ХАЛЫҚТЫҚ СОҒЫС мектепішілік 6 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



ХАЛЫҚТЫҚ СОҒЫС

(Мектепішілік әдеби-сазды театрланған шара)


Ұлы Отан соғысы сұрапыл күндерін еске түсіруге арналған кеш

«Алға қарыс бассаң бас,

Сүйем кейін шегінбе!

Әдет жоқ ондай тегінде!»

(Лейтенант Көшеков)


Кештің мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жеңістің қалай жеткенін түсіндіру.Оқушыны Отаншылдыққа,ерлікке тәрбиелеу.

Қатысушылар: Жүргізушілер , көркемсөз оқушы (Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскер киімін киген бала).Хор немесе вокалды топ, Театралды топ,Бишілер тобы

Безендіруші: Кеш барысында хор сахнаның артқы жағында тұрады. Жүргізушілер алдыңғы жақта сол жақта, көркемсөз оқушы оң жақта тұрады.Театрландырылған көріністер және билер сахнаның ортасында көрсетіледі.Эпизодтардың аттары жабық пердеде көрсетіледі.Кейбір музыкалық үзінділер аудио баспадан ойналады. Әндерді хор орындайды. Кейбір әндер аудиотаспадан тыңдалады.

Кеш соғыстың негізгі кезеңдеріне арналғандықтан, әрбір бөлімнің алдында оның аты беріледі.

АЛҒЫ СӨЗ

Перде жабулы.Сахнада жүргізушілер: жасөспірім мен қыз бала, көркемсөз оқушы

1-оқушы:Уақыт тарих парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып,зымырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескеленіп ``көзден таса, көңілден ұмыт,қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті,миллиондаған адамның өмірін қиып ,өркениеті кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды.

2-жүргізуші: Иә,соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмытырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар.

1-жүргізуші: “Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес.

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,-деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміз ешқашан естен шықпайды,ұмытылмайды.Біздер соғыс қайталанбауы үшін,оның сұмдықтарын, сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз.

1-оқушы:

Соғыс не? Арпалысқан өлім-өмір,

Тұрса ағаш, сынса отын, жақса көмір.

Өлім мен өмір батыр алысқанда,

Бұрқылдап қызуына қайнар темір.

Соғыс не? Соғыс апат,соғыс соққы,

Ол соқса шығарушы бұрын жоқты.

Ол дауыл, күш мұхитын тасытады,

Елетпей азды-көпті, ашты-тоқты. (Қ.Әбдіқадыров«Соғыс»)


1-жүргізуші: Сонымен, Ұлы Отан соғысының кейбір беттерін парақтап және барлығын есімізге алып көрейік:

1941 жыл 22 маусым....

СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ

(Перде ашылады. Сахнада мектеп ауласының көрінісі.«20 орта мектебі»деген маңдайша жазу және «Жолың болсын, жас түлек»!» деген жазуы бар плакат, ағаштар,гүлдер» И.Дунаевскийдің «Мектеп вальсі» әуенімен бірнеше жұп мектеп бітірушілер би билеп жүреді. Қыздар ашық түсті ұзынырақ көйлекте, ер балаларда-ақ көйлек және қара шалбар.Музыка тоқтағанда билеп жүрген жұптар сахнаның ар жағына жасырынып қалады)

(Левитаның соғыстың басталуы туралы хабарлау.)

(Сол жақтағы перденің ар жағынан қыздар сол киімдерімен, балалар гимнастепркалы, пилотка киген, иықтарына жол-азық салатын қаптарымен шығады. Барлығы ақырын басып сахнаның ортасына келеді. Қыздар алысып кетіп бара жатқан жігіттерге қол бұлғап қала береді. Осы кезде Б.Окуджаваның «До свидания, мальчики» әнінің бірінші шумағы орындалады.)

2-жүргізуші: Неміс басқыншыларына қарсы сұрапыл да қорқынышты, қаһарман соғыс басталды.

1-жүргізуші: Соғыс Кеңес халқының Отанына, жеріне, еліне деген сеніміне, қаһармандығына, шыншылдығына және мейірбандығына, батылдығына және ержүректілігіне, төзімділігіне сын болды.

