Внеклассная работа по творчество великого казахского поэта Абая Кунанбаева

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...

Алматы қаласы

«Бөбек» ҰҒПББСО

«Өзін-өзі тану» гимназиясы,

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Абдраимова Рахиман Айтбайқызы

Әдеби кеш:

Мақсаты: 1. Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын таныту, ұлы ақын еңбектерін дәріптеу.

2. Абайдың өлеңдері арқылы адам бойындағы рухани байлықтарды дамыту, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие беру..

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, плакаттар. Абайдың портреті, слайд.

Өткізілетін орын: Салтанат залы.

Өткізілетін күні: 15 наурыз 2016 жыл. Уақыты: 14.30


1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі кештің қадірлі қонақтары! Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Абай оқулары» салтанатты кешінің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер.


2-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, – деп жырлаған халқымыздың қайталанбас бір туар перзенті ұлы ақынымыз, данышпан да кемеңгер Абайдың, ғалым Абайдың, дана Абайдың, дара Абайдың «Өлең – сөздің патшасы ...» атты жыр кешіне қош келдіңіздер.


1-жүргізуші: Бүгінгі жыр кешімізге әсем әнімен шашу шашып, әсем әнін әуелететін өнерпаздар келіп отыр.


2-жүргізуші: Абайдың өлең-жырларымен сусындаған, бойларына тәрбиенің мол қазынасын сіңіре білген, өлеңдерін жатқа айтатын, өскелең ұрпақ та осында.


1-жүргізуші: Бүгінгі кештің қазылар алқасы:

  1. Кештің музыкалық көркемдеушісі, музыка мұғалімі, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты: Бақытжан Айтжанұлы;

  2. Гиназия директорының орынбасары: Гүлнар Уксикбайқызы;

  3. Бастауыш сынып мұғалімі: Ләззат Жұмашқызы

  4. Кітапханашы: Гүлжан Назарбекқызы;

  5. Педагог-психололг: Нина Ивановна;

  6. Ағылшын тілінің мұғалімі: Наталья Едирисовна.


2-жүргізуші: Бүгінгі кештің шымылдығын күмбірлеген күйімен «Балдәурен» халықаспаптар ансамблі ашады. Балғын балалардың орындауында

Халық күйі: «Нар ағаш» (2а сыныбы)

1-жүргізуші: Абай – ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Абай ең алғашқы өлеңін 9 жасында шығарды. Алайда өлеңдерін өз атынан емес, жолдастарының атынан жазады. Кейін толысқан, кемелденген Абай 40 жасқа қараған шағында өлең жазу мен шығармашылыққа шындап ден қояды.


2-жүргізуші: Абайдың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп түрған үздік туындылар мол. Халықтың сөйлеу тілінің, қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық-ритмикалык, байлығын терең ашып көрсетті, жаңа ырғақты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалық мүмкіндіктерін молықтырды.


1-жүргізуші: Ендігі кезекті көркемсөз оқушыларға берейік. Абай аталарының ғибратты сөздерінен нәр алған ұландар өз өнерін ортаға салмақшы. Бүгінгі кеште ұлы ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалады.


2-жүргізуші: Абай мұрасы – мол қазына. Жас ұрпаққа берер өнегесі де, өрелі сөзі де әркімнің жүрегінен терең орын алмақшы. Жан дүниені шымырлатар әуезді сөзді іздесең, Абайды оқы, Абайды таны.

І бөлім: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...» айдарымен берілмек.

  1. Сапарбаева Ситора, 10б сыныбы – «Базарға қарап тұрсам әркім барар»

  2. Қайырбекова Аружан, 10б сыныбы – «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

  3. Тыныбекова Анель, 6б сыныбы – «Жастықтың оты жалындап»


1-жүргізуші: Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және басқа да бейнелі сөздердің өрнектері мол. Жан тебіренісінен туған өлеңдерін бауырларына, өз балаларына да жолдаған. Солардың біразы баласы Әбдірахманға арналады.

