[pic]
Алматы облысы
Каратал ауданы
[pic]
«Би өнерінің
қызымды тәрбиелеудегі ерекшелігі»
7А 8А сынып жетекшісі
Калаулинова Н.Ж
Р. Қошқарбаев атындағы МДШО бар орта метеп
2016-2017 оқу жылы
«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» - деп Кеңес педагогы В.А.Сухомлинский айтып кеткендей, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бірі – би өнері. [pic] [pic]
Би – бұл өнер, әрі спорт, ал бимен әрдайым шұғылданатын болса, ол денсаулыққа, әрі өзін жақсы сезінуге пайдалы.
Би өнері сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, еңбектенуге баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді. Би адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер. Оқушлардың өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше. [pic]
Би өнерімен айналысу балалардың көркемдік талғамын дамытады, олардың орындаушылығының сұлулығы мен байсалдылығын тәрбиелейді, жалпы мәдениетін қалыптастырады, балалардың гормоникалық, көркемдік-эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Классикалық бимен айналысу балаларды әдемілікке және қимылдарының нақтылығына
үйретеді, күші мен икемділігін арттырады. Олардың бұлшық-қозғағыш аппаратын, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерін дамытып, мүлтіксіздігін нығайтады. Сонымен қатар, балалардан күш-қуатты, жинақылықты талап ететін би өнері олардың еңбексүйгіштігін көтереді, ерігі мен мінез-құлқын шынықтырады. [pic]
Қорыта келгенде би өнері оқушының эстетикалық мәдениетін дамыту арқылы жас баланың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастыру, өз халқының төл рухани мәдениетінің қыр-сырын, салт-дәстүрін білген тұлға елінің патриоты ғана емес, өзге ұлттың да болмысын құрметтей білетін, яғни ұлттық санасы биік, өркениеттің көшіне ілесер жан-жақты болары сөзсіз.
[pic]
«Би адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес келеді»
Аристотель
[pic]
7А 8А сынып ата-анасы: Тахтахунова Б.