Жеке тұлғаның әлеуметтік және шығармашылық жетілуін дамыту (колледж)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...






Жеке тұлғаның әлеуметтік және шығармашылық жетілуін дамыту



Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейін әрбір студенттерді сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Арнаулы пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып студенттердің интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Студенттердің өз бетімен жұмысын қалыптастыру студенттің пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Студенттер оқыту барысында білім алады, ал содан соң оны қолдану ары қарай шығармашылыққа үйлеседі. Шығармашылық – негізгі білім болғандықтан, студент білім деңгейіне сүйене отырып, олармен дайындық жұмыстарын, жоспарлы тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орнату арқылы бақылап отыру қажет. Арнайы пәнді оқытудың білімдік мақсаты барлық студенттерді арнайы техникалық пәндер ғылымының негізгі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Студенттердің техникалық мәдениеттілігі мен технологиялық іс-әрекеттері арқылы халық мәдениетінің элементерін қолдана алу іскерліктерін қалыптастыру. Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, және шығармашылық дамуына мүмкіндік жасау. Оқытудың міндеттері білімдерін жалғастыруға басқа пәндерді оқып үйренуге, күнделікті тұрмысқа қолдануға қажетті нақты техникалық білімдерін меңгерту. Жеке тұлға адамның психикалық рухани мәні, олардың өзінде адамның әлеуметтік маңызды қасиеттердің жиынтығы, өзіне және өзімен, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі, қажеттілік жүйесі, шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы жатады. Шығармашылық қабілетті дамыту – тұлғалық-дамытушылық оқытудың мақсаты. Тұлғалық-дамытушылық оқыту теориясы бойынша білім алу жеке тұлғаның дамуымен ұштасып жатуы тиіс. Кез келген оқыту дамыта алады, бірақ оның мазмұны мен әдістері дұрыс бағытталмағандықтан, нәтижесінде дамитын сапалар тар шеңберде қалады. Тұлғалық-дамытушылық оқытуға көшу дамытушы әсерлерді арттыру, оқу ісіндегі шығармашылық элементтерді күшейту дегенді білдіреді. [1]

Барлық ғалымдар көрсеткендей, шығармашылық үрдістегі басты мәселе –оның шешіміне барар жолдағы алшақтықты түйсік арқылы жеңу. Ақиқатқа қол жеткізер алдында эмоциялық қобалжу анық байқалады. Техникалық қызметке тән және қоғамда адамның толығымен қызмет жасауды қажетті ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, студенттердің шығармашылығын дамыту. Арнаулы пәндер сабағында студенттердің өзіндік және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін студенттің қабілетіне қарай оқу жұмысын істетуге қалыптастыру, іскерлік әрекет жасауға үйрету, шыңдау. [1]

Студенттің ойлау қабілетін терең дамыту үшін көмекші, үйретуші, үлестірмелі, нұсқау беретін карточкалармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану әдістері.

Модульдік оқыту технологиясын студенттердің қабілетіне қарай студенттердің өз шығармашылығымен жұмыс істеуге, өз бетімен білім алуға, білімін тәжірибе жүзінде қолдана білуге, білімін күнделікті өмірмен байланыстырып отыруға бейімдеу жолдары (бір сабақтың жоспары арқылы көрсетемін).

Арнаулы пәнде үй тапсырмалары мен жеке жұмыстарын орындау процесі бұл үлкен еңбекке баулу процесі, адам дамуының қуатты қозғаушы күші- оның бойындағы табиғат берген қабілеті, сондықтан әр ұстаздың міндеті студентің бойындағы қабілеті мен дарынының көзін ашу.

Қабілетті дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті. Студенттердің іздену, ойлау қабілеттерін дамыту, білім деңгейін тереңдету, шығармашылыққа баулу, тез ойлап дәл жауап беруге қалыптастыру.

Арнаулы пәнді оқу – ол өмірде қолданатын жемісінің көрінісі болмақ. Ал, арнаулы пәнді оқу және жетік білгір маман иесі болу үшін – терең ойлауды қажет етеді. Кез келген жаңа тақырыпты түсіну үшін, оның бірде бір тақырыбын ынтасыз қабылдап, салғырттық қарауға болмайды, қолданатын формулаларды, ережелерді тағы басқа ұғымдарды білу қажет.