  1. Жақсыбеков Еркебұлан, 8а сыныбы – «Әбдірахман өлгенде»

  2. Исат Тамира 8а – «Кешегі өткен ер Әбіш»

  3. Әлікеев Бекарыс 8а – «Кешегі Оспан ағасы»


2-жүргізуші: Абай сөз өнерін тізбектеген ұлы ақын ғана емес, сонымен қатар Абайдың сазгерлік өнері де болған.

Абайдың әні: «Көзімнің қарасы» орындайтындар:

5а сыныбының қыздары мен Джангарашева Дарья.


1-жүргізуші: Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедця секілді. Ол – қазақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарытқан ақын. ІІ бөлім: «Сөз өнері, жүрек тебіренісі» сайысы.

ІІ. «Сөз өнері» сайысы

  1. Шаханова Галина, 8в сыныбы – «Бойы бұлғаң»

  2. Берик Тимур, 8в сыныбы – «Заманақыр жастары»

  3. Ведянина Кира, 10б сыныбы – «Кейде өсер көңіл құрғырың»

  4. Аманжолова Алма, 6б сыныбы – «Туғызған ата-ана жоқ»


2-жүргізуші: Ол бірнеше күйдің де авторы. Сондай күйлердің бірін музыка мұғалімі, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты Матбуса Жұлдыз Балтабайқызы орындайды. Қарсы алыңыздар!

Абайдың күйі «Тор жорға».


1-жүргізуші: Абайдың негізгі зерттеу объектісі – адам. Сол адамның эстетикалық, этикалық талғамы, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреніске түсірген. Келесі ІІІ бөлім: ІІІ. Ғылым, білім, өнер және ақылдылық пен ой парасаттылығы.

  1. Оразбекова Аружан, 7д сыныбы – «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

  2. Рахатова Жұлдыз, 6а сыныбы – «Әсемпаз болма әр неге»

  3. Булатов Әкежан, 6а сыныбы – «Интернатта оқып жүр...»

  4. Болат Ажар, 6б сыныбы – «Интернатта оқып жүр...»

  5. Яфаров Расул 7д сыныбы – «Ғылым таппай мақтанба»

  6. Югай Катя 10б сыныбы – «Жас өспірім замандас қапы қалма»

  7. Мейірбек Балмира 7а сыныбы – «Білімдіден шыққан сөз»


2-жүргізуші: Абай жазған тағы да бір тақырып – табиғат көріністері. Абай жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдерінде үлкен суреткерлік, шеберлік таныта білген. Ол өз шығармаларында жыл маусымдарын қайталанбас соны бояулармен бейнеледі. Келесі бөлімде, яғни ІV бөлім – «Табиғат лирикасы»

  1. Дробот Ира, Мамырбаева Анель, 10в сыныбы – «Жазғытұры»

  2. Бекбасова Анеля, 6а сыныбы – «Жаз»

  3. Асымова Малика, 6а сыныбы – «Күз»

  4. Рахметова Әсел, 10б сыныбы – «Қарашада өмір тұр»

  5. Төлепберген Айкен, 6а сыныбы – «Қансонарда бүркітші шығады аңға»


1-жүргізуші: Табиғат лирикасына жазылған Абайдың әні: «Желсіз түнде жарық ай» Орындайтындар: Әлікеева Айғаным, Караева Камила, Изенбаева Азиза, Тоқтарбаева Аружан, 6а сыныбы.


2-жүргізуші: Абай шығармаларының тағы бір шыңы – махаббат лирикасына жататын өлеңдер. Олар тақырыбы жағынан да, көркемдік сипаты жағынан да өзгешелігі сан алуан болып келеді. V бөлім: «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл»

  1. Айдарханова Айнұр, 8а сыныбы – «Жүрегім нені сезерсің»

  2. Сеитова Алуа, 7а сыныбы – «Көңіл құсы құйқылжып шартарапқа»

  3. Жұмаш Бағжан, 8в – «Не іздейсің көңлім не іздейсің?»

