Қыс тарбие сағаты 2 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Бекітемін: Бейсенова Ү.А

Мұғалімі : Нурболатова.А

Сыныбы: 2 «г»

Күні: 3.12.2015

Сабақтың тақырыбы: «Қыс» Міржақып Дулатов

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:

Оқушыларға ақын, жазушы М.Дулатовтың өмірі және шығармалары туралы түсінік беру. Мәтіннің мазмұнын ашу. Оқушыларды сауатты оқуға дағдыландыру.
Дамытушылық:

Оқушылардың сөздік қорларын молайту. Байланыстырып сөйлеуін, жүйелі әңгімелеуін, білім-біліктілігін, таным белсенділігін, мәнерлеп оқытуын дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды белсенділікке, байқампаздыққа, табиғаттағы сұлулықты сезіне білуге, еңбексүйгіштікке баулып, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, проблемалық сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:
Жазушы суреті, сөзжұмбақ, тірек сызба суреттер.,интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері,еңбекке баулу,дене шынықтыру,музыка
Жаңа технология түрі: Ой-толғау, сызба,
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

ә) Топқа бөлу, ережесімен таныстыру. Жыл мезгілдерінің суретін таратамын кімге қай жыл мезгілінің суреті түссе сол оқушы өз тобына барып отырады.
І топ –
Көктем
ІІ топ –
Жаз
ІІІ топ –
Күз

4 топ - Қыс.
2. Үй тапсырмасын тексеру -Қазақстан біздің Отанымыз атты мәтінін сурак-жауап аркылы сураймын.


Біздің Отанымыз қалай аталады?


Балалар, Неткен сұлу,неткен көркем,осы менің туған өлкем!

Деген бөлімді аяқтап отырмыз.

Ой қозғау

1 топ көктем мезгіліне




Көктем мезгіліндегі

Табиғат құбылыстары



2 топ жаз мезгіліне




Жаз мезгіліндегі

Табиғат құбылыстары





3 топ күз мезгіліне




Күз мезгіліндегі

Табиғат құбылыстары





4 топ қыс мезгіліне



Кыс мезгіліндегі

Табиғат құбылыстары



- Қазір бізде қай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілі.

- Қыс айларын кім атап береді?
- Қыс мезгілінің алғашқы айы?
- Желтоқсан айы.
- Желтоқсан айының алғашқы күні қандай мереке?
- Президенттің сайланған күні.

Желтоқсан айында тағы қандай мерекелер бар?

Оқушылардың жауабы: 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Жаңа жыл. Осы мерекелердің барлығы жылдың қай мезгілінде тойланады?

Біз көктем туады, жаз шығады, ал қыс келеді дейміз. Не себепті қыс келеді дейміз?
- Өйткені тіршілік иелері қыс келеді деп оған дайындалады. Азық жинайды, отын - шөп дайындайды, құстар да дайындалады. Қыс келеді дегенде адамда қорқыныш сезімі пайда болады. Себебі қыс өзінің қатал мінезімен келеді. Ал бір жағынан қуаныш сезімі пайда болады. Балалар асыр салып ойнайды.

-Балалар, біз үлкен тарауды бастағалы отырмыз. Тарауымыз «Қыста талай қызық бар» деп аталады.
-Мен жұмбақ жасырамын. Жауабын дәл тапсаңдар сөзжұмбағымыз шешіледі.

-Бұл сөздердегі ерекше түсте жазылған «Аяз» сөзі жылдың қай мезгіліне байланысты?
[pic]


Дауысты дыбыстарды созыңқырап, сөздерді дұрыс оқы.


Мұ-ұз Қа-ар


Көз алдыңа не елестеді?

Жапалақтаған қар көз алдыңа нені елестеді?

Оқушылардың жауабы:


4.Жаңа білімді меңгерту.
а) Сендер айтқан әңгімелеріңе ұқсас М.Дулатовтың «Қыс» деген әңгімесімен танысамыз.
Міржақып Дулатов 1885 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүние-ге келген. 1935 жылы айдауда жүрген кезінде қайтыс болады. «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал» деген кітаптары бар. Ол көрнекті қазақ жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.