(Перде жабылады)

МОСКВА ТҮБІНДЕГІ ШАЙҚАС

4-оқушы :

Аламын деп Москваны

Дұшпан зулап демігеді

Соған бәлкім,асығады

Соған бәлкім желігеді

Мұндай жойқын арпалысты

Беріспеді болаттай сом. (Е.Әукебаев «Батальон»)

5-оқушы: Неміс фашистерінің шапшаң басып алу әрекетінен 1941 жылдың кезідегі Кеңестер Одағының астанасын қорғау үшін,қаланың барлық тұрғыны дерлік қолдарына қару алып жауға қарсы тұрды.

6-оқушы: Бірнеше мыңдаған халық жасақтары құрылды. Москва халқы,негізінен әйелдер мен балалар қолдарына күрек алып танк жолына кедергі жасау үшін қазылған орлар, траншеялар, жер асты үйлерін, бекіністер салды. Аштық пен суыққа, жаудың оғына қарамастан бірнеше жүздеген километр орлар қазылды.

7-оқушы: Жеңіс күні! Бұл күн сонау қырық бірінші жылдың желтоқсанда Москва түбінде қар жамылған далада бір табан кейін шегінбей, астанаға жауды жібермегендер үшін қандай алыс еді.....

(«Майдандағыларға ана бұйрығы» күйі баяу ойналады)

8-оқушы:

Оқып көр Москваның шежіресін,

Кетірген кердең жаудың кежіресін.

Баукендей ер қолбасшы қалар ма естен,


Тапты ол тар қыспақта не бір шешім.

Оқып көр. Москваның шежіресін,

Көз алдыңа елестер не бір есім.

Оның бірі Сізге аға,Сізге іні,

Еске алшы, ет бауырың елжіресін.

Мол тартқан қан майданның ғаламатын,

Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.

Жан аға, жақсы аға-жетпес баға,

Кім сүймес Бауыржандай азаматын.

(Т.Әбішұлы «Абзал аға»)

1-жүргізуші: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты.Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полькі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне жаудың 30 танкісі шабуыл жасады.Ротаның саяси жетекшісі В.Клочков басқарған взвод жауынгерлері-барлығы 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

(Жамбылдың портреті көрсетіледі)

Көрініс. «Ленинградтық өрендерім»

Перде ашылады. Қараңғы үй. Үй ішінде отырған жалғыз қыз. Күнделігінде жазу үстінде. Перде жабылады. Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім» оқылады.

Таня: «Женя (әпкем) 1941 ж. 28 желтоқсанда 12 сағ. 30 мин өлді.

Әжем 1942 жылы 25 қаңтарда сағат 3-те өлді. Лека ғам) 1942 жылы 17 мартта сағ. 5-де өлді. Вася ағай 1942 жылы 13 сәуірде өлді. Леша ағай -1942 жылы 10 мамырда өлді. Анам-1942 жылы 13 мамырда таңғы 7 сағ. 30 мин та өлді. Савичевтер өлді. Бәрі өлді. Жалғыз Таня қалды. Менде өмірден өтіп барамын. Қош,қош, қош болыңдар!!»

(Көркемсөз Жамбыл өлеңін оқып жатқанда, Д.Шостаковичтің «Жетінші симфониясы» баяу ойналып тұрады.)

10-оқушы: Сол кездегі ауыр жағдайға қарамастан,1941 жылдың 7 қарашасында Қызыл алаңда әскери шеру өтті. Әскери шерудің өтуі әскерлерге де, Кеңес халқына да патриоттық рух берді.

11-оқушы: Бұл әскери шеру жауға үлкен соққы болды. Өйткені, Москваға бірнеше километр жерде жауы тұрған халықтың әскери шеру өткізуі, ол халықтың мықты екенін дәлелдеген еді.

Ән: «Соғыстың қайтқан солдаттар» Сөзі: М.Мақатаевтікі

Әні: Т.Әбілхатиндікі

МАЙДАНДЫ ДЕМЕГЕН ҚУАТТЫ КҮШ

(Сөзі А.Лекеровтің,әні М. Төлебаевтің «Тос мені тос» әнінің әуені)

12-оқушы:

Жігіт кетті майданға,

Тал бойында бес қару.

