Халық ғажап тәлімгер» (Алматы, 1994),

Жәрдем Кейкіннің «Қазақтың 7777 мақалы мен мәтелі» (Алматы, 2002)

Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі. Медине. 1991 ж.

Ислам ғылымхалы, Мұхитдин Исаұлы, Қайрат Жолдыбайұлы, Алматы. 2010 ж. – 520 бет.

«Қазақстан тарихы», очерктер, Алматы, «Дәуір» баспасы, 1994,

Мусин Чапай, «Қазақстан тарихы», 640 бет, 2008

«Он ғасыр жырлайды» Алматы, 2006. 408 бет,

Қамзин К. Қазақ көсемсөзі жанрларының кемелдену үдерісі. – Алматы: Экономика. – 2009 ж.

"Айқын" -2011 ж., 2012 ж., "Алаш айнасы" - 2012 ж., 2013 ж.,

"Егемен Қазақстан" - 2012 ж., 2013 ж.,

"Ислам және өркениет" - 2012ж.,

"Түркістан" - 2012 ж., 2013 ж., т.б газеттері

[link] сайттары

Т.Ыдырысов. «Шеберлік бастауы». «Мектеп», 1984 ж.

Жолдыбайұлы Қ. «Күдікпен күрес». Алматы. «Алтын қалам», 2006. 188 бет

Жолдыбайұлы Қ. «Имани гүл». [б. и.]. Алматы, 2011. 384 бет

Жолдыбайұлы Қ. «Дін мен діл». — Астана: АСТ Полиграф, 2011. — 288

308






Аннотация

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мазмұнында діни құндылықтар мен қазақ ауыз әдебиеті туралы баяндалады. Жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, ғылыми жаңалығы айтылады. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші тарауында қазақ ауыз әдебиетінің түрлері мен Құран-хадис құндылықтарының қазақ ауыз әдебиетіне әсері жайында, екінші тарауында мақал-мәтелдердің діни құндылықтырмен байланысы, үшінші тарауында хадис пен мақал-мәтелдердің ортақ ұқсастықтары туралы айтылады. Қорытынды бөлімінде қазақтың ауыз әдебиетіндегі діни тақырыптағы мақал- мәтелдер бүгінгі күннің талаптарына яғни, иман жүзді, инабатты ұрпақ тәрбиелеу ісіне өзіндік үлесі мен маңызы туралы айтылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты – қазақ халық ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің Құран-хадис құндылықтарымен байланысын анықтау. Қазақ мақал-мәтелдері мен хадистерді тақырып бойынша бір жүйеге келтіре отырып, ондағы мағыналық ұқсастықтарын табу.

Зерттеу тәсілдері: Қазақ халық ауыз әдебиетінің кешегісі мен бүгінгісіне шолу жасалып, кешенді талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының нысаны: Мақал-мәтелдер мен хадистерге ортақ тірек сөздер. Қазақ ауыз әдебиеті жайлы отандық әдебиет зерттеушілері мен дінтанушылардың ғылыми тұрғыдан жазған оқу әдістемелік құралдарын, кітаптарын, интернет басылымдарды, баспасөздерде жарияланған мақалаларды ғылыми тұрғыдан талдап, сараптау – жұмыстың негізгі нысаны.









Аннотация

В научно-исследовательской работе повествуется ценности Ислама и связь с устным народным творчеством и пословицами-поговорками. Работа состоит из вступительной, основной и заключительной частей и содержится использованная литература. Во вступительной части показывается актуальность исследования. Основная часть состоит из трех разделов.
В первом разделе характеризуются виды устного народного творчества и ценности Ислама. Во втором разделе содержится общая связь между народными пословицами и ценностями Ислама. А также в работе анализируется и сравнивается общая сязь и сходства между народными пословицами и ценностями Ислама. В заключительной части характеризуется важная роль пословиц и поговорок на религиозную тему в воспитаний молодого поколения.

Задачи исследования: Раскрыть и сравнить значение пословиц и хадисов.  
Источники исследовательской работы: В качестве исследовательских материалов были взяты религиозные источники, литература, пояснения.
Гипотеза: Если мы обратим внимание на пословицы и слова наших предков, связанные с ценностями Ислама, то мы будем воспитывать будущее поколения духовно – нравственным качествам, сохраним и приумножим историю своей нации, языка, религии и предков. 
Методы исследования: В процессе исследования используются методы собирательные: сравнение, анализ и синтез. 
Теоретическое и практическое значение исследования: Итоги, полученные в процессе исследования, можно использовать при подготовке рефератов, научных трудов. 