Кез келген студент оқу әрекетінде күнделікті жинақтаған білімін меңгеріп, сонымен қатар шығармашылық іс – әрекеттерді орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Білім беру үрдісінде проблеманы өзі шешуге талпыныс жасау арқылы өз қызығушылығын, идеясын жүзеге асыруға әрекет етеді. Студенттің шығармашылық, зерттеушілік қабілетін және іздеу әрекеттерін ұйымдастыру үшін студент өзінің осы уақытқа дейін білетін амалдары мен тәсілдерінің жаңа жағдайда жеткілікті екенін ұғынып, одан әрі ізденуге, әрекеттенуге бағыттау керек. Мектептен кейінгі колледж студенттерінің шығармашылық қызығуын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі. [2]

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіндеп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. [3]

Шығармашылық іс-әрекет – мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде қолдану барысында нәтиженің нақты көрініс беруі. Яғни, бұл – әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан һөзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы деген сөз. [2]

«Шығармашылық қызығу» ұғымының мазмұнына ғалымдар төмендегідей сипаттама береді: жаңалықты сезінуге деген тұлғаның сезімдері, жаңалыққа ұмтылу, ойлаудың жоғары деңгейі, жаңа жағдайға қарай іс-әрекет түрлерін өзгерте алу қабілеті ( Ю.Кулюткин); тұлғаның шығармашылыққа негізделген бағыттылықтары ( А.Матюшкин); индивидтің шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін көрсететін қасиет ( Л.Занков).

Шығармашылық қызығу – бұл ішкі үрдіс, адамның орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған ортаға әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде өзінің субъективті қарым-қатынастарын есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы. Ендеше ғылыми еңбектердегі «шығармашылық қызығу» ұғымдарын зерделей келе мынадай анықтама беруге болады: «Шығармашылық қызығу – жеке тұлғаның жаңа жағдайда өзекті мәселенің шешімін табуға танымдық бағдары негізінде, психологиялық сапаларын дамыта отырып, білімді-рухани құндылықтарға жетуге ұмтылысын сипаттайтын және шығармашылық қабілетті дамытуға жетелейтін танымдық сапасы».

Ғалым Р.Омарова өзінің докторлық зерттеуінде шығармашылық қызығуды шартты түрде үш топқа бөліп қарастыруға болатынын атап өтеді.

1). Мақсатты қызығушылқ – студенттің белгілі бір мақсатқа болашақ мамандығына ынтасы мен тұрақты қызығушылығы

2). Әрекеттік қызығушылық студенттің шығармашылық іс-әрекетінің өзекті мәселені шешуге ұмтылысы және жүргізіліп жатқан жұмыстың ағымында ғана қызығып, жолдастарымен бірлесіп жұмыс жасауы

3). Танымдық қызығушылық – студенттің шығармашылық іс-әрекетке тұрақты қызығушылығы мен ынтасы, жаңашылдыққа ұмтылу, жаңа мақсаттарға сәйкес жаңа нәтижеге жету, білімді құндылық бағдары ретінде тануы. [3]

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіндее пайдалану үшін, әр оқытушы өзінің алдында отырған студенттерінің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат – мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Осы жағдайларды ескере отырып, профессор Жауынбай Қараевтың «Деңгейлік саралап оқыту» технологиясын таңдап алдым, яғни «Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, деңгейлік саралап оқыту технологиясын пайдалану». Бұл тақырыпты 4 жылға алып, әр жылға жекелей жоспар құрдым. Мұндағы мақсатым – өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді студент тәрбиелеу. Бұл технологияда, біріншіден, дамыту оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол студенттің ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін дамытып, білім сапасының артуына көмектеседі. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы студенттің де, оқытушының да белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған.

Колледжде оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін сол сабақты өткізудің әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Мысалы: Деңгейлік саралап оқытудың ерекшелігі студенттердің сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында және шығармашылық қабілеттері дами түседі.

