Сабақтың тақырыбы: «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз».
Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, буклет, плакат, суреттер т .б.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдарстыру кезеңі.
Әнұран орындалады. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Осы қам майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағызым етейік. Олардың ерліктерін әрқашан есте сақтайық.
1-жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында.
Жеңістің міне 70- көктемі де келіп жетті.
70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
Жыл - шуақты күн таратты әнін.
70 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
2-жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 70жылдығына орай «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» атты мерекелік кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің -айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
2-жүргізуші: XX ғасырдағы ең бір қанды қасірет қайсы десек, ол – Екінші дүниежүзілік соғыс еді. Себебі оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты, майданға 61 мемелекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 110 миллион адам қолына қару алды.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері КСРО-ға, соның ішінде батыс шекараларына ене бастады. Ең алдымен, жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды, ол жоспар бойынша КСРО-ны 3-4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақшы болды.
1-жүргізуші: Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді...
Елге қатер төнді. Ел үстіне найзағай, қара бұлт қабағы түйілді. Бейбіт халықтың денесі жаралы.
1-жүргізуші:
Бейбіт күнге 70 жас болыпты,
Бейбіт күндер әлемге нұр төгіпті.
Содан бері ашық аспан астында
Гүл-гүл жайнап, ұрпақ еркін өсіпті.
2-жүргізуші: «Тастанды күйі»
[pic]
1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен, ата – бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, еске алып, әруақтарына бас иеміз.
2-жүргізуші: Екі дүние айқасты, майдандасқан алаңда.
Фашистерді шайқаста
Езгіледік табанда.
Бейбітшілік орнаттық.
Күн ортақ барлық адамға.
Ән: Бейбітшілік әні «Ақ көгершін»
[pic]
1-жүргізуші:
Ер есімі – ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер – азаматтар естен мәңгі шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.
Би: Қара жорға
2-жүргізуші: Қақ жүрегім, дүрсіліңді ұлғайт сен,
Жеңісіңді бар әлемге, Күнге айт сен.
Не десең де, сенің сөзің қуатты.
Күнім сөйле, тағы да сөйлей түс таңым.
Қаптап көкке абырой мен баққұсың.
Самға, самғай бер менің Қазақстаным
1-жүргізуші: Күн көзін бұлт баспасын,
Енді соғыс болмасын.
Қабаққа қайғы қонбасын
Жер бетін өрт шалмасын,
Әр күні бейбіт таң оятып,
Күле берсін балалар!
[pic]
Көркем сөз:
Сайран:
Бабаларым қанша жеңіс сыйлады,
Сол жеңістің қаншасы болды құрбаны.
Барымызды құрметтейік қастерлеп,
Жоғалтпайық асылдарды қолдағы.
70 жыл толыпты - Ұлы жеңіске,
Қастерлесек бітік шығар егіс те.
Біз ғасырлардың көгерер дәніміз,
Бейіт өмір мәңгі айтар әніміз!!!
Диана: Оқ борады күні-түні. /
Жапты жерді от қарып
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ Тоқтаров.
Туын жықпай қолдағы
Өжет болды елі үшін
Кеудесімен қорғады
Ар намысын елі
Жансая: Отанға жаулар қаптады.
Опасыз жаулар тапталды
Қасиетті жер үшін
Қастерлеп батыр елі үшін.
Әлия, Мәншүк, Төлеген,
Жаулардың көзін жойды олар.
Рамазан: Арылтып жерден жауымды
Табанға жантып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді
Десеңдер бұл қай күні? - 9 май күні!
Кептерлер қалқып көкте ойнап,
Қызыл ту шалқып, көк байлап
Мәре- сәре мәз - мейрам,
Отанымыз той тойлап.
Десеңдер бүл қай күні? - 9 май күні!
Қалдыгүл: Ән ойнаған, күн күлген.
Орыс, қазақ, немісін де
Сөйлеседі бір тілмен.
Бейбітшілік, Ақ нан,
Ана Бала деген сөздерді
Жырға бөлеп, жанға балап
Айтатуғын кез келді.
Жеңіс, Жеңіс - Бабамыздың
Қызыл қаны төгілген.
Кеше туған және біздің
Бағымыз боп көрінген.
Жеңіс- Жеңіс - Мектебіміз
Ашқан бізге есігін
Ұмытылмас өткеніміз,
Батырлардың есімі.
Еске ап ауыр жылдарды өткен
Шомады ойға жүзін бір,
Диана:Жеңіс - менің Әлия әпкем,
Мәншүк әпкем - қызыл гүл.
Жеңіс үнін тамсан жұтып,
Ерлік заңы - ауыр заң.
Жеңіс - біздің Маршал Жуков,
Жеңіс - батыр Бауыржан.
Қия шыңға өрмелендер,
Болашаққа батыл бар!
Жеңіс - деген ерен ерлер,
Мәңгі өлмейтін батырлар!
Әсем әндей, қоңыр күйдей
Жылдан - жылға жаңғырып,
Жаса, жеңіс - ел ерлігі,
Сен жасай бер мәңгілік
Хор: Атамекен
[pic]
2-жүргізуші: Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қазатапқандарды ел әруақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Отанымыздың даңқы – ерлікпен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескенерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қалабермек.
Қорытынды. Мұғалім. Жеңіс күні ол қалай келді? 1945 жылдың 30 –шы сәуірінде Рейхстаг үстінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов тіккен Жеңіс туы желбіреді. Жеңіс туы алғашқы болып қадаған әкелер ерлігін мақтана, шаттана, мерейлене айтамыз. Соғыс үмітсіз жесірлік пен балалардың жетімдігін әкелді. Соғыстан кейін бірнеше қалаларда фашизм құрбандарына ескерткіштер орнатылды. Біз неміс басқыншыларының баса көктеп кіріп, жасаған қылықтарын ешқашан ұмытпаймыз.
Отандарынды сүйіп, қастерлей біліңдер! Ата – баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Ел жұртымыз аман, берекелі заман болсын, балалар! Жақсы оқып, ілтипатты, тәрбиелі, Отанын сүйетін, нағыз азамат болып өсе беріңдер!
[pic]
Б [pic] [pic] .Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
Тақырыбы:
[pic]
[pic]
Сынып жетекшісі: Жакупова Асем Маликовна
Ұлан басшысы: Какимбекова Диана Бексұлтанқызы