“Татулығы жарасқан,біз бақытты баламыз”
Оканова А.С
2016ж.
Зал іші әдемі безендірілген. Балалар қолдарына шар ұстап музыка әуенімен кіреді.
Жүргізуші:1-мамыр Қазақстан халықтарының ынтымақ,бірлік, достық мерекесі. Қазақстанда жүзден аса ұлттар мен ұлыстар тұрады.Олардың барлығы еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр.
Аялаған шұғыла нұр.
Қалап жатыр қырама гүл.
Тыныштықтың тілеулесі,
Ынтымақтың туы- Мамыр!!
Құрметті қонақтар,балалар сіздерді 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
-Балалар біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?
- 1-мамыр ынтымақ,бірлік,достық мерекесін тойлап жатырмыз.
- Балалар Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
- Өзбектер,татарлар,корейлер,орыстар,түріктер,қырғыздар, грузиндер,башқұрттар т.б.
-Ынтымық деген сөзді қалай түсінесіндер?
-Адамдар бір-бірімен тату болу керек,ынтымақты өмір сүру керек. Әрқашанда бейбітшілік болсын.
- Сендер достық,бірлік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мақал-мәтелдер:
Бірлік болмай-тірлік болмас.
Бірлік түбі береке.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Досына достық-қарыз іс.
Елменен ел достастық
Ғасыры туды адамның.
Жүргізуші: Тілек бөлек болғанымен,тілек бір.
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл! Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ. Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр деп
“Бір шаңырақ астында”- деген өленің тыңдаңыздар.
Бір шаңырақ астында
Тату- тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Ортақ болып ісіміз,
Еңбек десе тынбаймыз.
Үлкен сыйлап кішіміз,
Аға ақылын тыңдаймыз,
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз
Қалаған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз!
Жүргізуші:Қазақстанның көп ұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық балалар! Ортаға мың бұралған бишілерімізді шақырайық.
Би: “Қазақ биі”
Жүргізуші:Сүттей ұйып түр дүние
Жұлынбасын бір гүлі де,
Халықтардың бірлігіне.
Осындай кең байтақ елімізде барлығымыз бір ананың баласындай өмір сүріп жатырмыз.Сол үшінде барлығымыз татту тәтті болып,көркейген елімізде жасай берейік.Ендеше “Ана туралы” ән қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Шаттықтарға шаттық болсын нұрлы күн.
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам,ұлттардың
Мақтан қылып,ұлыстардың бірлігін.
Би: “Түрік биі”
Жүргізуші: Серт берісің,туыс болып қалуға.
Барлығында аман жеттік дамуға
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда
Қазақтың қонақ жайлы екенің білдіріп.
“Дастархан” әнін қабыл алыңыз.
Жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш,жұрт аман.Осы берекеміз бұзылмасын ешқашан.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнылмас достыққа сыза түспесе екен деп тілейміз.Олай болса “Әрқашан күн сөнбесін” ән шумағын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Қуаныштан желпей дейді
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін.
Халқым мәңгі ғұмыр кешіп бақытты.
Бір тамырмен байлап қалған кіндігін.
Осымен “Татулығы жарасқан,біз бақытты баламыз”- атты тематикалық сабағымыз аяқталды.