ТАҚЫРЫБЫ: « Бастауышым - балбұлағым»
Мақсаты: оқушылардың бастауышта оқып үйренгендерін қорытып тиянақтау; өз өнерлерін көрсете отырып эстетикалық талғамдарын, әсемдік пен әдептілік, ізеттіліктерін байқату; оқушылардың өзін-өзі басқару қабілеттерін тексеру.
Жоспар:
1.Сыныпқа сипаттама
1.Әліппемен аштым өмір есігін.
2.Арнау. Қалдырған ізін мәңгілік,
жадымда тұрар жаңғырып.
3. Сабақтың кейбір сәтінде.
4.Тәрбие сағатынан алған тәліміміз көп.
5.Алдыңызда бас иеміз ерекше бір құрметпен.
6.Өнерлі өрге жүзер.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін! Атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Қадамдарыңызға нұр жаусын! Алдарыңызға 4 сыныппен қоштасқалы отырған кеше ғана мектеп табалдырығын тәй-тәй басып аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді, міне бойлары да, ойлары да өсіп, әріп таныған, бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғары сыныпқа қадам басқалы тұр.
«Бүгінгі менің көгершіндерім, болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге самғаңдар» деген тілекпен ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.
жүргізуші
Ағайын жұрт ардақты, армысыздар
Бәріңізде есен-сау бармысыздар.
Көрермен куә болсын бастауышқа,
Болашақ шәкірттердің жалғасы бар.
жүргізуші
Мектеп, мектеп, бақытқа толды үйің,
Ұша білсек болмас-ау, қону қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
жүргізуші
Армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер.
Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2-жүргізуші
Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен аяулы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Жүргізуші
І бөлім Сыныпқа сипаттама
Биылғы бастауышпен қоштасқалы отырған жас түлектерді ортаға шақырайық.
1-жүргізуші
Өнер қуған жасынан,
Сөз асырмас басынан.
Намысқой біздің Елжан дос,
Табылар дос қасыңнан.
2-жүргізуші
Бастауыштың түлегі
Ел деп соққан жүрегі
«май» қызметкері болам деп
Ерхан біздің жүреді.
1-жүргізуші
Келеді сонау қашықтан.
Мектепке әркез асыққан.
Нұрболат біздің ақкөңіл,
Көңілі дария тасытқан.
2-жүргізуші
Күні бойы тынбаған,
Үлкендерді сыйлаған,
Сабырлы біздің Нұржан да,
Ұқыптылыққа бойлаған.
1-жүргізуші
Білімді, алғыр жан-жақты
Қызымыз бар сымбатты.
Әмина біздің әрқашан.
Досымыз болар қымбатты.
2-жүргізуші
Әдепті ол сақтайды,
Әділетті жақтайды.
Бақдаулетті апайлар,
«Тәртіпті» деп мақтайды.
1-жүргізуші
Ертеңгі күнін ойлайтын,
Бес алам деп қалмайтын,
Аршыл біздің Нұртілек.,
Жалқаулыққа бармайтын.
2-жүргізуші
Жыр оқып, тарихын ол танытқан,
Кітап оқып, білімінде дамытқан.
Әсет біздің сыныбыздың озаты.
Білімін ол болаттай ғып қорытқан.
1-жүргізуші
Түлектер, айтар сөзім, тілегім бар,
Көп жинап білім деген тірегіңді ал.
Алтай сенің көңілің ақ, жүзің жылы,
Кен дархан сәбидей пәк жүрегің бар.
2-жүргізуші
Әдебиетті ұнатады,
Қыздарды кейде жылатады.
Дулат біздің әрқашан.
Күлдіреді және қуантады.
1-жүргізуші
Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де баланың
Деп жүр біздің Гүлнұр-ай
«Өзім емдеп жазамын»
[pic] [pic]
2-жүргізуші
Білімімен үлгі болған сыныпқа,
Отырмайды ойланбастан тынып та,
Бағдат біздің өнегелі, өнерлі.
Арасында достарының беделді.
1-жүргізуші
Бойында алаулаған жалын
Жақсылық толғандырған жанын.
Нұрберген математик бала біздің
Ойлауменен жүреді сынып қамын.
2-жүргізуші
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын.
ІІ бөлім
«Әліппемен аштым өмір есігін» деп аталады.
Слайд арқылы бірінші сынып кезі көрсетіледі.