ә) Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мұғалімнің оқуы.

Оқушылардың бөлімдерге бөліп оқуы.


б) Дәптермен жұмыс.
Бапсыз – жайсыз.
Бек қиын - өте қиын.
Жалтаң аяз – үскірік, суық аяз.
Қарыған – үсіткен.


Окушылардан мазмұнынын түсіндіру.

(Әр топтан бір баладан)


Сергіту сәті.

Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бақша бауды, тауды да,

Бояған ақ түспенен.


Қар туралы түсінік

Әлемнің ең мықты деген ғалымдары жасаған зерттеу жұмыстары жер бетінде бір-біріне ұқсас қарды таппаған. Әрбір қардың 95пайызы ауадан тұрады. Сондықтан оның құлау жылдамдығы өте аз болып келеді. (0,9км\сағ).

Қар түсінің ақ болу себебі ауаның өптігіне байланысты.

Таприхта өзге түсті де қар жауған кездер болған. Мәселен, 1969жылы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Швейцарияда қара қар, ал 1955жылы Калифорния штатында жасыл қар жауған екен.


Қыс мезгілінің пайдасы:

Ауа тазарады, өсімдік егін жақсы шығады, жаңа жыл мерекесін тойлайды, аязды күні зиянды микробтар өледі, шаңғы, шана тебеді.

«Ойлан - бірік - талқыла » әдісімен топтық   жұмыс  жүргізу


Көктем.  Суретпен  жұмыс. Суретте қай  жыл мезгілі    бейнеленген.


Жаз. Адамдар   суықтан  қалай қорғанады? Сен қыста қалай киінесің?


Күз  Қыс мезгіліндегі ойын  түрлерін ата және суретін сал.


Қыс Қыс мезгіліндегі  үй жануарларының жағдайы  туралы не дер едің?


6.Сергіту сәті.

Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бақша бауды, тауды да,

Бояған ақ түспенен.


8.«Сен білесің бе ?» айдары


Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:

- қатпаған мұз үстінде шықпаңдар;

- мұз үстінде топ болып тұрмау керек;

- мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;

- биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;

- мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;

- мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;

- өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер. 

Үсік алу

Қатты үсікті санаулы минутта алу мүмкін, көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі.

Қалай жылыну керек? 

Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабыңызды киіңіз. Егер қолғап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз.Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз. Егер аяғыңызды үсік шалса, орныңыздан қимылдаңыз. Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды.

Халық болжамдары


Жан – жануарларға байланысты

Қарға тұмсығын қанатының астына,жасырса,күн суытады.

Мысық қабырғаны тырнаса ауа-райы бұзылады,бұйығып жатса,аяз болады.
Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз басталады.
Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады.
Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылиды, аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады немесе боран болады..
Қой тісін қайраса, боран немесе дауыл соғуға тиіс. Қой қораға еркін кірсе, қыс жайлы болады.
Мысық пешке тығылса – аяз-дың алды,
4топ - Табиғатқа байланысты.
Жазда құйын көп болса, қыс боранды. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы.
Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады
Қыста кемпірқосақ туса, жыл берекелі, жайлы, мал төлді, егін, шөп бітік, қуаныш көп болады, - деп жориды. Жұлдыз жиі болса,қыста суық,жазда ашық ауа-райы орнайды.


9. Қорытындылау

Ойын "Шыршаны безендіру"

1.Міржақып Дулатов қай жерде, қай жылы дүниеге келген?

2.Ол қандай кітап жазған?

3.Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы неде?

4.Қыста жақсы, бірақ, .........

5.Коньки тебу көңілді, бірақ, ......

6.Жануарлар жылы тон киеді, өйткені,.........

7.Қыста адамдар жылы киім киеді, себебі, .......

8. Қыс мезгілінің пайдасы


10. Бағалау.

11. Үйге тапсырма

М. Дулатовтың «Қыс» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту. «Қыс» тақырыбында әңгіме,сурет салу.