Қазақ халқының ырым- тыйымдары
Қазақ халқы бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым – тыйымдарын , салт – дәстүрін ерекше сақтаған. Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын әрекет. Ал, тыйым рәсімдері жас ұрпақты , үлкендерді сыйлауға , табиғатты қорғауға, әдепті болуға , қарапайымдылыққа , инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың әдет – ғұрпын , салт- санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу – әрбір перзенттің борышы . Ол – мәдениеттің белгісі.
Берілген тыйым сөздерді толықтыру.
Дастарқанды ------------------баспа. (тамақты)
Үйді айнала ----------------------жүгірме.
Тізеңді ------------------құшақтама
Құстың ------------------бұзба (ұясын)
Жұрт көзінше ----------------кекірме , керілме.
Қазақ ырымдары:
Ит ұлыса, жамандық болады.
Баланың желкесінен сүйсе, қырсық болады.
Қазақ үйіне келген адамға дәм таттырып шығарады.
Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды , т.б.
Тыйым сөздер:
Босағаны керме , құшақтама.
Жұлдызды , адамды санама .
Тұзды , күлді шашпа.
Бейуақытта жылама, ұйықтама .
Жағыңды таянба т.б.
1) Балаға ми жеуге болмайды - мидай былжыр, ынжық болады. Жас балаға бұғана қабырғасын бермеген - бойы өспей қалады деп ырымдаған. Омыртқаның жұлынын жегізбеген - суға келіп қалады деген жаман ырым бар. Қойды аттама - ол киелі мал. Меккеге барған.
2) Бос бесікті тербетпе - балалы болмайсың деген жаман ырым бар. Қазанның, ыдыстың түбін тырнақпен қыруға болмайды - төрт түліктің желініне шығу шығады. Ыдыстағы суға аузыңды малма - себебі сол ыдыстағы су арам болады. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты талап еткен.
3) Қамшыны бейсауат қамшылама - мал шетінейді. Малдың желінген басын түнде лақтырма - түнде далаға лақтырса малдың ырысы кетеді деп ырымдайды.
4) Бетіңді баспа - қайғылы адам бетін басады.
5) Мойныңа белбеу салма - буыншақ ауруына ұшырайсың. Тұзды баспа - астың иманы, төресі деп киелі санады. Отқа түкірме - сол үйдің оты сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды.
6) Жатқан кісіні аттама - талай киелі, қасиетті адамдар болған олар кеселге, бақытсыздыққа ұшырайды деп тыйым салған. Бақан, құрын аттама. Бақанмен шаңырақ көтереді, құрықпен жылқыны ұстайды.
Бақан үйдің тірегі болғандықтан, ал құрық тіршіліктегі құрал.
Бір сөзбен айтқанда салауаттылық, білімділік жеке адам үшін емес, ел тағдыры, ұлттың, заман тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес. Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады. Хадық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан.
1. Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе - бұлар жаман әдеттер. Ертеде кісісі өлген үйдің ерлері таяққа сүйеніп, әйел адамдар бүйірін таянып жоқтау айтқан.
2. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. Біріміздің өміріміз бірімізбен тікелей байланысты деп оларға зәбір көрсетілмеген. Көзіне ақ түскен адамға құмырсқаның илеуін тауып, жем егіп басына қойған. Сонда көзден ақ шел кетіп қалған.
3. Үйге қарай жүгірме. Тосын жағдай болғанда жаман хабар келгенде үйге қарай жүгірген. Осы айтылған тыйым сөздерді - ырымдарды ұмытпай бір - бірлеріңе айтып жүріңдер және оларды орындап жүруді әдетке айналдырыңдар.
Қорытынды: Қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындау – әр перзенттің борышы. Ендеше , асыл қазынамыздың құндылығын арттыра берейік! деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз!