Ертеңгілік тақырыбы «Алтын күз»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


 

Ертеңгілік тақырыбы: «Алтын күз»

(Даярлық тобына арналған ертеңгілік)

Балалар әуенмен залға кіреді.

Жүргізуші: Сары жібек желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп.

Тойға бөлеп иісімді күзім келді,

Нұр тамашасын аспаннаң мөлдіретіп.

 

Би: «Күзгі вальс»

Тақпақтар:

Гүлсезім: Ой балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Ой балалар,балалар,

Ойналық та  күлелік,

Енді оқуға кірелік .

Перизат: Жайдарлы күз, жарқын күз,

Аяулы күз ,алтын күз

Дәнге толды ең далам

Дариядай шалқып жүр.

Мейірлі күз ,мырза күз

Сыйлығыңа ризамыз

Аппақ қардай таңыңда

Шомыламыз нұрға біз.

Аружан: Алтын сары,қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалбырап.

Таудан салқын жел соқса,

Сыбдырлайды қалтырап

Жақын қалды желтоқсан,

Жапырқайды жапырақ.

Ән: «Күз келгенде»

Шегіртке мен құмырсқаны киіндіру.

Шегіртке кіреді. Савламатсыңдар ма бала-р?мында неге жиналып отырсыңдар?Сендердің ән салған дауыстарыңды естіп келдім.Мен де ән салғанды,би билегенді жақсы коремін.Осылайша көңілімді әр дайым көтеріп жүремін. (Кұмырсқа өтіп бара жатады.)

Шегіртке: Әй, құмырсқа не істеп жүрсің. Мына балалар ән салып,көңіл көтеріп отыр екен. Кел бізбен ән салып би биле.

Құмырсқа: Ау, шегіртке сенің мұның не?Жаз бітіп, күз келгенін білмедің бе?Қысқы азығыңды дайындамайсың ба?Менің сендермен ән салып,  би билейтін уақытым жоқ.Қысқы азығымды дайындап жүрмін.

Шегіртке: Құрмырсқа достым, мында сенің де достарың, менің де досытарым отыр. Қане ортаға биге шақырайық.

Би: Құмырсқа мен шегірткелер вальсі.

Жүргізуші: Құмырсқа сен қандай еңбекқорсың.біздің балалар да еңбекқор, білімді. Еңбек туралы мақал мәтелдерін айтып береді.

Мақал мәтелдер.

1. Еңбек-ердің санаты,

2. Білім-ердің қанаты.

3. Еңбек түбі- зейнет.

4. Еңбекпен ер өседі,

Егізден төл өседі.

5. Еңбек –барлығын жеңбек.

6. Ерте тұрғаның құты артық.

Ынта болса адам да ,

Қиын іс жоқ ғаламда.

Құмырсқа: Балалар сендерге рахмет.Мен енді қысқы азығымды дайындайын. Ал, шегіртке сен ойлан.Сау болыңдар балалар!

Шегіртке: Кете бер, кете бер. Менің әлі балалар көңілімді көтереді.

Жүргізуші: Ондай болса балалар саған арнап ән айтып береді.

Ән: «Күзгі жапырақтар» Азамат пен Меруерт.

Шегіртке: Ой, балалар сендер менің көңілімді көтердіңдер. Енді мен сендердің көңілдеріңді көтеремін.

Ойын: «Жемісті тез жина»

Тәрбиеші: Шегіртке сен білесің ба?Күз мезгілін де неше ай барын?

Шегіртке:-Ол не нәрсе, оны ойлайтын да уақтым жоқ.

Тәрбиеші:-Ендіше оны біздің балалар айтып берсін

Тақпақтар:

1.Аңсар:    Сыңғырлайды қоңыраулар

Қыркүйектің айында.

Жас ұландар бара жатыр,

Өнер білім бағында.

2.Алихан.    Қазан айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Туыстық адал достықпен,

Бейбіт өмір жалғасты.

3.Азамат Күздің қараша  айында,

Жиын –терін бітеді,

Жапырақтар сарғайған,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Шегіртке: ой, балалар сендер дұрыс айтасыңдар.Сендердің тақпақтарыңды, болжамдарыңды естіп ойланып қалдым. Секіріп, ән салып жүре бермей қысқы азығымды дайындайын.Сау болыңдар балалар.Рахмет сендерге.Көңілімді көтердіңдер.Құмырсқаны куып жетіп алайын. (деп шығып кетеді)

Жүргізуші: Уылжытып жемісін,

Ақтарды ғой мырза күз.

