Открытый урок АК-74 автомат

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Автоматтың арналу мақсаты, ұрыстық қасиеттері, жалпы құрылысы және жұмыс принципі.

Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастырудың кезектілігі

 

Білімділік мақсаты: Калашников автоматының міндетін, құрылысын, ұрыстық қасиеттерін толық емес бөлшектеу мен жинастырудың ретін түсіндіру, білдіру, меңгерту.

Дамыту мақсаты: оқыта және тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгерту, білдіру.

Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды, Қарулы күштерге деген құрметті, қырағылыққа, батылдыққа және бастамашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.  

Көрнекі құралдар: «Алғашқы әскери дайындық» оқулығы, «Калашников автоматы» атты плакаттар, Калашников оқу-жаттығу автоматы, оқжатар сумкасы, сүңгі-пышақ макеті т.б.

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Взвод командирі сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт беріледі, амандасу түгендеу, сырт көріністі тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.     «Офицер» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

2.     Қазақстандық офицерлерден кімді білесіңдер?

3.     Біздің елімізде болашақ офицерлер қандай мамандықтар бойынша оқиды?

4.     Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдаудың жалпы ережелері қандай?

5.     Өз ауылымыздан офицер мамандығын қалаған ағалардан кімдерді білесіңдер?

ІІІ. Өткен сабақты қорыту.

         Әскери дайындық деңгейі мен әскер қатарындағы моральдік-адамгершілік ахуал үшін жауапкершілік ең алдымен еліміздің Қарулы Күштерінің офицерлеріне жүктеледі. «Офицер» деген түсініктің өзі әрқашан ар-намысын биік ұстап, Отанына қалтықсыз қызмет ету дегенді білдіріп келген.

         Қазақстандық офицерлер: 1826 жылы қазақта тұңғыш генерал-майор шенін алған ішкі Бөкей Ордасының ханы Жәңгір Бөкейханов.

         Абайдың әкесі Құнанбай, әкелі-балалы Шыңғыс пен Шоқан Уәлихановтар, Ғұбайдолла Жәңгіров, Халел Досмұхамедов, Санжар Аспандияров, Андрей Зенков, Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Сергей Гущин, Наби Акрамов, Андрей Шахворостов.

         Бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігінің қарамағында 9 әскери оқу орны бар:

1.     Ұлттық қорғаныс университеті;

2.     Құрлық әскерлері әскери институты. Алматы қаласы.

3.     Әуе қорғанысы күштері әскери авиациялық институты. Ақтөбе қаласы.

4.     Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты;

5.     Әскери - теңіз институты. Ақтау қаласы;

6.     Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Шетел тілдері әскери институты;

7.     Спорт әскери колледжі;

8.     Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы;

9.     Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы «Жасұлан» республикалық әскери мектеп-интернаттар.

ІV. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау:

Кіріспе. Калашников автоматы Қазақстанда жасалған. («Жас Алаш», 27 қазан, 2001, 29 қараша 2001 жыл).

1947 жылы Калашников автоматының жасалуы қару-жарақ саласында үлкен оқиғаға айналды. Бұл қару бүгінге дейін 60-70 млн данамен шықты деген жорамал бар. Өнертапқыш Михаил Тимофеевичтің автоматы дүниенің о шеті мен бұ шетіне түгел тараған десек қателеспейміз. 1945 жылы Жеңістен кейін де әлемде 60-тан аса соғыстар болған, ірі қақтығыстар кездескен. Олардың 40-ында Калашников автоматы қолданылған.

Ол керемет өнертапқыш болған. Танкіге қарсы зеңбіректен атылған оқтың нақты санын есептеу үшін, өз екпінімен «Санағыш» аспап ойластырса, ату саңылауының тиімділігі арқылы танкі мұнарасын ату үшін «П» тапаншасына арнайы қолдан жасалған құрал ойлап табады. Танк двигателінің мотор ресурсын есептеу құралын құрастырып шығарады.

