«ҰБТ – 125 кемесі» тақырыбындағы тренинг сабағы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«ҰБТ – 125 кемесі» тақырыбындағы тренинг сабағы


ҰБТ-ге дайындығы қандай?

Келіңіздер, осы тақырып төңірегінде салиқалы пікір алмасайық.

Қызыл түсті топқа сұрақ:

Ата-ана Абзалға ҰБТ-ден жоғары ұпай ала алмасаң,бізден жақсылық күтпе,біз саған көмектеспейміз,-дейді. Абзал ҰБТ-ден төмен ұпай алады. Ең соңында ол ешкімді көргісі келмеді.

Сұрақ:

Ата-ананың бұл ісіне қалай қарар едіңіз? Сіздің ойыңыз?

Өзіңіз балаңызды ҰБТ-ге қалай дайындар едіңіз?

ҰБТ-ге психологиялық ахуалды қалай жасайсыз?

Көк түсті топқа сұрақ:

Талғат бір үйдің жалғыз ұлы. Ол ешқандай кемшілік,таршылық көрмей өсіп келеді. Себебі, оның ата-анасы бай, ауқатты. Бірде анасы оған ҰБТ-ден ең жоғары ұпай сатып әперем деп ант етті. Бірақ кездейсоқ жағдайлармен білім сатылмайды. Талғат сол себепті оқуға түсе алмады. Ол дайындалса,білімі,ынтасы жетуші еді. Ата-ананың бос сөзі балаға әсер етті. Баланың өміріне балта шапты.

Сұрақ:

Талғат ата-анасына сенді, бірақ білім сатылмады.

Талғаттың өміріне не болды?

Жасыл түсті топқа сұрақ:

Раушан ҰБТ-ден жоғары ұпай жинап, медициналық институтқа түсетінін айтады, бірақ ата-ана Раушанның таңдаған мамандығына қарсы болады. Раушан ұнатпаса да, ата-анасы айтқан оқу орнына түседі.

Сұрақ:

1. Сіз қалай ойлайсыз? Баланың мамандық таңдауына кедергі келтірген дұрыс па?

Асқар 11-сыныпта оқиды. Сабақ оқуға көп көңіл бөлу керек, ҰБТ-ге дайындалу керек, бірақ ата-анасы күні бойы жұмыста болғандықтан, үй шаруасының барлық жұмысы Асқардың мойнында, Асқар қатты шаршап, сабақ оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы мүлде жойылады. Соның салдарынан нәтижесінде ҰБТ-ден төмен ұпай алады?

Сұрақ:

1. Баланың болашаққа басар қадамына кедергі жасаған дұрыс па?

Видео көрсетіледі. Сол видео бойынша оқушыларды «ҰБТ – 125 кемесін» отырғызылады.

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті жолаушылар! Шоқан Уәлиханов аралына саяхатқа шығатын «ҰБТ-125кемесі » Жайық жағалауына келіп тоқтады. Бортқа жолаушыларды отырғызу басталды. Құрметті жолаушылар кемеге отырар алдында «тексеруден» өтулеріңіз сұралады. Қолдарыңызда рұқсат қағаздарыңыз бен жеке басты куәландыратын құжаттарыңыз болуы тиіс.

Жолаушы азаматтар! «ҰБТ-125 кемесі жүргелі тұр. Шығарып салушылар! Каютодан шығуларыңыз сұралады. Сақ болыңыздар! «ҰБТ-125 кемесі » Шоқан Уәлиханов аралына қарай жүруге бет алды. (Параход дауысы шығады).

Құрметті жолаушылар! Жолымыз ұзақ, терең де тайыз жерлеріміз көп. Сіздермен 210 минуттық саяхатта бірге болатын кеме капитаны Ермекбаева Жұмагүл Ералықызы. Кемеге қош келдіңіздер! Құрметті жолаушылар, 3 сағат 30 минутқа созылған бұл саяхатымызға тез жетуіміз үшін 5 аралдан өтуге тура келеді. Әр аралдың тоқтау мерзімі 5 минут.

Сапарлас болатын жолаушылармен таныс болып отырайық. (Әрі қарай оқушылармен тренинг өткізіледі).

Пікірталас сәті.

  1. Емтиханға қалай әзірленген тиімді?

  2. ҰБТ-ге әзірлену үшін жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек?

  3. Емтихан алдындағы күнді қалай ұйымдастыру керек?

  4. Емтиханды сәтті тапсыру үшін не істеу керек?

Қатысушылар шеңбер болып отырады,бір-біріне допты немесе ойыншық беріп,өздерінің атын айтады және өздерінде бар қасиеттерді есімінде,тегінде және әкесінің атының бастапқы әріптерінен басталатын қасиеттерді айтады. Әрбір келесі қатысушы бұған дейін айтылғандарды қайталайды және өзінің аты мен қасиетін қосады.

Жүргізуші жаттығуды қорытындылай келе,қатысушылардың қасиеттерінің бір-біріне ұқсамайтындығын айтып, дегенмен де барлығы біріге жұмыс істейтіндігін атап көрсетеді.

Мақсаты: Қоршаған ортаға топтың сенімін нығайту, ішкі кедергілерді жою.

«Шынымды айтсам ...»
жаттығуы

Шынымды айтсам, мен алдағы емтихан туралы ойласам ...

Шынымды айтсам, мен емтиханға даярланғанда ...