Аянбайтын ел үшін,

Өсіп келеді ұл мен қыз.

Ән: «Алтын күз»

Жұмбақ:

1. Бақшада өседі,көп өнімді береді       (көкеніс).

2. Домаланған ала ас,

Дәмі шырын,даяр ас          (қарбыбыз)

Би: «Қол шатыр»

Күз ханшайымы: Саламатсындар ма балалар?

Балалар мерекелерің құтты болсын.Күз өз молшылығын алып келсін.

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе ,күз ханшайымы біздің даусымызды естіп құттықтауға келгеніңізге көп рахмет, алыс жолдан шаршап келген боларсыз,

Отырып балалардың өнерін тамаршалаңыз.

Біздің балалар «Ұйқасып»өлең шумақтарынжемістерге байланысты айтып береді.

Анжела: Іші толған шарбат,

Дәмі қандай әйбат

Үзең бірден жүзі

Оның аты жүзім

Меруерт:          Сырты қандай қатты,

Дәні сондай тәтті

Шағып қара таңдап,

Оның аты жаңғақ.

Данияр: Дөп-дөңгелек сары.

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп

Оның аты өрік

Жасұлан:         Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бау-бақша,

Күрең қызыл шіркін –ай

Оның аты құлпынай.

Ерасыл: Пісетін кезде дәл күзде

Мезгілсіз оны сен үзбе.

Аузынан кетпес бал дәмі

Оның аты шабдалы.

Көрініс:  «Қаңбақ  пен бидай»

Тәрбиеші: Өзі қаңбақ болса.

Онда қандай салмақ болсын,

Тұрақтай алмай тегістікке,

Тірелді бір күні егістікке,

Дауыспен былай тіл қатты:

Қаңбақ:-Сен осы бидаймысың?

-Бидаймын,

-Ақыл айтсам тыңдаймысың?

-Тыңдаймын,

-Ашып айтсам дұрысым,

Осы қай түрысың?

Жүрмейсің,кезбейсің,көрмейсің

Не барын не жоғын да білмейсің.

-Мен болсам міне,

Күнімен түні.

Ұшарымды жел біліп,

Қонарымды сай біліп

Сайран салып жүргенім

Қызықты өмір сүргенім

Тәрбиеші:-Эй қаңбақ деді

Қанасына сыймай,

Ш. Камила : Ашып айтсам дұрысым

Осы қай жүрісің

Белгілі тұрағың жоқ.

Бас түгіл құлағың жоқ

Дильназ: «үф»-десе ұшасың,

«Сүф »десе қонасың

Қаңғыған қаңбақсың

Кімге тұлға болмақсың

Б. Айым:          Біз болсақ міне,

Күні мен түні,

Жинағаным дән

Айналамыз толған ән,

Абырой да, атақта.даңқ та,

Ерлік те,жеңіс те,

Барлығы осы  егісте,

Тәрбиеші: Осымен бидай сөзі бітті,

Қаңбақ жөніне зытты,

Дұрысын айтқн бидай ма,қаңбақ па?

Оны өздерің салмақта,

-Балалар қаңбақты дұрыс па,әлде бидайдыңкі дұрыс па?

Күз ханшайымы:-Ой балалар сендер сондай ақылды екенсіңдер ,мен сендер мен өз ойынымды ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Көкеністерді ата-аналарымен жинау»

Ән: «   Күз сыйы  »

Тақпақтар:

Жандос: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тоңғаным,тойғаным ба

Жылқы ойнап.бие қашып ,тай жарысқа

Айым: Көктем де егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала-бай дала,

Ел егінді жинаиды

Қырманға дән сыймайды.

Көркем: Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала.

Астық дала сәулетті

Астық- Отан дәулетті

Біздің дала- бай дала,

Алтын астық айнала

Би:  «Ұлдардың»орындауында.

Күз ханшайымы:-Балалар сендерге көп рахмет,күз мезгілі жайлы көптегенөлең шумақтарын,жұмбақтар біледі екенсіңдер,менде сендерге өз сыйымды ала келдім,ал ендіше қош сау болыңдар балалар.

Тәрбиеші; -Құрметті ата- аналар,қонақтар,әріптестер күз әрқашан да, өзінің молшылығымен келсін дей отыра. Әр отбасына амандық тілейміз.біздің «Қара жорға »тобының сіздерге арнаған ертеңгілігі осымен аяқталды, келіп көргендеріңіз үшін рахмет