1941 жылдың маусым айында генерал Жуков оның соңғы шығарған өнертапқыштық жаңалығын жоғары бағалап, қару өндірісін жетілдіруге Ленинградқа жібереді. Соғыс басталғанда Калашников майданға аттанып, танк командирі болды. Соғыста жүріп тапанша-пулеметтің жобасын жасауды ойластырады. Сөйтіп жүргенде жарақат алып алты айлық демалысында Матай станциясына оралады. Сонда локомотив депосының қазіргі дайындау цехында Кравченко, Милащус, Құсайын, Медьведь секілді азаматтармен бірге жүріп «АК» автоматының тұңғыш жобасын жасайды. Жаз айында матай станциясынан екі шақырым қашықтықтағы көшпелі қызыл құмды төбелердің бірінде әріптестерімен М. Калашников өзі жасаған автоматты сынақтан өткізді. Алғашқы сынақта автомат оғы 500 метрге, кейнгі сынақта 1-1,5 шақырымға жеткен.

Кейіннен автомат жетілдіріп АКМ, АКМС, АК-74 калибрлі 5,45 мм, жиналмалы АКС-74, қысқа ұңғылы АКС-74-У, 5,56 мм, АК-101 және АК-103 т.б. қарулар жасалады.   Қысқасы Калашников автоматының 12, пулеметтің 10 түрі өндіріледі. Бүгінде осы қарулар 16 мемлекетте шығатыны ресми түрде тіркелсе 26 елдің армиясы Калашниковпен қаруланған.

Қазақстан Қарулы Күштерінде Калашников автоматы бар. Алайда мұны келешекте жаңа қарулар алмастыратыны сөзсіз. Қалай айтсақ та Михаил Тимофеевич Калашниковтың кезінде Матай станциясында тұрып, әлем мойындаған қуатты қару жасағаны біз үшін мақтаныш. Калашников автоматы және қару болып табылады және қарсыластың адам күшін жоюға арналған. Автоматтан автоматты және жекелей атыс жүргізіледі. Автоматтың автоматты жүргізуі ұңғы каналынан бекітпе жақтауының газ поршеніне бөлінетін оқ-дәрі газдарының энергиясын пайдалануға негізделген. Автоматты ұрыстың қасиеттері кестеде келтірілген мәліметтермен сипатталады.

Автоматтың негізгі бөліктері мен механизмдері.

1.                Ұңғы қорабымен, көздеу құрылғысымен және дүмбімен қоса ұңғы.

2.                Ұңғы қорабының қақпағы.

3.                Сүңгі-пышақ.

4.                Қайтарма механизм.

5.                Газ поршенімен бекітпе жақтауы.

6.                Ұңғы бастырмасы газ түтігі.

7.                Бекітпе.

8.                Сүмбі .

9.                Шет мойын.                              

10.           Оқжатар.

11.           Керек-жарағымен пенал.

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына АКМ және АК-74 автоматтарының сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Оқушыларға осы тапсырманы орындатамын.

         Автоматты бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін.

Автоматты толық емес бөлшектеу реті.      

1.     Оқжатарды бөліп алу.

2.     Керек-жарақпен қоса пеналды шығарып алу.

3.     Сүмбіні алу.

4.     Ұңғы қорабының қақпағын шығарып алу.

5.     Қайтарма механизмді шығарып алу.

6.     Бекітпе мен қоса бекітпе жақтауын алу.

7.     Бекітпені бекітпе жақтауынан алу.

8.     Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін шығарып алу.

Толық емес бөлшектеуден кейін автоматты жинастырудың реті.

1.     Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін қосу.

2.     Бекітпені бекітпе жақтауына қосу.

3.     Бекітпесімен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу.

4.     Қайтарма механизмді қосу.

5.     Ұңғы қорабының қақпағын қосу.

6.     Сүмбіні қосу.

7.     Пеналды дүмбі ұясына салу.

8.     Оқжатарды автоматқа қосу.

 

Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастырудың нормативі төмендегідей:

Толық емес бөлшектеу                   Жинастыру         

18 секунд – «5»                               30 секунд -  «5»

20 секунд – «4»                               35 секунд -  «4»

25 секунд – «3»                               40 секунд -  «3»

V. Сабақты қорытындылау. 

Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру. Оқушыларды бағалау.