Айырылғанға арманда

Қалды артында жас ару.

Жас жүрегі біртүрлі

Алқымына тығылып,

Алғашында бір тұрды

Қалам ба деп жығылып......(Ғ.Орманов «Жар жалауы»)


1-жүргізуші: Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиыедығы майдандағыдан кем болған жоқ .Аналар мен балалар, ақ сақалды аталар бәріне төзді. Соғыс ауырпалығының куәсі болған әжелеріміз сол күндерді былай деп еске алады:

13-оқушы: Ауыл адамдарының жіберген сыйлықтары біздің майдан шебіндегі жауынгерлеріміздің жан-дүниесін қатты тебірентті. Бұл сыйлықтар ауыр соғыс күндерінің өзінде оларға ауыл мен майданның мызғымас бірлігін еске түсіреді, оларға үлкен моральдық қолдау боды....

Ән: «Тыныштық әлемге» Сөзі:Қ. Шаңғыбаевтікі

Әні: С.Мұхаметжановтікі

Көрініс: Әйелдер тобы. ( Жұмыстан келе жатқан әйелдерге хат келеді.)

Хат тасушы: «Хат келді, апалар сіздереге соғыстан хат келді.»

Хабарлау: «Қымбатты жолдастар! Сіздер жіберген сыйлықты алғанда қандай тебіреністе болғанымызды тілмен айтып жеткізу қиын. Майдан жағдайы ауыр.Нарядтар жарылып, пулеметтер сақылдайды. Осындай күндерде күтпеген жерден елден алған аппақ матаға ұқыпты оралған пакеттердегі жұпар иісті папиростар. Осы сәт жүректерге үлкен сүйіспеншілік сезімі құйылды. Сенімді тылдың соғысып жатқан армияның алдыңғы бөлімдерімен берік байланысын ойлағанда, кеудені мақтаныш сезімі кернейді!

Би:Соғыс биі:

14-оқушы:Соғыс жылдары ауыл адамдарының еңбектері өте ауыр еді. Адам, техника , ат-көлік,азық-түлік жетіспеді. Бірақ, осы қиыншылықтың бәрін ана мен балаға, ақ сақалды қарттарға қайыспай көтеруге тура келді.....

Көрініс: Шайқас. Неміс пен қазақ жауынгерлерінің шайқасуы.

Шымылдық жабылады.

СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАС

15-оқушы:

Отан үшін! Жеңіс үшін!

Деп солдаттар салып ұран,

Көтерілді атакаға,

Оққа қарсы жауып тұрған.

Сол мезгілде бір жауынгер,

Шойырылды ма, сүрінді ме,

Көкірегін қолмен басып

Құлады, сәл жүтірді де.

Ж.Молдағалиев «Екеуін де көтерді ол»

16-оқушы: 1942 жылдың жазының ортасында жарты жылға созылған тарихи Сталинград қырғыны басталды.

17-оқушы: Сталинград қаласына миллиондаған бомбалар жарылып,фашистердің үлкен армиясы жұмылдырылды. Дегенмен, жаралы,отқа күйген жаумен шайқасын жалғастыра берді.

1-жүргізуші: 1942 жылы 19 желтоқсанда Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапқан Нүркен Әбдікоровке қайтыс болғаннан соң Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ән: «Сол жігіттер қайда екен?» Сөзі:Ә.Ахметовтікі Әні:Ә.Байділдаевтікі

Көрініс. 18 жасар қазақ солдатының қаза болуы .

Анасы: Жарығым! Құлыным! Өзіңді сағындым. Неге хабарласпай кеттің , хатта кешігіп жатыр. Мен уайымдап, ауырып жүрмін. Сені ойлаймын деп түс көрдім. Жаман іс болмаса


игі еді. Сақ бол, жау оғы саған тимесін, елге аман-есен кел. Құлыным, артыңда қалған ағайын-тума, сенің амандығыңды тілейді. Соғыс бітсін, бүкіл қасындағы жолдастарыңмен елге орал. Қош бол!

Баласы: Ана, ана, ана кетпеші, менде сені сағындым, қайдасын, көрінші оқ атылады мама! Мама! Мама!