Кез келген студент оқытушының басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр оқытушының шеберлігіне байланысты. [4]

Ғалымдардың айтуынша, жалпы адамның қолынан келмейтiн нәрсе жоқ. Талпынсаң вундеркинд болу да, полиглот болу да өз қолыңда. Дарындылықты қалыптастыруға болады. Ой еңбегiмен жиi шұғылдансаң, данышпандықтың да ауылы алыс емес. 
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – педагог, ата-ана және қоғам қауымының міндеті. 
Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бұл аталған мiндеттердi iске асыру үшiн тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ұлттық сана, отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Құндылық бағдар дегенiмiз - бұл қазiргi уақытта жеке тұлғаның құндылыққа бағдарланған ой-санасы, пікірі, көзқарасы, сенімі, iскерлiгi, iшкi мүмкiндiгi. Құндылық бағдар тіл үйренушінің оқу-танымдық әрекетiне түрткi болып, тіл үйренуіне ықпал етедi, ол оқу әрекетінiң құрамдас бөлiктерiне тiкелей байланысты, мақсаттың орындалуын анықтайды. Құндылық бағдар – жеке тұлғаның белгiлi бір әлеуметтiк құндылықтарды мақсат етiп ұстауы, адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген карым–қатынасы. Жеке тұлғаның таңдаулары құндылық бағдарлар жүйесiне бiрiгедi. 


Адамның даму үдерісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Тұлғаның құндылық бағдар жүйесi «адамның өмiрлiк әлемi», «әлемнiң бейнесi», әлеуметтiк ортаның iшкi нұсқаулары, нормалары, уәждемелік қажеттiлiк өрiсi, адам белсендiлiгiнiң негiзгi реттеушiсi болып табылады. Құндылық бағдар сананың негізін құрайды, дүниетанымдық көзқарастарына әсер етеді, өзгермелі саяси-экономикалық жағдайларда тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, уәждемені реттейді, тұлғаның іс-әрекетін бағыттап, адам өмірінің мінез-құлықтық құрамдас бөлігін анықтайды.
[4]

Шығармашылық  қабілет әр баланың табиғатында  болуы мүмкін. Менің міндетім  – студент бойында жасырынып  жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Сондықтанда осы тақырыпты таңдап алдым. Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда мтуденті жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Бала қабілеті мен әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, ізденімпаздықпен іскерлігін жетілдіру. шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу. Сондай- ақ студенттердге сабақта және сабақтан тыс кездерде шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың және дамытудың дидактикалық әдістерін пайдалануды ұсынар едім.

      1.Стрела әдісі: Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, эссе жазу құрастыру студенттің танымдық білімін толықтыру.

      2.Бумеранг әдісі: Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, студенттің зейін- зердесін танымдық мәнге аудару.

       3.Лоскутная: Оқытушылардың  әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыруы.

      4.Ынталандыру және әсерлендіру әдісі: Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну. Аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу.

     5.Оқытудағы белсенділік және  интенсивтік әдістер: Техникалық пайдалану, түрлі ойындар мен шығармашылыққа бейімдеу, интенсивтендіруде суггестиялық жолды жүзеге асыру.

    Шығармашылық- зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы- зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті. Елімізде шығармашылықтың дамуы туралы арнайы зерттеп жұмыстарын жазған психолог – ғалымдар Т.Тәжібаев, Ж.Аймауытов, Қ.Рахымбаева, С.Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.

     Психологиялық сөздікте «Шығармашылық іс- әрекет нәтижесінде жаңа материалдық және тарихи құбылыс болып саналатын шығармашылықтың психологиялық аспектісі де бар: жекелік және үрдістік. Бұл жеке тұлға нәтижесінде өзінің жаңалығымен, бөлектілігімен ерекшеленетін өнім шығаруға қажетті қабілеттердің, білімнің, икемділіктің және дағдылардың болуын талап етеді» деп берілген. [5]

    Л.Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс- әрекетті атаған». Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Понамеров оны даму ұғымымен қатар қояды.

    Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалым М.Поташник былай анықтама береді:

    -жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;

    -іс- әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.

        Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында жан-жақты білімі бар, тез дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу ісін педагогтар қауымына жүктеген. Сол ауырда, жауапты істердің нәтижелі болуы әрине біздерге байланысты, сондықтан да әр педагог балаға білімді беріп қана қоймай, сол білімді баланың бойына сіңіру жолында, баланың білімге деген қызығушылықтарын оята отырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білу керек деген екен. [3]

 

                          

  Қолданылған әдебиеттер:

Галицкий «Учебник для углубленных изучений» [1]

Занков Л.В. Оқытудың дамыту теориясы. М.., 1990ж. [2]

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана. 2007ж. [3]

Қоянбаев Ж. «Педагогика». Астана.1998ж. [4]

Сағындықов Е. «Педагогика». Астана, 1998ж. [5]