«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» танымдық-отбасылық сайысы
Сайыстың мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.
Көрнекіліктері: слайдтар, , күй дискілері.
Өтетін орны: 15 кабинет
Сайыстың жүру барысы:
Жүргізуші:Тәуелсіздік- қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс.Сандаған ғасырлыр мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды. Егер Тәуелсіздікті ақ сұңқар құсқа теңесек, қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп-әлпештеп, құрметтеп ардақтайық!Бәйтеректей асқақтап, аспан құшағына өршелене құлшынып өссін,Отанымыз көркейсін!
Қош келіпсіз сайысқа ата-аналар,
Тілейміз тек сәттілік бұл сайыста!
(Әр топ өз санын таңдап алып,
1,2,3,4,5 орынға жайғасады)
Әділ- қазылар алқасын сайлау:
Той басталды ендеше той басталды,
Тойғабасшы болады әділ-қазы
Атайық әділ-қазы алқаларын,
Беретін әділ сынын бағаларын
1.-----------------------------------------------------------
2.-----------------------------------------------------------
Бағалау парағы беріледі.
Сайыс шарттарымен таныстыру:
1.Таныстыру
2.Мақал-мәтел Отан туралы
3.Мақал –мәтел туған жер, тіл туралы
4.Әріптер сөйлейді
5.Сандар сыры
6.Өнер сайысы
7.Сөзжұмбақ
8.Сөз құрау
Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру:
Таныстыру болмақшы алғашқы сайысымыз,
Әрқашанда сай болсын сөзге ісіміз,
Жүздің түрін білгенше, бірдің атын біл ,-деген
Жақынырақ танысайық әр жанұя мүшесімен
Екінші бөліміміз- Отан туралы мақал-мәтел.Шарты :Бір жанұя айтқан мақалды екінші жанұя қайталамай,басқасын айту керек.Іске сәт!
Үшінші бөліміміз –экраннан мақалдың жартысы шығады, қай жанұя бірінші болып тапса ұпай сол жанұяға ұпай беріледі.
1.Ел жаусыз болмас, Жер таусыз болмас
2.Жері байдың-елі бай
3.Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас
4.өз елім-өлең төсегім
5.Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық
1.Өнер алды-қызыл тіл
2.Тіл тас жарады,Тас жармаса, бас жарады
3.Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ
4.Тіліңмен жүгірме,Біліммен жүгір
5.Ұстаның қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ
Төртінші бөлім «Әріптер сөйлейді». Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі.
А Ә
Б
В
Ғ
Е
Ж
Ш
И
К
Қ
М
Н
О
Ө
П
Т
Х
Ц
І
А- Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/ Ә- Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/
Б- Астана қаласының символы /Бәйтерек/
В- 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/
Ғ- Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ /Ғасыр Адамы/
Е- «Алтын адам» қайдан табылды? /Есік қаланың маңынан/
Ж-Қ.Р-ның әнұранының сөзін жазған?Жұмекен Нәжімеденов
И- Елбасымыздың мамандығы /Инженер- металлург/
К- Қ.Р-ның Мемлекеттік туында не бейнеленген?/күн/
Қ-Қ.Р-ның Мемлекеттік туында не бейнеленген?/Қыран/
М-Мемлекеттік рәміздер қай айда бекітілді?/Маусым/
Н- Қ.Р-ның мемлекеттік туының авторы/ Шәкен Ниязбеков/
О-Қазақстанның бұрынғы астанасы /Орынбор/
Ө-Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы /Өскемен/
П-Жоғарғы заң шығарушы орган /Парламент/
Т-Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел /Түркия/
Ц-Астана қаласының бұрынғы атауы /Целиноград/
Ш-Ел таңбаның авторы /Шота Уалиханов/
І-Көшпенділер трилогиясының авторы /І. Есенберлин/
Бесінші бөлім «Сандар сыры»
Бұл бөлімде әр топ бір сан таңдайды сұрақ сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады.
3 саны
Ø Үш жұртты атаңыз /Ағайын,нағашы,қайын /
Ø Үш байлық /Денсаулық, ақ жаулық, он саулық/
Ø Үш қадірлі /Бақ, ырыс. Дәулет/
4 саны
Ø Төрт тұлға /от, су, жер, жел/
Ø Төрт маусым /Қыс, көктем, жаз, күз/
Ø Төрт мұрат /Дау мұраты- біту, сауда мұраты- ұту, жол мұраты- жету, қыз мұраты- кету/
5 саны
Ø Бес парыз/Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық/
Ø Бес жаратылыс /Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн/
7 саны
Ø Жеті күн /Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі/
Ø Жеті ата /Бала, әке. ата, арғы ата, баба. ту ата, тек ата/
«Өнер сайысы»
Өнерлі өрге жүзеді.
«Өнерпаз болсаң арқалаң»-дегендей Абай атамыз.
Би билеп ән салайық, жыр жырлайық
Ортаға бар өнерді салайық.
«Сөзжұмбақ»Экранға назар аударып сұрақтарға жауап беріңіздер!Қай жанұя жауабан тапса ұпай сол жанұяның еншісінде!
1. Шетелдіктер қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме деген сұраққа «халқым менен де биік, мененде сымбатты» деп жауап берген ұлтымыздың мақтанышы-Сәтбаев
Соңғы бөлім «Сөз құрау» Экранға назар аударыңыздар. «Қазақстан» сөзінен сөз құрау керек. 3 минут
Сайладық әділ қазы алқаларын,
Берсін деп әділ шешіп бағаларын,
Топ жарған жанұяны атаңыздар,
Нұры тасып топ алдына шықсын қазір
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем» 2 сынып оқушысы---------------------------оқиды
Сайысты қорытындылау. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
«Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі»
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»
Отбасылық танымдық сайыс
Өткізген:Нурланова Назерке Нурланқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
2 «Д» сыныбы
Өскемен қаласы, 2016 жыл