жүргізуші
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-жүргізуші
Келешек қой осылар, барға шүкір,
Алдарында үлкен-үлкен тарау жол тұр,
Жүректері лүпілдеп тебіреніп,
Бесінші сыныпқа аяқ басқалы тұр.
жүргізуші
Қасым Аманжолов ағамыз «Мектеп – кеме, білім- теңіз» деп тектен-текке айтпаған-ау сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулдесі болса, ол-мұғалімнің еңбегі.
2-жүргізуші
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан алғашқы ұстазымызға
Хормен: Мың алғыс.
1-жүргізуші
Біз нені сүйеміз?
1-оқушы
Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты.
2-жүргізуші
Біз нені ажырата білеміз?
2-оқушы
Жақсмылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны.
1-жүргізуші
Біз кім боламыз?
Хормен: адал азамат, оқымысты ғалым, елін сүйетін нағыз адам.
3-оқушы
Шыбықтай едік 6-дан жаңа асқанда,
Бірінші сынып есігін жаңа ашқанда
оқушы
«Ботам» деген сөзді ғана білуші едік,
«Атан» деген сөзді білмеуші ек.
оқушы
«Апам» деген сөзді әлі білмеуші ек,
«Отан» деген сөзді әлі білмеуші ек.
5-оқушы
Біз кітаптан, ұстаздан, мектептен ән айтуды, есеп шығаруды, би билеуді, оқуды, жазуды үйрендік. Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды үйрендік.Жерімізге,елімізге жақсылық жасауды үйрендік.
Әйтекенің жарып айтқан,
Қазыбектің қазып айтқан,
Төле бидің тауып айтқан
Ұлағатты сөзінен өнеге үйрендік.
Көрініс:
6-оқушы
Білімде бір болмайды екен мүлде шек,
Біз сізге қарап үйренсек дедік, үйренсек.
Хормен: Өз балаңыздай Сізге біз ыстық жақын ек,
Жайдарман апай, рахмет сізге, рахмет!
2- жүргізуші
ІІІ- бөлім
« Қалдырған ізін мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.- деп аталады.
6-оқушы
Ұстазым, анамдайсың ыстық көзге,
Сенен басқа жақыным бар ма өзге?
Сен үйреткен 42 әріптермен
Құрастырып жазармын сәлем сізге.
7-оқушы
Ұстазым орындалар парыздарың,
Мен саған әрқашан қарыздармын.
Сен ұнатқан қолыма қаламыңмен
Сенің жарқын бейнеңді саламын мен.
8-оқушы
Түзетеміз шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Сізден ізгі кішілікті,
Үйрендік біз кісілікті.
9- оқушы
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтейік мәпелеп,
Ұстаздардың есімін.
Келешекке алтын бақ
Қосар таудың үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
10- оқушы
Жалықпай үйреттің де балаларды,
Өмірге тарту еттің даналарды.
Ізгілікке жол ашып көрсетумен
Қара шашың қыраулап ағарады.
[pic]
Хормен: мәртебесі биік ұстаздарға мың алғыс, мың алғыс.
1-жүргізуші
ІҮ бөлім «Сабақтың кейбір сәтінде»
Қоңырау кезіндегі, мектеп өміріндегі көріністер.
2-жүргізуші [pic]
Ү бөлім
«Тәрбие сағатынан алған тәліміміз көп»
Өткізілген тәрбие сағаттары слайд арқылы көрсетіледі.
оқушы
Біздің тәрбие сағаттарынан алған тәрбиеміз көп.Ең бірінші өзімізді-өзіміз басқаруды үйрендік.Тәрбие сағаттарын өз бетімізбен ұйымдастыруды үйрендік.
2-оқушы
Ең бастысы бойымызға адамгершілікті, үлкенді сыйлауды, адалдықты, өтірік айтпауды, өнерді, Отанды сүюді, тілімізді құрметтеуді, табиғатты аялауды, мейірімділікті үйрендік.
3-оқушы
Өтелер ме жылуы алақанның,
Өтелер ме қызығы балақанның.
Өтелер ме, аяулы ұстаз - ана,
Қатайып қанаты ұшса балапанның.
оқушы
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парыз ғой өнер іздеу,
Жүрген соң «адам» деген атақты алып.
оқушы
Биікте тұр менің бала қиялым,
Жақсы сөзді өзіңе арнап жиямын.
Тірегі де, жүрегі де өзіңсің,
«Мектеп» атты білім берер ұяның.
оқушы
Балалықтың балдаурен қызығына тоймаймыз,
Әлі күнге қызық-ай бала болып ойнаймыз.