СОЛДАТТАР ДЕМАЛЫСТА

2-ЖҮРГІЗУШІ:

Сағынышты қам көңілмен ұласып,

Күз аспаны бірде күңгірт,

Бірде ашық,

Қыршын қазақ отыр окоп ішінде,

Ән серігі-домбырамен сырласып

Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі,

Сағынғаны Ақжайықтың толқыны

Сағынғаны кербез сұлу еркесі.

(М.Әлімбаев «Бір жас қазақ»)

Перде ашылады. Орман ішіндегі алақайда жауынгерлер – командирлер, солдаттар, мейірбикелер біреуі ойланып отырады (театрлық топ.) Барлығы Ұлы Отан соғыс жылдарындағы әскери киім киген. Орталарында тұмар үстінде қолында добырасы бар гимнастеркалы басы танылған жас жігіт отырады. Ол алыстағы Ұзынағаштан келген хатты шолып, оны оқып отыр. Бұл жауынгер жігіт ұлы Жамбылдың баласы Әбіл болатын.

Хат: Жарығым! Сен өз достарың туралы жазыпсың. Әрине олардың бәрін біле бермеспін, көбінің жүзін де көрмеген шығармын, әйтсе де олар өзіңдей ет-жақыным сияқты болып кетті.Мен олардың ерлігінен көз алмай қадағалаудамын. Әрдайым абыройды болсын бәрі. Біздің ата-бабаларымыз да қатты айқасты көп өткізген басынан. Батырларымыз бойынан бес қаруын тастамай, айлары мен жылдарын жорықта өткізген. Дені сау, дәті берік жігіттерге соғы ауыртпалығы сөз бе екен.

Бізді ержүрек жігіттерге ақ басты Жамбылдан сәлем айт. Абыройлы болыңдар, ұлдарым сендер! Отанға партияға адал қызмет етіп жүрсіңдер мен бәріңе де ризамын. Ердің ерлігі жігіттің жігіттігі сыналар шақ бұл!

Әттең, кәрілік !Әйтпесе үйде отырар ма едім мен? Баяғының батырындай желеулі найза қорға алып сауыт – сайман асынып майданға мен де бармас па едім. Менің айтарым осы еді. Мен сендермен біргемін. Жеңіс тез келіп туған ауылда жолығатын болайық. Әкең Жамбыл

18-оқушы: Ауыр шайқастардан кейін жауынгерлерге соғыстың ауырпалығына төзу үшін аз да болса демалыс керек еді.

19-оқушы: Әрине жауынгерлер ертең алдарында қадір-қатер күтіп тұрғанын білді. Дегенмен соғыста әзіл – қалжың ән- мен күй ұмытылмады.

Ән: Кестелі орамал. Сөзі:А.Лекеровтікі Әні:М.Төлебаевтікі

20-оқушы:

Айтып болды дүние талай әнді

Аспан жүзің таң алды арай алды.

Жетсек деген бір сөзбен ел оянды,

Төрт жыл бойы жел соғып дауыл келді.


Қала көрді қиындық ауыл көрді.

Жеңіс! Жеңіс! Әке мен оның ұлын

Кездестірмей қойғаның ауыр болды.

Менде шықтым көшеге қарап елге,

Есікбай қарт ер салды қарагерге.

Тамып түсіп жаттың сен қара жерге.

(Т.Молдағалиев «Жеңіс күні»)

АРУ ҚЫЗДАР –АЛАУЛАП ОТ КЕШКЕНДЕР

2-жүргізуші: Бұл қазақ халқының қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың майданның алдыңғы шебінен тілшілерге берген алғашқы сұхбаты еді.

21-оқушы:

Абайлады сонда, Мәншүк жан-жағын

Көрді өзінің жапа-жалғыз қалғанын

Көзге жанар,көкірекке кек толып,

Қинады қимай серік – саңлағын.

Қара көзі жарқ етті тек танадай,

Төңкерілді ашылып бір қарамай

Пулеметте ойнап тұрған он саусақ

Қалды қатып бір серпуге жарамай.

