Ұйымдастырылған оқуіс-әрекеті тақырыбы: Машина

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


54 негізгі мектебінің жанынан ашылған «Абылай» шағын орталығының тәрбиешісі Туремуратова А.Л.

Ақтөбе облысы


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Жапсыру.

Тақырыбы: Машина

Максаты: көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау; машинаның қызметі мен бөлшектерімен таныстыру, жапсыру реттілігін түсіндіру, және жапсыру дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттілікпен орындауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс : Машина-көлік.

Мотивациялық қозғаушылық:

- Балалар, көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Қане, олай болса, біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу әрекетін сендерге түсіндіріп өтейін жарайма?

Ғажайып сәт:

Қонаққа Қасқыр келеді.

-Балалар, қараңдаршы бізге ертегілер әлемінен қонақ келді, айтыңдаршы қай ертегінің кейіпкері?

-Қане, енді балалар қонақтармен амандасайық.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қоңақтарды көргенде,

«Сәлеметсіздер ме?»-деп, сәлемдесіп аламыз.

Ұйымдастырушылық- ізденісті:

Балалар, енді сендерге жұмбақ жасырам, бейнероликке назар аударыңдар ,(слайд) осы жасырған жұмбақтардың шешуін тапсаңдар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы шығады.

Жұмбақтар.

Көше бойы аялдайды,

Адам тасып аяндайды. (Автобус)

[pic]

Құстан аумайды,

Көкте зулайды. (Ұшақ.)

[pic] [pic] [pic] [pic]

Суда сайрандайды,

Құрғақта жүре алмайды. (қайық)

[pic]

-Қане, кім тауып айтады екен?

-Ия дұрыс таптыңдар.

Осы айтылған қайық, ұшақ, автобус осылардың бәрін бір сөзбен айтқанда не дейміз ?

Қане,енді балалар, көліктердің түрлерімен және бөлшектерімен танысайық.

(көліктердің түрлері слайд)

Осы көрсеткен көліктердің бірнеше түрі бар екен, солардың ішінде біз көліктің бір түрі жеңіл машинаға тоқталамыз.

Енді, балалар мына суретке назар аударыңдар, қане айтыңдаршы мынау қандай машина?

Дұрыс, енді осы жеңіл машинаның бөлшектеріне тоқталамыз.

Сөздік жұмыс: Машина -көлік

Енді балалар, біз осы жеңіл машинамызды қайшы, желін, түрлі-түсті қағазды қолдана отырып, ақ қағазымызға жапсырайық.

Бәрін маған қараныздар, бірінші машинаның кабинасын, содан соң терезесін, содан кейін дөңгелегін жапсырамыз.

Міне, енді машинамыз дайын болды.

Сергіту жаттығуы:

Ұшақпенен аспанға,

Жер әлемін шарлайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Қызықтарды табайық.

/қимылдарын көрсетіп жасаймыз/

Ойын: «Ойлан тап»

Тәрбиеші үстел үстіне көліктердің түрін шашып тастап, балаларға ішінен жеңіл машинаны табуды тапсырады.

Рефлексиялық түзетушілік:

-Балалар бүгін ұйымдастырған оқу әрекеті сендерге ұнады ма?

-Машина жапсыру қызық па екен?

Құрметті қонақтар мен балалар әрқашанда көңілдерін жарқын, аспандарын ашық, жүздерің қуаныш пен нұрға толсын деген тілекпен бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу әрекетімізді аяқтаймыз.

Қасқыр балаларды марапаттайды дайындаған сыйлықтарын балаларға таратады


Күтілетін нәтиже:

Білу: көліктің бөліктерін,оларды рет-ретімен жапсыруды;

Игеру: көліктердің түрлерін ажыратуды ;

Меңгеру: жапсыру барысында машинаны бөліктерін ретімен орналастыруды.