Ұстаздар ұлы тұлға Меркелік шара

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Бейнеу санаторлық бөбекжайы» КММ – нің тәрбиешісі

Кенжебаева Амангүл Қалмұханқызы.





«Ұстаз ұлы тұлға» Мерекелік шара



Мақсаты: Балалардың бойына ұстазға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Ұстазды

құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету, дамыту.

Адамгершілікке, кішіпейілділікке үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

1 Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ –даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!


2 Жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген- анасы ол адамның

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға

арналмақ.

Ендеше мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Тақпақ: Батырхан:

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып.

Қас- қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың- ау нұр жүзіне сыйынып.


Ағылшын тақпақ: Көркем

Әкежан:

Ақыл, білім көп бердің

Анамдайсың мектебім

Сенде өсіп көктедім.

Сенсің мектеп көктемім


Ағылшынша тақпақ: Кәусар

Әмина

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестірдің үніндей.

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дерижер боп күлімдей.


1:Жүргізуші: Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген,

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Ән: «Ұстазым менің»


2: Жүргізуші: Екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?


1: Жүргізуші: Ал ендеше баста.


2: Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»


1: Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»


2: Жүргізуші: «Аспаз көрген ас таныр , ұстаз көрген хат таныр»


1: Жүргізуші: «Ұстазды ұлы әкеңдей сыйла»



2: Жүргізуші: «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы»


1: Жүргізуші: Екеуміз ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.

Ендеше қымбатты да ардақты ұстаздар, шәкіртттеріңіздің өздеріңізге арнаған

өлең- шумақтарына кезек берелік.


Тақпақ : Раушан:

Мектебім айтар әнім

Сан рет қайталадым

Өзіңнен алғанымды

Өзіңе қайтарамын

Сұндет:

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді


Ағылшынша тақпақ: Жаңылсын:

Жұлдыз

2:Жүргізуші Ақырын жүріп анық бас

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға

1:Жүргізуші:

Ойын: Ұстазым созіне сөз құрау

Би: « Қара жорға»

Тақпақ:

Ағылшынша тақпақ: Ақмоншақ

Айкөркем

Нұрайна


Асылан:

Білімнің каусар бұлағын

Жүресің құйып санама.

Біз үшін сенсің – мұғалім,

Ұстаз да, ғалым – дана да.


2: Жүргізуші: Қүллі өмірін бүлдіршінге арнаған,

Мұғалімді ардақтайды барша жан.

Ол мектептен шықпаса да қыс – жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.

Көрініс: «Ұстазбен шәкірт»

1: Жүргізуші: Осымен мерекелік шарамыз аяқталды көріп тамашалағандарыңызға рахмет,

тағыда ұстаздар мерекесі құтты болсын, келесі ұстаздар мерекесіне аман есен

жетейік!

[pic]



[pic]





























[pic]



[pic]