Бастауыштың түлегі атанып та қалыппыз,
Жүрек жарды сый етіп, осы өлеңді арнаймыз.
оқушы
Анамыздай сыр шерткен
Ақыл білім үйреткен
Алдыңызда бас иеміз
Ерекше бір құрметпен!
9-оқушы
Үлкендерді сыйлауды,
Құнды кітап жинауды.
Адамдарды сүюді,
Тентектерді тыюды,
Оқуды ауыр көрме деп,
Ылғи да алға өрле деп,Жақсы істерді құп ал деп,
Досың үшін қуан деп,
Санамай жылдың күн, айын
Баулыдыңыз ұдайы.
1-жүргізуші
Осынадай адам етіп түн ұйқысын төрт бөліп, бізді осындай дәрежеге жеткізген асыл аналарымыз бен ардықты әкелерімізге құрметпен бас иеміз.Анаңды меккеге үш ре арқалап апарсаңда қарызынөтей алмайсың дегендей біз сіздерге мәңгілік қарыздармыз,.
жүргізуші
Дүниеге әкелген , ол да сансің анашым,
Тіл алмасам кешірген ол да сенсің анашым.
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенсің анашым,
Мәпелеген баласын, аман болшы анашым.
2-жүргізуші
Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелген.
Аналар мен әкелерге арнап Зарлық Дулатты өз әнімен ортаға шақырайық.
ҮІ бөлім «Алдыңызға бас иеміз ерекше бір құрметпен»
1-жүргізуші
Бастауышта сабақ берген ұстаздарға шын жүректен арнауымызды қабыл алыңыздар.
оқушы
Әр баланың жүрегіне гүл еккен,
Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.
Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз-ау
Қаншама мың шәкірттерді түлеткен
Талаптанып білім шыңға самғауға,
Мен мектепке алғаш рет барғанда,
Қансұлу апай қарсы алып ең біздерді,
Мерейің биік болсын әрқашан.
оқушы
Жетілдіріп жеткіншектер білімін,
Сырын ашқан ағылшынның тілінің.
Жұлдыз апай еңбегіңді бағалап,
Сізге шексіз алғыс айтар сыныбым.
3-оқушы
Тәрбиелі сөз сөйлейсіз санадан,
Еңбекқорсыз бал жинаған арадан.
Айгүл апай, өзіңізді жарық нұрға балаймыз,
Өзіңізді алап қырқа санаймыз.
4-оқушы
Қашанда шәкірт жанын ұға алады,
Көңілден әр уақытта шыға алады.
Ләйлә апай, ризамыз өзіңізге,
Сәлеміміз сізге алғыстан құралады.
5- оқушы
Санамызда тұрса дағы сан ұғым,
Білмеуші едік көп нәрсенің анығын.
Тілі менен әдебиеттің орыстың
Маржангүл апай өзіңізден таныдым.
6- оқушы
Спорттан талай шәкірт даярлады,
Шәкірттерге бәрін берді аямады.
Әзілі бірге жүріп өзіменен.
Темірбек ағай спортқа бізді даярлады.
7- оқушы
Жасау үшін жас өскіннен шын дарын,
Талай балғын суретшіні шыңдадың
Баубек ағай үйреттіңіз біздерге,
Әсем етіп сурет салу сырларын.
оқушы
Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өнерге тәрбиелеп, құлшындырған
Қымбатты да ардақты Жайдарман апай
Жүрегімізде әркез айтқан өсиетің.- деп барша ұстаздарға құрметпен бас иеміз. «Ұстазым « әнімен Қазанғап Гүлнұрды ортаға шақырамыз.
ҮІІ бөлім
«Өнерлі өрге жүзер» деп аталады.
1.Би: Жастар биі
2.Қазақ биі.
3.Достарым әні
4.Бала тілегі
«Сыныптастар құрдастар»
Бүгін міне бастауышпен қоштасамыз,
Ұстаздар –ау жақсы істі қоштасаңыз.
Үлкен сынып балалармен достасамыз,
Сыныптастар , құрдастар.
Қайырмасы: Бір дәуірдің мөлдреген аспаны едік,
Бәріміз де өмір жолын бастап едік.
Білімменен алға
Ұмтылайық, ұмтылайық біз достар.
Білімменен көрсетелік біздер қызмет,
Білім берген ұстаздарға көп-көп рахмет.
Көрсетпесін өмір-өзен еш тауқымет,
Сыныптастар құрдастар!