Abstract

The research work is narrated values ​​of Islam and the connection with oral folklore and proverbs, sayings. The work consists of an introductory, main and closing parts and contains references.

       In the introductory part is shown the relevance of research. The main part consists of three sections.

The first section describes the types of folklore and values ​​of Islam. The second section provides a common link between people's proverbs and values ​​of Islam. And in general is analyzed and compared syaz and similarities between people's proverbs and values ​​of Islam.

        The final part is characterized by the important role of proverbs and sayings on religious topics in the education of the younger generation.

Research objectives: to discover and compare the value of proverbs and Hadith

Sources of research: as a research material were taken religious sources, literature, explanations, tutorials

Hypothesis: If we pay attention to the sayings and words of our ancestors related to the values ​​of Islam, we will educate future generations of spiritual - moral qualities, preserve and enhance the history of their nation, language, religion and ancestry.

Methods: The study used methods of collecting: comparison, analysis and synthesis. Theoretical and practical significance of the research: The results obtained in the research process can be used in the preparation of abstracts of scientific papers.

[pic] [pic]

Ғылыми жетекші: Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы Үмбетбаева Жадыра

Еңбекшіқазақ ауданы, Қызылжар ауылы О. Жандосов атындағы орта мектептің 9 «А» сынып оқушысы Ербол Аймардың «Қазақ ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің Ислам дініндегі хадистермен үндестігі» тақырыбындағы ғылыми жобасына ғылыми жетекші Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы Үмбетбаева Жадыраның пікірі:

Ербол Аймардың бұл ғылыми жобасы қазақ ауыз әдебиетіндеі діни тақырыптағы мақалдар мен мәтелдерге арналған күрделі мақсат пен міндетті алдына қойған ғылыми ізденіс жұмыс болып табылады. Бұл зерттеу жұмысында бұрын соңды ғылыми негізде қарастырылмаған Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар хадистерінің қазақ мақал - мәтелдеріндегі орны, ұқсастықтары мен ортақ тұстарын, мазмұндық жақтарын салыстыра зерттеуге бастама жасалған. Қазақ – қай дәуірінде де дінін сақтап, Алласын аузынан тастамаған халық. Осыншама кең-байтақ жердің бүгінгі мұрагері боп, бейбітшілік бесігінде тербеп отырғаны Аллаға деген сенімі мен иманында екенінде дау жоқ. Бүгінгі әлем елдері үлгі тұтып отырған еліміздегі дінаралық татулық бейбітшілік пен ауызбірлікті насихаттайтын Ислам дінінің халқымыздың санасына терең ұялағанының айқын дәлелі деуге болады. Қазақ халқы Ислам дінінің асыл құндылықтарын тек қана тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүріне ғана сіңдіріп қойған жоқ. Бүкіл рухани және заттық болмысына сіңіре білген халықтардың бірі. Сондықтан Құран, хадис құндылықтарының біздің әдебиетіміздегі алатын орны айырықша. Әдеби жәдігерлеріміздің қайнары, жазба әдебиетіміздің атасы аталып жүрген қазақ ауыз әдебиетінің де Құран, хадис құндылықтарымен байланысты болуы заңды құбылыс. Сол себепті, бұл ғылыми жұмыста қазақ ауыз әдебиетіндегі мақал- мәтелдердің Құран, хадис құндылықтарынан бастау алуы, дамуы, бүгінгісі мен болашағы, қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі, жан-жақты сараланып, сарапталып, көзқарастар мен ұсыныстар айтылады.

Ғасырлардан - ғасырға , ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан діни құндылықтар мен мақал - мәтелдерді бүгінгі ұрпаққа салыстыра және сабақтастыра отырып жеткізуді көздеген. Қазақ ауыз әдебиетіндегі мақалдар мен мәтелдер арасынан діни тақырыптағы мақалдар мен мәтелдерді іріктеп теріп, жинақтап, оларды талдап; Ислам діні құндылықтарымен байланысын анықтап өскелең ұрпақты тәрбиелеуді мақсат еткен. 

Ғылыми жұмысты оқи отырып, оқушының  «Қазақ ауыз әдебиетіндегі мақал – мәтелдердің Ислам дініндегі хадистермен үндестігі» тақырыбындағы  ғылыми жобаны  байқауға ұсынуға болады.





































26