Шынымды айтсам, мен алдағы емтихан туралы ұмытып кетсем ...

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде ...

Шынымды айтсам, менің ата-анамның алдағы емтихан туралы уайымы ...

Шынымды айтсам, мен емтихан туралы естісем ...

Мақсаты: стресс кезіндегі сенімді мінез-құлықты қалыптастыру.

«Жарайсың!» жаттығуы

Нұсқау: сіздерге топты мына ұстаным бойынша екіге бөлу қажет: сыртқы, ішкі. Енді сіздердің не істейтіндеріңізді айтамын. Екі сыртқы және ішкі шеңбер жасаңыздар. Ішкі және сыртқы топ қатысушылары жұбын тауып, менің белгі беруіммен кезектеп өз жетістіктері жайлы айтып,бір-біріңнен саусақтарымен есептеп, жетістік айтқан сайын «Сен жарайсың! Бір! Сен жарайсың! Екі!» деп ары жалғастырады. Сіз өзіңіз жайлы жаман ойласаңыз да, жақсы пікір айтуға тырысыңыз.

Егер де кімде-кім өзін ыңғайсыз сезінсе, онда осы жаттығуды орындай барысында былай десін: «Мен өзімді жақсы көремін,мен қайталанбас дарамын!» сіздің ойыңызға өзіңіз туралы жағымсыз ойлар келгенде, өзіңізді дамыту қажет екеніңізді есте ұстаңыз.

Менің белгім бойынша ішкі шеңбердің қатысушылары орында қалып, сыртқы шеңбердегілер солға қарай жылжып, жұптарын өзгертеді. Ойын осы тәртіппен жалғасады.

Талдау: өзіңіз туралы көп нәрсе есіңізге түсті ме? Өз жұбыңыздан нені үйрендіңіз? Өзіңізге кейде «Мен жақсы жасадым» деп айтасыз ба? Қателік жіберсеңіз, өзіңізге не дейсіз? Не үшін өзіңіз туралы жақсы айту маңызды?

«Сілкіп таста» жаттығуы

Мақсаты: жағымсыз, қажет емес,кедергі жақтардан құтылу,сенімділікті орнату.

Нұсқау: мен сіздерге жағымсыз,сенімсіз сезімдерден арылып,өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күш алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: «Ойымызға тағы да жолым болмай қалды. ҰБТ-ға жақсы дайындала алмай қалдым. Жақсы тапсыра аламаймын, көп қате жіберіп, екі аламын» деген сияқты ойлар келеді.

Айналамызға орын қалдырып,еркін тұрып,алақаныңызды сілкіңіздер,иығыңызды сілкіңіздер, аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер,сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз,жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек,көңілді болудасыз немесе көңілді жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз: мен ақылдымын, менің жаным тыныш,мен қиындықтан қорықпаймын,мен жаспын,мен әдемімін,менің қолымнан бәрі келеді,маған сенімділік күш береді,мен дайынмын.

Талдау: Көңіл-күйіңіз қалай?

Нұсқау: Екі-екіден жұпқа бөлініңіздер. Бір-біріңізге қарама-қарсы отырыңыздар. Шамалы уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге қарап,үндемей отырыңыз. Күнделікті жасап жүрген істеріңіз емес, бұл өте қиын,бірақ сіздер бір-біріңізді танисыздар.

«Мен саған сенімдімін»
жаттығуы

Енді рет-ретіңізбен мынадай сөздерді аяқтайсыздар. Мысалы: «Мен саған сенімдімін, сіз алдағы уақытта өз ісіңіздің шебері боласыз», «Мен саған сенімдімін алдағы уақытта көмек керек болса, сіз маған көмектесесіз», «Мен саған сенімдімін сен ешқашанда мен туралы жаман ештеңе айтпайсың», т.б.

Бір-біріңізге бір-бірден жылы сөз айтып шығасыздар.

Сынақ басталды

Бүгін 6 маусым, мен таңертең 6.30-да тұрамын... Ары қарай оқушылар бір-бір сөйлемнен айтып, жаттығуды, жақсы жетістікпен аяқтайды. (Кешкі сағат 17.00, Алақай, мен 125 ұпай алдым! Барлығы аяқтарын көтеріп, тізелерін бүгіп, бірдей секіреді).

Тренингтен алған әсерім

Қолымызға жұлдызды ұстап, тренингтен алған әсерімізбен бөлісеміз. Содан кейін жұлдызды бір-бірімізге ұсына отырып, жылы тілек айтамыз. Жұлдыз алуымның себебі, Жұлдыздар аспанда нұрын шашып, мейірімділік,достық, өзара көмек қолдау сезімдерін бойымызға ұялатады.Сіздің әрқайсыңыздың таңдаған жұлдызыңыз сізді білім жолында нұрландырып, емтихан мен өмірде сүйемелдеп жүрсін. Әрқашан алдарыңыз ашық та жарқын болсын! Сәт, сапар түлектер!

«ҰБТ – 125 кемесі»

Құрметті жолаушылар, «ҰБТ – 125 кемесі» жағаға жақындады. Бір – бірімізбен қоштасайық. Сіздерді жағада ата-ана, тума-туыс, құрбы-құрдас, ұстаздарыңыз күтіп отыр. Сапарымыз сәтті болды. Бәріміз ҰБТ-дан 125 ұпай жинадық. Келесі «Студент – 2014» кемесінің бортында кездескенше сау болыңыздар!