VІ. Үйге тапсырма. «Бастауыш әскери дайындық» оқулығы ІІІ тарау. Атыс дайындығы 3.1 – 135 бет.

 

Кесте 

Қару түрі АКМ 7,62

 

Қару түрі АК 5,45

 

Қару түрі қол пулемет РПК – 74 5,45

Ұңғы калибрі 

Нақты атыс қашықтығы, м

Атудың көзделу қашықтығы

Тұра атыс қашықтығы:

Кеуделік фигураға

Жүруші фигураға

Шоғырланған атыс қашықтығы, м

Жер үстіндегі нысаналар бойынша Ұшақтар мен парашютшілер б-ша           

Атыс қарқыны, ату/мин

 Ұрыстың ату жылдамдығы, ату/мин 

Үзбей атқанда

Жекелей атыспен атқанда

Жарақталған магазинімен қосқандағы массасы, кг

Сүңгі – пышақтың массасы, г      

Магазиннің сыйымдылығы, патрондар                

Оқтың шекті ұшу алыстығы

Оқтың қиратқыш әрекеті сақталатын қашықтық, м

Оқтың бастапқы жылдамдығы, м/с

7,62

400

1000

 

350

525

 

800-ге дейін

500- ге дейін

600-ге жуық

 

140-дейін

40-дейін

 

3,6

450

 

30

3000

 

1500

715

5,45

500

1000

 

440

625

 

1000-ға дейін

500- ге дейін

600-ге жуық

 

100-дейін

40-дейін

 

3,2

490

 

30

3150

 

1350

900

5,45

600

1000

 

460

640

 

1000-ға дейін

500- ге дейін

600-ге жуық

 

150-дейін

50-дейін

 

5,0

-

 

45

3150

 

1350

960

 

АКМ

Ұңғы калибрі 7,62 мм. Оқтың шекті ұшу алыстығы 3000 м. Шоғырланған атыс қашықтығы жер үстіндегі нысаналар бойынша 800-ге дейін.

АК – 74

Ұңғы калибрі 5,45 мм. Оқтың шекті ұшу алыстығы 3150 м. Шоғырланған атыс қашықтығы жер үстіндегі нысаналар бойынша 1000-ға дейін.

Адам күшін жоюға арналған. Автоматты, жекелей атыс жүргізеді. Атудың көзделуі қашықтығы 1000 м. Шоғырланған атыс қашықтығы ұшақтар мен парашютшілер үшін 500 м. Атыс қарқыны 600 ату/мин. Ұрыстық ату жылдамдығы жекелей атыспен атқанда 40-қа дейін. Оқжатар сыйымдылығы 30 оқ.   

 

 

«Автоматтың арналу мақсаты, ұрыстық қасиеттері, жалпы құрылысы және жұмыс принципі. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастырудың кезектілігі»

 

Тақырыптық сабаққа өзіндік анализ.

 

Осы сабақ «Атыс дайындығы» тарауын жалғастырады. Бұл тақырып осы тараудың негізгі сабағы деп санаймын, өйткені қару-жарақтың құрылысының негізгі білімін береді.

1.                Ұйымдастыру кезеңі: Сынып взвод сапқа тұрады, кезекші рапорт береді, амандасады, бұл  шаралар әскери тәртіпті сақтауға тартады.

2.                Үй тапсырмасы карточкаларды пайдаланып тексеріледі.

3.                Өткен сабақты қорыту.

4.                Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау:

Кіріспеде де «Калашников автоматы» Қазақстанда жасалғанын айтып, оның тарихи оқиғаларын еске түсіреміз.

         Кестені пайдаланып, автоматтың ұрыстық сипаттамасын зерттейміз. Автоматтың макетін көрсете отырып, оның бөлшектері мен механизмдерімен танысу. Толық емес бөлшектеудің және жинастырудың реті бойынша жаттығу өткізіп, нормативті орындатамын. Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, бағалаймын.