«Жас информатиктер» сайысы
Қатысушылар: 7-8 сынып оқушылары.
Түрі: сыныптан тыс сайыс-сабақ
Мақсаты
Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мультимедиялық құралдар, сайыс бойынша дайындалған слайдтар, ДК, таратпа тапсырма.
Сайыстың жоспары:
1-кезең. Таныстыру.
2-кезең. Ойлан, тап!
3-кезең. Полиглот.
4-кезең. Кім жылдам?
5-кезең. Венгр сөзжұмбағы.
6-кезең. Ауыстырмақ.
Марапаттау.
Сайыстың барысы:
1-кезең. Таныстыру.
Мұғалім:
Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.
Технология дамып жатыр күнбе-күн,
Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!
Осылайша сайысымызды бастаймыз!
Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар, және қонақтар! Бүгінгі біздің «Жас информатиктер» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер. 1-ші топ «Vista», 2-ші топ «Windows».
-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық.
Бүгінгі сайысымыз 6-кезеңнен тұрады.
1-кезең. Таныстыру
2-кезең. Ойлан, тап!
3-кезең. Полиглот
4-кезең. Кім жылдам?
5-кезең. Венгр сөзжұмбағы.
6-кезең. Ауыстырмақ
Әр кезең біткен соң дұрыс жауабына жетон берледі
1-кезең. Таныстыру.
Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, бірінші кезең таныстыруды бастаймыз. Сөз кезегі «Vista» тобында. Келесі «Windows» тобы өзін таныстыруда!
Бірінші кезең бойынша топтар жетон алады.
2-кезең. Ойлан, тап!
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну-дей отырып «Ойлан, тап!» атты 2-кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде әрбір топқа информатика саласы бойынша 15 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 1 жетон. Экранға назар аударамыз,әр сұрақтың 5 жауабы келесі фигураларда жазылған, егер жауаптарыңыз дұрыс болса фигура жасыл түске, қате болса қызыл түске боялады. Олай болса экранға назар аударыңыздар.
Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы (Ақпарат).
Ресейде XVI-XVII ғасырда пайда болған есептеуіш құрал (Есепшот).
Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды қалай атайды (Кодтау).
Paint графикалық редакторында неше құрал пайдалануға болады? (16)
Microsoft Word қандай редактор? (Мәтіндік)
[pic]
Көрінетін бейнелер мен символдар арқылы берілетін ақпарат түрі? (Визуалды)
Графикалық редакторды табыңыз? (Paint)
Сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі. (Санау жүйесі)
Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою. (Мәтінді форматтау)
“Қосу машинасын” ойлап тапқан ғалым? (Блез Паскаль)
Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. (Excel)
1 Мбайтта неше Кбайт бар?
[pic]
3-кезең. Полиглот.
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар - дей келе біз «Полиглот» 3-кезеңімізді бастаймыз. Әр дұрыс жауабы 1 жетон алады.
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Біз «Кім жылдам» атты 4-кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде әр топтан 1 оқушыдан шығып, ортадағы компьютерлерде менің қолымда тұрған «Достық» тақырыбындағы мәтінді қатесіз, әрі суретпен әдемілеп теру керек. Жылдам әрі қатесіз терген топқа 1 жетон беріледі.
[pic]
5-кезең. Венгр сөзжұмбағы.
Бұл кезенде оқушылар кестеде жасырынған сөздерді табу керек. Кімде ең көп сөз шешілсе 1 жетон ұтады.
6-кезең. Ауыстырмақ.
Бұлкезеңде сөзде әріптердің орны ауытырылып жазылған әріптерді орындарына қойындар.
Марапаттау.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір сайыс болды
Білімдірек шәкірт озып
Қиынырақ тапсырма болды-дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Әділ қазы алқасына сөз берейік.