Шеберлік сабағы. Тақырыбы: 1 МАМЫР - БІРЛІК КҮНІ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

Кабдолдинова Еркежан Сериковна

Өскемен қаласы

«№ 1 орта мектебі» КММ

Тақырыбы:

1-МАМЫР -ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ.


Мақсаты:


  1. Ұлтаралық татулық пен тұрақтылық феномені- Қазақстан халықтары Ассамблеясы туралы , қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық туралы түсініктерді талдау. Еліміздің өсіп - өркендеуіне қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу.

  2. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиеленеді.

  3. Жауапкершіліктерін арттырады.


Күтілетін нәтиже:


  • Тақырып аясында толық талдайды; түсінеді, рефлексия жасайды;

  • Топта бірлескен әрекет нәтижеге бағытталады;

  • Өзара ынтымақтастықты жұмыс жасап, жауапкершіліктері артады;

Көрнекіліктер:

Постер, түрлі-түсті маркерлер, үлестірме  ресурстар қағаздар, интерактивті тақта, слайд-презентация, стикерлер, қайшы,желім, топ ережелері, «Ынтымақ ағашы»

Әдіс-тәсілдері :

Топтық, ұжымдық жұмыс,АКТ, СТО, диалог 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал:

Танысу тренингі.

Мысалы: Мен-Еркежанмын. Өскемен қаласынан келдім.





1-топ:


2-топ:


3-топ:


4-топ:


5-топ:

Қосымша № 1

Топқа бөлу:

Әр қатысушы қолдарына бір-бір мақалдың сөздерін алады. Өзге қатысушылармен араласып жүріп, өз мақалын құрау арқылы, тобына табады.










Осылайша топқа бөлініп отырады.

  • Сіздерді қандай мақал-мәтел біріктірді?

  • Ендеше, топ ережелерін құрып алайық.

Топтың

«7 қасиетті» ережелері:

  1. Тәртіп, тыныштық

  2. Өзара сыйластық

  3. Уақытты тиімді пайдалану

  4. Көмектесу, көмек көрсету

  5. Өз көзқарасыңды білдіру

  6. Топ жұмысына белесен араласу

  7. Ортақ шешімге келу

Ой қозғау

Слайд көрсетіледі

  • Нені тамашаладық?

  • Сабағымыздың тақырыбы мен мақсатын анықтауға бола ма?

Мәтінді талдау:

Қосымша № 2


«Аквариум» әдісі


  • Әр қатысушыға «1-мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күні» тақырыбында мәтін таратылады.

  • Әр қатысушы өзіне жұп таңдап алып, ортаға шығулары сұралады. Екі шеңбер болып ортаға тұрады.

балықтар

жақтаулары

  • Балықтар мәтінді талдауды бастайды, 2 минут өткен соң ауысады.

«Кезбе тілші»

Әр топ бір-бір тілшісін сайлайды. Тақырып аясында, қорытындылау мақсатында 2 сұрақтан тілші ретінде қойып шығады.

  • Әдетте, тілші сұрақ қоюды қалай бастайды?

Сергіту сәті

Әр қатысушы өз орындықтарымен ортаға келеді. Шеңбер құрып отырады. Әр ұлттың ұлттық тағамдарының атауларымен ұйымдастырылады.

Өзбек –палау.

Қазақ –бешбармақ.

Орыс –борщ.

Татар –бәліш.

Түрік –дөнер

  • Қай тағам аталса сол тағамды алған қатысушы орындарын ауыстырады.

  • «Бәрі» дегенде бәрі орын ауыстырулары қажет.


Топтарға

бекіту тапсырмалары:


Қосымша № 3






Формативті бағалау жүзеге асырылады.

1-топ: Мәтінге постер құру.

2-топ: «Бірлік, достық» тақырыбына коллаж жасау.

3-топ: Өлең құрастыру.

Бірлік керек, бірлік керек ағайын!

Елдің басын біріктірер әрдайым.

............................................................,

............................................................. .

4-топ: «Ынтымағы жарасқан елміз» тақырыбында эссе жазу

5-топ: «Татулық, бірлік» тақырыбына шағын көрініс көрсету.

1-топты - 2-топ шапалақ арқылы

2-топты - 3-топ мимика арқылы

3-топты - 4-топ бес балдық жүйе арқылы

4-топты - 5-топ бес бармақ арқылы

5-топты - 1-топ сөз арқылы

  • Мұғалім сабаққа өз бағасы береді. «Та-ма-ша!»


Ой сергіту картасы

Қосымша № 4


1-топ: «Білемін, білмеймін»

2-топ: «Иә, жоқ»

3-топ: «Дұрыс, бұрыс»

4-топ: «Сенемін, сенбеймін»

5-топ: «Шын, өтірік»

Рефлексия

  • «Қарлы кесек» ойыны арқылы жүзеге асырылады.

  • Ақ парақтарына бүгінгі тақырып аясында бір сұрақ жазып, бір-біріне лақтырады.

  • Белгі болғанда, бір қарды тауып алады. Сұрағына жауап береді.

Қорытынды рефлексия

«Ынтымақ ағашы»

  • Стикерге бүгінгі сабаққа дейінгі әсері мен сабақтан кейінгі әсерлерін жазады.

  • Ойларын ортаға салады

  • Сіздермен сабақ сәтті өтті. Рахмет!





































ҚОСЫМША № 1





4-адамнан 5 топқа (20 адамға)


  1. Ынтымақ болмай іс оңбас.

  2. Теңге тиыннан,

Ынтымақ ұйымнан.

  1. Көппен көрген - ұлы той.

  2. Берекелі жерден мереке кетпес.

  3. Бес бармақ жиналса — жұдырық.





5-адамнан 5 топқа (25 адамға)


  1. Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

  2. Байлық байлық емес, бірлік байлық.

  3. Бірлік бар жерде тірлік бар.

  4. Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда.

  5. Теңге- тиыннан, ынтымақ- ұйымнан құрылады.









ҚОСЫМША № 2

1-МАМЫР -ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ. [pic]


1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған,ұлтаралық татулық пен тұрақтылық феномені- Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамдлея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етеді. [pic]

Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелер қатарында ерекше көрсетіліп кеткен бағыттың бірі- Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты «Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру» мәселесі. Бағытты бұлай аталуының өзі өзіндік этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган болып табылатындығын көрсетеді.

Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты.

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптарсырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған қазіргі мол тәжірибе этносаралық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде.

ҚОСЫМША № 3



3-топ: Өлең құрастыру.



Бірлік керек, бірлік керек ағайын!

Елдің басын біріктірер әрдайым.

............................................................,

............................................................. .





Бірлік керек, бірлік керек ағайын!

Елдің басын біріктірер әрдайым.

.............................................................,

.............................................................. .





















ҚОСЫМША № 4

Карта: «Сенемін, сенбеймін»

Карта: «Білемін, білмеймін»

Пікір

«Білемін»

«Білмеймін»

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелер қатарында ерекше көрсетіліп кеткен бағыттың бірі- Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайту болды.



Қазақстан-ортақ үйіміз.



Қазақстанда табиғаты ғажап жерлер өте көп.





Карта: «Келісемін, келіспеймін»





Карта: «Шын, өтірік»



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауы: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталды.



Мемлекеттік тіл-орыс тілі.





Карта: «Дұрыс, бұрыс»