Тәрбие сағаты Еңбек ер атандырадыі (3-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Еңбек түбі - береке.

Сабақтың мақсаты : Ата – аңалардың баланы еңбекке баулудағы білімдерін жетілдіріп , қызығушыцлығын арттыру, балалардың еңбекке деген ынта – ықыласын дамыту .

Бала тәрбиесінің алғашқы кірпішінің қалануы мектепке дейінгі кезең болғандықтан , бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар еңбек тәрбиесіне жаңаша қарауға талап етіп отыр . Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баулудың міндеті - сәби шақтан бастап еңбекке қажеттіліктің алғышарттарын қалыптастыру . Бұл міндеттер отбасындағы еңбек тәрбиесін жақсартудан бастау алып , ондағы ата – аналардың педагогикалық білімдерінің заман талабына сай жетілдіруде шешілмек . Бүгінгі таңда ата – аналардың еңбек тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең ұйытқы болатын - балабақша .

Қазіргі нарықтық қатынас тұсындағы әлуметтік жағдайдың төмендегі , психологиялық ахуалдың қолайсыздығы , ата – аналардың педагогикалық білімін жетілдіріп отырудағы мүмкіндіктердің төменгі бала тәрбиесіне біршама қиындықтар туғызады .

Бұл тұста ата – аналарға баланы еңбекке баулу бойынша бағыт беріп , ынтымақтастықта әрекет ету тәрбиешілердің үлесіне тиіп отыр . Бала тәрбиесінің алтын бесігі – отбасы . Бұл шағын әлеуметтік тап - бала үшін өмір мектебі .

Қазақстан Республикасының Ата заңының 9 – тарауы «Отбасы» деп аталып , оның 51 –ші бабында «Ата – аналардың және олардың орынындағы адамдардың міндеті – балаларды асырау , тәрбиелеу және оқыту» деп нақты көрсетілген . Ата – ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі . Балалардың болашағы олардың өмірден татар несібесі мен еншісінің үлес салмағы ата – ананың сіңірген еңбегіне , тәлім – тәрбиесіне байланысты болады .

Сондықтан ата – ана өзінің баласын еңбекқор , елінің қамқоршы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті . Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан басталып , белгілі бағдарлама негізіне сүйене жүзеге асыра отырып , мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту – тәрбиелеу мәселесін жоспарлап , отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етті . Ата – ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуын олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім – тәрбиесі үшін жауапкершілгін арттырады .Кейбір ата – аналар «жас , буыны қатқан жоқ» , «өскен соң өзі – ақ үйреніп алады» деген керенау ойларын да білдіруде . Баланы еңбекке баулудағы негізгі кемшіліктің туу тамырын , тармағы анықтау ата – аналармен үздіксіз педагогикалық жұмыстар жүргізу қажеттілігі туғызады.

Қорытынды : Балалардың отбасындағы еңбектерін баяндай отырып , баланың шамасына , мүмкіндігіне жалықтырмайтын еңбек беру керек деген пікірлері көңілге қонымдылығын аңғартады . Қорыта келгенде ,

ата – аналарға баласының мінез – құлықтарын болдырмауды тиімді жолы еңбек екеніне көз жеткізе білу керек.