Ашық тәрбие сағаты:«Мамандық таңдау маңызды іс» (9 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ашық тәрбие сағаты

Мектеп № 139 мг Мерзiм 24. 11.2015 ж .

Мұғалiм: Мадиева Г. сынып: 9«Б» Оқушылар саны: 18

Тақырып: «Мамандық таңдау маңызды іс»
Мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
Міндеттері: Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
- Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа форматты

Көрнекілігі:  интербелсенді тақта,бейнебаян




1.Қызығушылығын ояту



5 -мин


Диалог құру









Ой қозғау


  • Жалпы ес білгелі кез келген адам өз - өзіне

  • «Мен кіммін?»,

  • «Осы өмірдегі менің орным қандай?»,

  • «Қалай өмір сүремін?» деп ойлануы керек.
    Профессия – латын сөзінен шыққан, “professio”, - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Оқушылар сендерге сұрақ қояйын.


--- Қандай мамандық иелерін білесіңдер?


Бейнебаян «Мың түрлі мамандық»
 

Топта ынтымақтастық атмосферасын сақтай отырып,берілген тапсырманы бірлесе шешеді

2.Мағынаны тану



2- мин


Жағдаятты талдау

Ассоцияция


Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?

  • ата — ананың ақылы

  • достарыңның ақылы

  • мұғалімнің ақылы

  • қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі

  • дарының, мүмкіндігің, қабілетің

  • жақын аймақтағы оқу орнының болуы

  • жалақысының көп болуы

Ассоцяция Өздеріне қажет деген сөздерді теріп жазады


Оқушылардың комментариясы


3мин


«Мамандықтар классификациясы»

Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:

  • адам – техника,

  • адам – адам,

  • адам – белгі жүйесі,

  • адам – табиғат,

  • адам – көркем образ.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой — өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер

Жаңа ақпаратты түсініп,өздеріне ой түйіндейді




Осы мамандықтардың сәйкесін табады

1.


7 мин





СТО, Диалог



















































Диалог

Сонымен мамандық дегеніміз не?

Жұмбақ жан- бізге кейіпкеріміз хат жолдапты .Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптардың өзінде- ақ өнер адамдарына еліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Өнер десе ішкен асымды жерге қойып , өнер адамдарын пір тұттым. « Өнерліге өріс кең»,- дегендей ең бірінші ұстанған бағытым өнер әлеміне қанат қағу, өрлеп ұшу , алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім.

Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.

Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалады өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы , мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір- түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер !

 Сұрақ- жауап :

  1. топқа сұрақ :Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі бола аламын ба?

  2. топқа сұрақ : Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

Мақалды аяқта:

  1. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

  2. «Биікке шықсаң көзің ашылады, 

Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады»


Күтілетін нәтиже:

Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі



Мамандық таңдаудың адам өмірінде маңызы зор,шынайы таңдаған адам бақытты болады.









5мин

Топтық жұмыс


Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

  1. Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады

  2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

  3. Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

  4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

  5. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

  6. Мамандық таңдау – күн көріс қамы


Өз ойларын айтып,білген түйгендерін ортаға салады


7 мин



СТО

  • «Өмірмен байланыс» бөлімі.
    Өздеріңнің туған Алматы қаласында қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар?

  • Қала экономикасын көтеру үшін, қалаға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

зерттеушілік әңгімесін жүргізеді



5мин

СТО

Диалог

Топтық жұмыс

Мен қазір... 
Қай пәнді сүйіп оқисың?
Қандай маман иесі болғың келеді?
Мен 3-жылдан кейін...
Қандай оқу орнын таңдайсыз?
Қандай мамандықты?
(Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?)

Зерттеушілік әңгімесін жүргізе отырып бір шешімге келеді

Ой толғау



10мин










Тренинг

«Қол мидың жалғасы».

Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Жауап.
1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.
2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.

Қағазға алаұандарының суретін салып, сызып өздеріне тиесілі мінездемені тыңдайды,қорытынды шығарады

Рефлексия

«Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығуы
Өз ойларындағы бақыт құсын жасап, тілектерін келесі топқа сыйлау.
Пікірлесу, талдау: Осы күннен не алдыңыз?
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадың, ойландыратын жағдай болды ма?

Білген түйгендерін айтады және бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайтады



  • Адам, өмірінде екі - ақ нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын деп санайды екен. Біріншісі - мамандық, екіншісі - адал жар.
    Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңа тілектестігімді білдіремін!