Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына байланысты Есіңе мені алғайсың әдеби-сазды кеш

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Кештің мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.

М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Кештің көрнекілігі

 М.Мақатаевтың суреті мен «Есіңе мені алғайсың» тақырыбы, шарлар, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Сазды музыка.

/Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді/

Мұғалім:

Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

Назгүл: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз.

Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. 
Назгүл:
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 
Мұғалім 
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.

Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік. Мәлік пен Адалия

-        Туған жерің? 
-        Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. 
-        Туған жылың? 
-        1931. Құрдасымын  Шәмілдің. 
-        Жынысың кім? 
-        Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы    тәуірмін... 
-        Партияда барсын, ба? 
-        Жоқпын. 
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын. 
-        Шыққан тегің? 
-        Шаруамын. 
Бар тірліктен бағалы оны санаймын. 
-        Білімің ше? 
-        Орташа ғой. 
Алайда өзім жоғарыға балаймын. 
-        Ана тілің? 
-        Қазақша. 
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. 
-        Қайда істедің?

-        Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. 
Оқымаған, дипломсыз демесең, 
Бір басымнан бар мамандық табылар.

-        Міндеттісің бе әскерге? 
-        Міндеттімін. 
Біздің әлі жас кеуде. 
Жауынгердің ұлымын ғой, 
Жанын қиған Мәскеуге. 
-        Сөгіс алып көрдің бе? 
-        Ол жағынан періште едім дей алмаймын 
Мен мүлде. 
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету, 
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де... 
-        Шетелдерде болдың ба? 
-        Болғамын жоқ. 
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. 
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, 
Осы отырған орнымда-ақ. 
-        Мекен-жәйің? 
-        Мекен-жәйім - жер менің. 
Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, 
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

Назгүл: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезді ме?

Мұғалім:

Ақ ұлпа жерді жапқанда,

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып атқан ақ таңда,

Бозарып тұрып ақпанда

Есіңе мені алғасың,- деп толғанады ақын. Ендеше кезекті әнге берейік.

Ән: «Есіңе мені алғайсың » 7-сынып қыздары

Назгүл: Туған жерге, елге, халқына, досына, Отанына, әкесіне, әжесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.

Мұғалім:

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
Ендеше ақынның Отанына , қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.

«Отан туралы»-Қадырбаев Жарас -8 «А»-сынып,

«Қазақ жері»-Ташимова Жасмин- 6»А»-сынып

«Отан»-Қадырбаев Жетен-6 «А»-сынып

«Үш бақытым»-Бейсембаева Индира-8 «А»-сынып өлеңдері оқылады.

Ән «Саржайлау» 8 «А» қыздары мен Мансия С.

Мұғалім: 

 «Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарау
ытқан таулардан сені іздедім,» – деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
Назгүл: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; Ақынның өзге жұрттан артықшылығы - бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні.Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.

«Сәуір»-Тастанбекова Сабина- 6 «А»-сынып

 «Ей, өмір»-Қуанышпек Назгүл-8 «А»-сынып

«Көктем де келер»- Нокенова Карина- 8 «А»-сынып өлеңдері оқылады.

Ән: Ана 8 «А»-сынып

Мұғалім: 
       Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ.
Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
Назгүл: Ия, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иеді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.
Олай болса махаббат лирикасына арналған жырларын тыңдасақ.
«Махаббат диалогы»- Жамалиев Нұрбек-6 «А»-сынып,Жасанова Рәббия 5«А»-сынып

«Бақыт деген»- Жасантегі Мәулет өлеңдері оқылады.

Фариза қыз әнін (Мақпал Жүнісова) интерактивтік тақтадан көрсетемін.

Мұғалім: Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен шашу шашсын деген ниетте кезекті оқушыларға береміз. 

«Фантазия»- Маратқызы Гүлсім-7«А»-сынып

«Бабаларым, рақмет сендерге»- Қасымова Әйгерім-7 «А»-сынып

«Емханада»- Маратқызы Әмина-6 «А»-сынып

«Сендердікі бәрі де» -Қасымова Аяжан, Жасантегі Рәббия -6 «А»-сынып өлеңдері оқылады

Сәби болғым келеді- 6 «А»-сынып қыздары.Амина-Сабина.

Назгүл: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса,
 жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.

/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.

Мұғалім: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

Назгүл: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Келесі көріскенше аман болайық