«Өмір қымбат – досыңмен»
Технология мен сызу пәні мұғалімі: А.И.Уваисова
2015-2016 оқу жылы
Тілеубай негізгі қазақ мектебі бойынша
«Өмір қымбат – досыңмен» атты мектепішілік шара жоспары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға достық, жолдастық туралы терең мәлімет беріп, өмірмен байланыстыру. Дос жөніндегі білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын жеткізе білуге қалыптастыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, адалдыққа баулу, досқа әрқашан қамқор болу. Зиянды заттардан, іс-әрекеттен аулақ болу.
Көрнекілік:кесте, слайдтар, интербелсенді тақта, карточкалар, схема жазылған плакаттар, қанатты сөздер.
Сабақтың түрі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікірталас.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Сәлеметсіндер ме, балалар! Бүгінгі біздің сабақта қарастырылатын тақырып «Өмір қымбат – досыңмен»
Балалар, сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер? Қазір сендер достық жайлы білетіндерінді айтып, ортаға саласындар (оқушылар өз ойларын айтады).
Негізгі кезеңі:
Мұғалім: Дос бұл өмірдегі ең жақын адамымыз. Досың барда сен бақыттысың, досың барда бәрінен артықсың, досың барда биіксің, досың барла сені ештеңе де қорқыта алмайды. Солай ғой, балалар? Досымыз барда біз күштіміз, біз мықтымыз. Ендеше сабағымыздың келесі сатысы мақал-мәтелдерге көшейік. (балалардан достық, жолдастық туралы мақал-мәтелдер сұрап, талдау)
Ал қазір уш оқушыны ортаға шақырамыз. Мен карточка беремін, сондағы берілген тапсырма бойынша сендер оны орыңдайсыңдар. Қазір мен сендерге бір-бірден жұмбақ оқимын. Кім жауап береді, сол бала тақтаға шығады. Сонда әділ болар деп ойлаймын.
А) Көп әңгімем, өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Соған тиер көмегім. (кітап)
Ә) Жаңылмастан жетеуі,
Күнде қызмет етеді. (аптаның жеті күні)
Б) Дүниеге тұмсықсыз – ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. (қарындаш)
Карточкадағы тапсырмалар.
№ 1. Жақсы жолдас жарыққа шығады,
Жаман жолдас батпаққа батырады.
(мақал-мәтел)
Мазмұнын түсіндіріп кет. Жолдас деген сөзге ойлап, бір мағыналы сөйлем жаз.
№ 2. Досыңды мақтағаның,
Өзінді жақтағаның.
(мақал-мәтел)
Қалай түсінесің?
№ 3. Досы жоқ адам –
Тұзы жоқ тағам.
(мақал-мәтел)
Түсіндіру.
Карточкалық сұрақтар.
1. Дос туралы бір өлең оқып беріңіз.
2. Адал дос пен арам дос арасында қандай айырмашылық бар.
3. Достарыңызбен болған бір қызықты оқиғаны айтып беріңіз.
4. Достық пен махаббат ұғымдарының жақындастығы мен
айырмашылығын айтып беріңіз.
5. Досым менің досым,
Мен сені тостым.
Тостымда, досым,
Әнге досым қостым.
Бұл жанылпашты жаттапал да, жаңылмай айтып бер.
6. Досы жоқ адам,
......................... .
Жалғастыр, түсіндір.
7. Жақсы жолдас жарыққа шығады,
...................................................... .
Жалғасын тап, түсіндір.
8. Жақсы жлдас өзін сөзбен емес,
Іспен көрсетер.
Мағынасын түсіндір.
1-әңгіме.
Екі дос
(ел аузынан)
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі джауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп, дамылдайды. Сонда түтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әкерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасшыларына алып баруын өтінеді. Алып барған сон жаудың қолбасшысына:
Мен қолдарына түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.
Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол
өміріңнің бір бөлшегін берсен болды, - дейді.
Ол не? – деп сұрайлы досын құтқаруға келген жігіт.
Маған сенің көздерін керек, - дейді қолбасшы. –Екі көзінді ойып аламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағипкүйі қуана күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар», - деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуіне бұйрық берген екен.
Балалар, мына әңгімеде кімдер туралы айтылған?
Әңгімеде қазақ жауынгері досын құтқару үшін не деді?
Оған қолбасшысы не деп жауап берді?
Балалар, енді екінші әңгімемізге көшейік.
2-әңгіме
Адал дос
(М.Төрежанов)
Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреу Аблан да, екішісіАбыз. Абыздың деңсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сыпқаты болатын.
Бір үйдің жанынан өте бергенде дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді. Абыз:
- Аблан. Қаш, әне, ит келіп қалды, - деп қатты қорқып, айқалап жіберді
Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып алды.
Абыз Абланның жанына келіп:
Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде шалбарынды бүйтіп ит жыртып тастамас еді, - деп жатыр.
Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едін. Өйткені, сен қаты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым, - деді Аблан.
Достар деген осындай болар. – деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.
Оқушыларға сұрақтар қойылды.
Достық қасиеті сөз, қасиетті сезіс, ол тек жөні түзу адамдар арасында қалыптасып,өзара құрмет негізінде дамиды.
Қорытынды кезеңі:
Міне балалар, біздің сабағымыз соңына да жетіп қалды. Балалар, бүгін сабақта не үйрендіңдер, нені білдіңдер? Сол туралы айтып шығып, мына кестемізді толтырып бітірейік. (кесте толтырылады)
Балалар, достың қандай болуы керек екенін талқыладық, әңгімедегі кейіпкерлер секілді нағыз адал дос болуға әрқашан да тырысып, сыйлап, қиын уақыта көмектеміп жүріндер.
Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!