Тәрбие сағ.тақырыбы: «Мен елімнің патриотымын!»
Мақсаты: 1. Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел
екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,
махаббат сезімін ояту;
2. Отанын, туған жерін қорғай білуге, оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін
көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Елбасы суреті, рәміздер суреттері, қанатты сөздер, формат, маркер
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен амандасу)
II. . Ой қозғау (Қазақстан жайлы не білеміз?) оқушылар ойын тыңдау
III. Қазіргі кездегі Қазақстан (сипаттама)
IV. Сандар мен деректер
V. «ҚАЗАҚСТАН» сөзтізбек жүргізу
VI. «Сүйіспеншілікке толы Қазақстан», «Мен елімнің ертеңімін» постер
VII. «Бір түйін- бір сөз – бір патриот» қорытынды ой жазу
Кріспе сөз:
1-мұғалім: Оқушылар бүгінгі 1-қыркүйек Білім күні құтты болсын!
Оқу жылының алғашқы күні сіздермен өткізгелі отқан тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен елімнің патриотымын» деп аталады. Ендеше тәрбие сағатымызды бастайық.
2-мұғалім: Отан деген не? «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз,оны бала кезімізден білеміз.Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Туған –туысқандарымен, отандастарымен бірге тұратын ата-мекені.
Қазақстан Республикасы –ұлан –байтақ ,қуатты ел.Жер қойнауында да,жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол.Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы шақырым.Онда 120 ұлт өкілдерінен 17 млн халық тұрады.Әкімшілік –аумақтық жағынан Қазақстан 14 облысқа,160 ауданға бөлінеді.Конституция бойынша мемлекет басшысы және ең жоғары лауазым иесі –Президент.
Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері –Елтаңба ,Туы және Әнұраны бар. Бүгінгі біздің ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекет құрып Қазақстан Республикасы атанып, көк байрағымыз желбіреп, әлемге әйгілі болуымыздың өзі - - 25жыл толып отқан Тәуелсіздіктің арқасы. Конститутция –кемел келешектің кепілі. Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2014-тің 7 әлеуметтік басты жобасы, 10 сенсациясы, экономиканы дамыту бойынша 7 стратегиялық қадам, әлеуметтік дамудың 7 стратегиялық қадамынан тұрады.
Елбасы Жолдауының маңыздылығы сонда, бұл құжатта еліміздің болашақ бағыт -бағдары айқындалып,"Қазақстан -2050 " Стартегиясының жүзеге асу барысы белгіленді.
Бұл Жолдаудың тағы бір тарихи мәні "Мәңгілік Ел" болу ұлттық идея ретінде нық бекітілді.
Бір мақсат - бұл "Мәңгілік Елді" нығайту, біздің Отанымыз Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!
Бір мүдде - бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!
Бір болашақ - бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының өркендеуі!
[pic]
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.
Қазақ елінің тарихы тереңнен бастау алған , шежіресіне ой жетпес ,осындай азат елдің перзенті болып отырған біздер , осы елдің патриоттарымыз.
Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойынды болу керек:
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Ой қозғау (Қазақстан жайлы не білеміз?) оқушылар ойын тыңдау
2. Қазіргі кездегі Қазақстан (сипаттама)
Оқушылардан Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы, ахуалы, жағдайы туралы сұралады. Әр оқушының алдағы уақытта Қазақстанды өзгертудегі ұсыныстары сұралады.
3.Сандар мен деректер (жылдарға мәлімет беру) Тақтада ілінген жылдарды сөйлетеді. Әр жылдың тарихи маңызына тоқталады.
1991 ж желтоқсан , 1991ж маусым , 1993 ж, 1995 ж , 1992 ж, 1940ж 2014ж 2016ж
4. «ҚАЗАҚСТАН» сөзтізбек жүргізу
Қ----
А----
З----
А----
Қ----
С----
Т ---
А---
Н----
5. «Сүйіспеншілікке толы Қазақстан», «Мен елімнің ертеңімін» тақырыбында постер құру
Дөңгелене отқан оқушыларды 2 топқа біріктіріп, берілген тақырыптар бойынша ой ойларын ортаға салып, суреттеп бейнелей отырып, постер қорғайды.
6. «Бір түйін- бір сөз – бір патриот» қорытынды ой жазу
Оқушылар стикерлер тарата отырып, қорытынды ойын жеткізеді.
III. Қорытынды
1-мұғалім. Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.
Туған жерге деген ыстық сезім;
Ата- баба өсиетіне адал болу;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
Ана тіліне деген құрмет;
Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
Елдің тарихын құрметтеу;
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
Заңға бағыну;
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;
Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.
2-мұғалім: «Бірлік болса ,тірлік болады» дегендей,еліміздің бұл дағдарыстан үлкен сабақ алып,дами түсетініне кіміл сенеміз.Сабағымыздың соңын Елбасының «Елдің ұлы болсаң, Еліне жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де, елдің де иесі екніңді ұмытпа»!-деген сөзімен аяқтағым келеді.