Сынып сағаты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-1 Заңы

(2009.08.12. берілген [link] қара)

17-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға дейiн жазаланады.

3-тарау. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың

зардаптарын жою

18-бап. Заңсыз алынған мүлiктi немесе заңсыз көрсетiлген қызметтiң құнын өндiрiп алу

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде негiзсiз байыған жағдайлардың бәрiнде заңсыз алынған мүлiк мемлекет кiрiсiне жатқызылуға ал заңсыз көрсетiлген қызмет құны мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынуға тиiс.

2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызмет құнын төлеуден бас тартылған жағдайда прокурордың, салық қызметiнiң не оған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талабы бойынша соттың шешiмiмен мемлекеттiң кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Аталған органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкке сот шешiм шығарғанға дейiн тыйым салады.

3. Егер мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адам немесе оған теңестiрiлген адам жасалған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшiн қызметiнен босатылғаннан, тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей босатылғаннан кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша салық органына заңсыз алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.

19-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану және актiлер мен iс-әрекеттердiң күшiн жою

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасасқан мәмiлелердi сот заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп таниды. Тиiстi актiлердi қабылдауға немесе тоқтатуға уәкiлеттiк берiлген органдар немесе лауазымды адамдар, немесе мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың, немесе прокурордың талап етуi бойынша сот сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған актiлердiң, iс-әрекеттердiң күшiн жоюы мүмкiн.

4-тарау. Қорытынды ережелер

20-бап. Қолданылып жүрген заңдарды қолдану

Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде оған сәйкес келтiруге тиiс.