5- сынып Пәні: әдебиет Мұғалімі: Қасымғалиқызы Лаура
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев "Ана" өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Қадыр Мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау;
Ақынның «Ана» өлеңінің мазмұнын аша отырып, оқушылардың анаға деген мейірімін, сезімін ояту;
Эстетикалық бағалау қабілетін дамыта отырып, тиянақты, жүйелі сөйлей білуге баулу, ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың амал-тәсілдері: 1. Баяндау әңгімелеу; 2. сұрақ-жауап;
Пәнаралық байланыс: сурет, тарих
Сабақтың көрнекіліктері: слайд, қима қағаздар, кестелер, маркерлер, флипчарттар
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, түгендеу;
ә) Сынып тазалығына мән беру;
б) Оқушылардың дайындығын тексеру;
Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушыларға дайындап келген суреттерін қорғату;
Кітаптан үзінді тауып оқу;
1.Күреңбайдың Құлагерді сынауы;
2.Ақан серінің Құлагерді ақырғы бәйгеге шығарып салуы;
3.Құлагер мен Ақанның қоштасқан сәті;
Жаңа тақырып.
Жаңа тақырыптың мақсатымен таныстыру;
Слайд ашылып, ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалынады.
"Ана" тақырыбында кішігірім бейне таспа көрсетіледі.
-Оқушылар, ана сөзінде қаншама сезім мен мағына жатыр десеңдерші. Ана - әрқашан мақтан тұтатын адам. Ана бізге махаббат пен мейірім сыйлайды.
Топтастыру стратегиясы.
мейірім шапағат тәрбие
қамқорлық Ана өмі
жылылық махаббат ақыл
Оқушыларды Қ.Мырзалиевтің "Ана" өлеңімен таныстыру. Мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу;
Дәптермен жұмыс.
Негізгі ой
Неге? Дәлелде!
Ақын бойында қуаныш
Себебі, "Өзің бар деп қуандым" деген жолдарында ақын анасының жанынан табылғанына бақытты
Сергіту сәті.
- Балалар, өздерің ана тақырыбында мақал-мәтелдерді білесіңдер ме? Қане, айтып көрейікші.
Тіл дамыту минуты.
Берілген сөздер бойынша өз ойларын жеткізу;
- Сонымен, бүгінгі тақырыптан не білдік?
1.Қ.Мырзалиев кім? Қазақтың ақиық ақыны
2.Қай жылы дүниеге келді? 1935 жылы
3.Қандай жинағы бар екен? "Көктем"
Бүгінгі тақырыпты қорытындылау мақсатында кесте бойынша өз ойымызды жеткізіп көрейік.
Қ.Мырзалиев айтады Халық айтады
Мен айтамын
Өмір-анадан басталады
Ана-өмір,
ана- сенім
Біз өмірді ана тәрбиесі арқылы танып білеміз
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Өлеңдегі негізгі идеяны басқа шығармамен салыстыру.
Бағалау.
Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы
Сабақтың тақырыбы:
Қ. Мырзалиев. «Ана» өлеңі
Пәні: қазақ әдебиеті
Мұғалімі: Қасымғалиқызы Л.
Астана, 2015ж