(М.Хәкімжанова «Мәншүк» поэмасынан)

Көрініс: «Мәншүктің қазасын анасына естірту»

«Аға сержант М.Мәметова жолдас өмірінің соңғы минутына дейін фашистік жауыздарды аямай жойдым. Мәметова жолдас жаудың боратып атқан оғына, сондай-ақ өзінің жаралануына қарамастан жауды үздіксіз атқылап шабуылға шыққан бөлімдердің тоқтаусыз алға басуын қамтамасыз етіп отырды. Шексіз батырлығымен жауынгерлерде жаңа жігер тудырып оларға фашистерді құртуда бар күштерін жұмсауға зор дем берді.

Мәншүк Мәметованы мәңгі есте қалдыруды көздеп Невель қалалық кеңес атқару комитетінің бірінші мәжілісінде қаланың бұрынғы Приамурская көшесін пулеметші қазақ қызы Мәншүк Мәметованың ал Торфяной переулогін Мәншүк есімімен атауға шешім қабылданды. Мәншүк есімімен атауға шешім қабылданды. Мәншүктің қарулас жолдастары 1943 жыл, 25 қазан»

Ән: Мәншүк

1-жүргізуші: 1943 жылы қазан айының 7-сі күні Невель қаласының маңында орналасқан Изочка темір жол стансасын басып алу ұрысы болды. Осы ұрыста жанқиярлықпен соғысып пулеметпен көптеген фашистердің көзін жойды. Бірақ өкініштісі сол шайқаста өзі де ерлікпен қаза тапты. Шығыс халықтарының тарихында әйелдер арасында тұңғыш рет теңдесі жоқ ерлік көрсетіп туған Отанын халқымыздың ар-намысын қорғаған Мәншүк Мәметова есімі барлық уақытта да жастарға өшпес өнеге болмақ.

Көрініс.Әлияның туыстарына хат жазуы

Әлия: Қазір мен орман ішіндемін алдыңғы күні аттанғанбыз бүгін сірә көздеген жерге жетіп қалармыз деп ойлаймын, бірақ бүгін жаңбыр құйып тұр. Қайда бет алғанымды өзің де түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінем, неге десең мектепте әлде де болса бірқатар уақыт оқуға қалдырса да, өзім сұранып



аттандым.Өміріме өкінішім жоқ.Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар: жоқ ол-өзім туралы емес-сенімен сәбилермен жеңешеммен жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным.

Қазір алдыңғы шепте тұрмыз. Хатты терең окопта отырып жазудамыз. Айнала ну ағаш. Немістермен бетпе-бет кездесіп тұрамыз.Менің басымда каска белімде граната ал қолымда винтовка бар....

2-жүргізуші: Иә бұл ержүрек Әлияның туыстарына жазған хаты еді. 1944 жылы 14 қаңтарда Казачиха деревниясы үшін кескілескен ұрыста алған ауыр жара Әлияның өмірін қиып түсті. Бұл 1944 жылдың қаңтары еді. Сол бір кескілескен шайқаста тірі екі жарым жылы қанды майданда, от кешумен өтті. Бірақ бұл – жалын боп лаулап, құйрықты жұлдыздай жарқырап өткен кейінгі бүкіл іні-сіңлілеріне мәңгілік өнеге болып қалған өмір. Од қаһармандық дастанын жазып үлгірді. Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным елім» деп соққан аяулы жүрегін мирас етті.

Ән: «Әлия» Сөзі: Б.Тәжібаевтікі Әні: С.Байтұрсыновтікі

22-оқушы:

Жан емес пе махаббат пен бақыт үшін жаралған

Гүл емес пе жаңа ғана тіршіліктен нәр алған!?

Күйер ме екен от-жалынға жапырағындай жас талдың

Әлияның жүрегінде өркен жайған бпр арман?!

ЖЕҢІС

Көрініс. Рейхстагқа ту тігу.

1-жүргізуші: «Біздің жауынгерлерді қыранмен бүркітпен теңеуді қоятын кез жетті. Қазақ жігіті Қошқарбаев өз жолдастарымен рейхстагқа ту тікті. Жанған от ішінде ажал аузында ерлік көрсетті олар. Осындай ердің бейнесін беру үшін бөлекше теңеу бөлек поэзия керек» деп жазды орыстың белгілі жазушысы Б.Горбатов.Рақымжанның сол бір ерлігі уақыт өткен сайын ұрпақ алдында тұлғаланып келеді. Ерлік иесіне деген шалқар құрмет барған сайын шалқи түсуде.