  4. Кузнецова Тамара, 7д сыныбы – «Ғашықтық, құмарлық пен ол екі жол»


2-жүргізуші: Абайдың аудармалары да өзінше бір әлем. Осы орайда ғашықтық тақырыбына жазылған А.С.Пушкиннің "Евгений Онегинінен" үзінді келтіргенді жөн көрдік. Басқа аудармаларын кейінірек орындайтын болады.

  1. Адилханова Аида, 10в сыныбы – «Татьянаның хаты»

  2. Хылыбова Лиза, 11б сыныбы – «Онегиннің жауабы»

  3. Кошенаева Назерке, 11б сыныбы – «Онегиннің сөзі»


1-жүргізуші: Абай терең ойлы, мағыналы, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін маржан сөздерімен қатар лирик ақын да болған. Лирика тақырыптарының біріне жазылған Абайдың әні: «Айттым сәлем, Қаламқас» Орындайтын 7а сыныбының ұжымы.

1-жүргізуші: Келесі кезекте оқырман қауымның Абай аталарына арналған төл туындыларына назар аударайық. VІ бөлім: Жүрек жарды өз туындылары.

  1. Сапарбаева Ситора, 10б сыныбы – «Великому Абаю»

  2. Шитенова Дана, кітапханашы – «Данышпан ата»


2-жүргізуші: Абай шығармашылығындағы үлкен бөлім – Абайдың аудармалары. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлық түрлер туғызды. А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов, И. Крылов т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Абай орыс ақындары арқылы батыс әдебиетінің классиктері Гетенің, Шиллердің, Байронның өлеңдерін де қазақшаға аударды.

VІI бөлім: Абай аудармалары.

Шағын сахналық көрініс «Ұлылар үндестігі»

1-жүргізуші: Осенью 1780 года И.В.Гете пишет карандашом семь строк стихотворения на стене деревянного дома стоящего на вершине Кикильхап в окрестностях Ильменау. Так родилась «Ночная песня путника» («Вандрерс Натхлид») потом она станет широко известна. 1840 году это стихотворение Гете с основе перевода Лермонтова на свет поевилось стихотворение Абая «Қараңғы түнде тау қалғып». Самое удивительное – перевод Абая очень близок к Гете.Прозорливый великий казахский поэт точно передал душевную тайну Гете.

Летом 1983 года на родине Абая в селе Карауыл был открыт памятник-барельев, показывающий духовное родство трех великих поэтов. На мраморе «Ночная песня путника» написанана немецком, русском и казахском языков. Все мы гордимся этой интересной и поучительной истиной, проясняющей силу и величие поэзии.

  1. Гете – «Вандрерс Натхлид» – оқитын Ермеков Сұлтан, 10в.

  2. Лермонтов – «Ночная песня путника» – оқитын Малих Ансар, 10а.

  3. Абай – «Қараңғы түнде тау қалғып» – оқитын Абдрахманов Едіге, 10а.

«Қараңғы түнде тау қалғып» әні, орындайтын: Ахмешев Б.А.


2-жүргізуші: [link]  өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. VII бөлім: Абайдың қара сөздері.

1-жүргізуші: Кешіміздің келесі бөлімі Абайдың қара сөздерінен үзінді оқу болмақ.

  1. Бабаева Аружан 10а сыныбы – 31-қара сөз.

  2. Омарова Камила, 10а сыныбы – 45 қара сөз.


2-жүргізуші: Бүгінгі кеште Абай өлеңдері мен әндері әуелене шырқалды. Әрине бір кешке ақынның өлеңдерін сиғыза алмақ емеспіз. Дегенмен аз да болса көңіл өсіп, тәлімдік мол мұрадан аз да болса сусындай білдік.


1-жүргізуші: Бүгінгі кештің өз мәнінде өтуіне ат салысқан барлық ұстаздарға, оқушыларға, әділ қазыларға, музыкамен көркемдеушілер, Бақытжан Айтжанұлына, Жұлдыз Балтабайқызына шағын кітапхана ұйымдастырған Гүлжан Назарбекқызына ерекше алғыс білдіреміз.


2-жүргізуші: Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.


Оқушылар марапатталады, көңілді музыка