Анашым асыл қазынам атты мерекелік іс шара

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Тақырыбы: «Анашым асыл қазынам»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. 


1-жүр.-Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан-Ана.Бала дүниеге келгеннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны ,жылы жүзі,ыстық құшағы менмейірімін,махаббатын бере білген аналар үшін дүние жүзіндебір күнді мейрам етіп белгілеген.Ол-8 наурыз мерекесі.

2-жүр. 8 наурыз адамдар да,тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша аналарымызды даңққа бөлеп тұрғандай!


1-жүр. Бұл күн біздің елімізде әйел –ананың,отбасының сақтаушысының даңқын шығарушы үлкен мереке ретінде атап өтеді.Ана махабаты адамға қанат бітіреді,күш береді рухтандырады.


2-жүр. АнА!Бұл сөз әрбір халықтың ішінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз, нәзік те мейірімді жылы естіледі.


1-жүр. Ана-көркі көгімнің,

Ана -нұры жерімнің.

Ана- бағы баланың,

Мақтанышы елімнің!!!


2-жүр. Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз-дей отырып бүгінгі кешке

1-2-жүр. Қош келдіңіздер!

1-жүр. Шарапат пен шапағатты тең көрген,

Мейірім мен махаббатты тең көрген

« Ана » деген жарық күннің өзіндей,

Өмірге де,өңірге де өң берген.

2-жүр. -Иә, Нұрбол ,ана деген өмірдің шуағы.Жұмақ ананың табанының астында ,-дейді ғой халқымыз.

1-жүр. -Дұрыс айтасың , Нұрсултан Олай болса сол аналарымыздың бірі мектеп директоры және орыс тілі пәнінің мұғалімі Дюсекова Айна Ертайқызына сөз кезегін берейік.

Күй: Аманқосов Арыстанбектің орындауында «Түрмеден қашқан»

1-жүр. Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін,туған жерін сүйетін,


Бұл қазақтың азаматы,еріміз – дей келе ортада 5 «Б» сыныбының ұл,қыздарын қарсы алыңыздар. Досымжан, Әсем,Шоқан,Бекзат.

2-жүр. Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой-салар,

Әнді сүйсең менше сүй,-дей отырып «Анашым қартаймашы» әнімен ортада Михраев Диас, Аманқосов Арыстанбекті қарсы алыңыздар.

1-жүр. Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Сөз кезегі өзіңде балалар!

Мәнерлеп оқу: 5 «Б» сыныбының оқушыларын қарсыалыңыздар.

Досымжан,Нұрбану,Нұрсұлтан,Арсен,Көркемай.


2-жүр. Ана деген қасиетті үш әріптен құралған бұл сөздің өзі түп нұсқасы өте кең.Ана-бұл бір қолымен бесік тербетсе,бір қолымен әлемді тербететін жан.

Күй: Аманқосов Арыстанбек «Құс қайтару»


1-жүр Ерлік еңбек атқарған,

Еңбегімен мақталған

Ел сенімін ақтаған

Айналайын ақ анам!


2-жүр. -Иә, Нұрбол ,қаншама ақын, қаншама жазушы осы аналарымыз туралы ән,жыр да жазған.

Қыздар би. Ортада «Өзбек биі»


2-жүр. Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,

Бүкіл әлем аналардың үмітінен тараған.

Әлемде сен болмасаң осылайша

Бар ма еді жүрегімде биік мақсат,игі арман?!

Қобыз: Темірханова Әсем


1-жүр. –Иә, бүгінгі айтылғандардың бәрі шындық ,бәрі шын,жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды,ақындарды,ерлерді тауып беретін аналар.

Барлық жақсылықты себетін де аналар.

Сөз кезегі Жакипова Альбина Сериковнаға беріледі.

2-жүр. Ананы да, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.

Ниетің қабыл болсын,аналарым,

Өркендеп өсе берсін,бала-шаға ,немерелер.

Ата-аналарға сыйлық сыйлау сәті.




1-жүр. Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

5 «Б» сыныбы «Флешмоп»

Ата-аналарға сөз кезегі беріледі.

1,2-жүргізуші: Келгендеріңізге көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!









































«№2 Бадамша орта мектебі»






[pic]


( Мерекелік іс-шара)





5 «Б» сыныбы

Орындаған: Жакипова А.С.






Бадамша 2016 жыл