Ән: «Жеңіс жыры» Сөзі: Ж. Өмірбековтікі Әні:Е.Ахмедиевтікі

23-оқушы:1945 жылдың 1 мамырына қараған түні Рейхстагта алғашқы Жеңіс туы желбіреді.

24-оқушы: Күні кеше ғана қолдарына қару алып, кеңестік жауынгерлеріне қарсы соғысқа қатысқан неміс әскерінің әйелдері мен балалары, әкелері мен шешелері топталуда. Үнсіздік жайлаған бүлігін қираған Берлин қаласының тұрғындары алдымен жасқана біраздан кейін батылдана шыға бастады.

25-оқушы:Адам тезгісіз қиындықтарға қарамастан барлығы қуанышты еді.

26-оқушы: Жеңісті ұзақ күттік!

Алаңда солдаттар оқушылар жиналып Левитанның хабарлауын күтуі.

Левитанның хабарлауы.

2-жүргізуші: Иә, біздер жеңіске жеттік. Біздермен бірге бүкіл Еуропа халқы да жеңіске жетті. Біздер жербетіне жеңіс туын тіктік. Бұл күнді аңсап мыңдаған жүз мыңдаған боздақ көз жұмды. Жеңіс жолында жанын пида етті. Тірі қалғандар көзінен жасы парлап тұрып сол күні қуанды. Жеңіс күні Сұлтан, Нүркен, Әлия, Мәншүк, Бауыржан, Мәлік, Төлеген батаған батырларын жас өмірлерін қиған өзге де қыршындарын еске алу орынды. Соларды еске ала отырып, 9 мамырда Жеңіс мерекесі дейміз.

Жеңіс күнін жақындатуға тылдағы миллиондаған еңбекші халық мыңдай терін төкті, табан етін тауысты. Ұлы Жеңістен кейін есін жиды, етегін жапты. Миллиондаған халық


соғыста қираған қалалар мен шаруашылықты қалпына келтіру үшін аянбай еңбек етті. Бүгінгі заманға жеттік. Қазақстан көп ұлтты мемлекет бұл соғыс сол кездегі кеңес халқының басына келген нәубет еді.Сол апаттың бетін барлық халық бірігіп қайтарды.

Ер бала: Бір минут үнсіздік хабарлайды (барлығы тұрады) (Үнсіздік минутынан кейін перде ашылады. Сахнаға кешке қатысушылардың шығады)

1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған ер намысы боп аталған ел дауысы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары жерін, халқының өмірін өзі туған өңірін ақ сүт берген анасын ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаөармандар қаншама!

Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ!

Ән: «Жеңіскер ата, әжелер» Әні: Ғ.Тамендаров Өлеңі: С.Қалиұлы

ҚОРТЫНДЫЛАУ:

КЕШ СОҢЫНДА ӘДЕБИ – САЗДЫ ТЕАТРЛАНҒАН ШАРА ТУРАЛЫ ӨЗ ӘСЕРЛЕРІН МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ, ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР ОРТАҒА САЛДЫ.

ОСЫНДАЙ ӘСЕРЛІ ШАРАЛАР ӨТКІЗУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ҰЖЫМЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АТАП ӨТІЛЕТІН ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДЫ БІР АУЫЗБЕН МАҚҰЛДАДЫ.






































Мәншуктің елге хат жазуы

Соғыс пен балалықтан көрініс [pic] [pic] [pic] [pic]


Қазақ батырларын еске алу Рейхстагқа ту тігу [pic]


Соғыс естелігін орнату жанында Соғыс жылдарындағы хат тасушы [pic]







1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп


Бекітемін:____

Тәрбие ісінің орынбасары:

Мырзахметова В.Б._________









(Мектепішілік әдеби-сазды театрланған шара)










Өткізген: 5 «А» сынып жетекшісі

Аққалиева Г.Е.
















Атырау, 2015ж.


[pic] [pic]




[pic]

[pic]