Жол атасы – бағдаршам.
Мақсаты:
1. Білімділігі:
Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгіліерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға білімдерін толықтыру, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу
2. Түзете – дамытушылық:
Жолда жүру ережесі туралы алған білімдерін бекіту.
3. Тәрбиелік:
Оқушыларды алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері суреттері, жол ережесіне арналған слайд және видео.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбері»
Амансыңба алтын күн!
Амансыңба көк аспан
Амансыңба достарым?
Сендерді көрсем қуанам
ІІ.Негізгі кезең
«Ой қозғау» жұмбақ жасыру.
Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырықпен түзеткен ( жол полициясы)
Көше бойлап аяңдайды
Адам тасып аялдайды (автобус)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақта ( бағдаршам)
Мұғалім - дұрыс айтасыңдар, балалар «Жол атасы -Бағдаршам» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз, яғни
жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз, есімізге түсіреміз.(балалардың назарын суретке аудару)
Тәрбиеші:- суретте не көріп тұрсыңдар?
Оқушылар - үш түсті дөңгелек бар.
Мұғалім - үш түсті кім атап береді? Оқушының жауабы
-- Қызыл түс.
- Сары түс.
- Жасыл түс.
Мұғалім - өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар.(жол қиылысында тұрған бағдаршам бейнеленген суреттерді ілу ) Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. - Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. - Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз.Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
- Балалар, көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білу керек.Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп-тұруына кедергі келтіреді. Мысалы: Жолаушылар жұмысқа, сабаққа, дәрігерге баруға кешігуі, фабрика, зауыттарға, дүкенге, жүк мезгілінде апарылмауы, вокзалдарға басқа қалаларға дер кезінде жете алмауы мүмкін.
- Жаяу адам қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
- Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Бір оқушы көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін көрсетеді.--- - - Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
ІІІ. Сергіту сәті
Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?
ІV. Ойын. «Бағдаршам түстері»
- Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
- Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз. Тақтада бағдаршамның шатастырылған белгілерін оқушылар түзейді.
- Балалар қане, бағдаршам белгілері не туралы екенін айтып беріңдерші
V. Ойын. «Көңілді жаяу жүргінші»
Балалар дөңгеленіп тұрады.
Көшеде келе жатыр жаяу адам,( орындарында жүреді)
Қыдырып, әндетіп ол еш асықпай. (шапалақтау)
« Жол тәртібін мен сақтаймын», ( қолын белге қояды)
Орындаймын қалтқысыз, бағдаршамның бұйрығын.
(алға қарай еңкею)
Мен өтемін тек қана белгісі бар жерлерден,
( орындарында жүреді)
Абайлаңдар – қызыл түс! «Жол жоқ» деп тұр ол бізге!
( саусағымен ескерту)
Сары түске – абай бол! ( отырады)
Жасыл түсте алға бас, ( тұрып, орнында жүру)
Мен жүремін қорықпай. ( орындарын жүру)
Көзін қысты бағдаршам , ( қолдарын ашып жұму)
Көліктер тұр гүрілдеп , ( қолдарымен рөлді айналдыру)
1 -2 сол аяқ! Бізге міне жол ашық! (орнында жүру)
1-2 оң аяқ! Біз жүреміз абайлап ( шапалақтайды)
Тәрбиеші «Абайлаңдар балалар» белгісін көрсетеді.
Босқа ілінген белгі емес
Жүргізуші абай бол!
Бұл жерде Бақша, мектеп бар
- Қараңдаршы балалар бұл қандай белгі? Онда кімдер бейнеленген?
- Ия, бұл «Абайла балалар» деген белгі.
- Балалар, осы белгінің қалай аталатынын естеріңе сақтап алыңдар.
VІ. Слайд көрсету.
( Дидар, Дархан, Ерсайынмен жұмбақтар шешу)
VІІ. Сергіту сәті. «Бір саусағым тіптіде...»
- Ал, қазір, мен сендердің жолда жүру белгілерін қаншалықты жақсы білетіндеріңді тексеремін.
VІІІ. Ойын. «Тығылып қалған белгілер»
Бір күні бағдаршамның түстері жанбай қалды. Адамдар жолдан өту,өтпеу керектігін білмей састы, жүру керек пе, әлде тоқтау керек пебілмеді. Көліктер белгілерін беріп, мотоциклдар гүрілдеп, көшелерде шу болды.
(Жол белгісін реттеуші)
Күн ашықта, жаңбырда
Жүрмейді екен бұл жерде
Жаяу деген жүргінші
Белгі тұр гой өйткені
Бұл белгінің айтары
«Сізге жол жоқ бұл жерде!»
( жаяу жүргінші қозғалысына тыйым салынады)
Әрқашанда көмекке
Дәрігерлер тұр дайын
Бірінші көмек көрсетер
Жарақат алған адамға
(Алғашқы көмек көрсету орны)
Бір белгі емес, мұнда көп:
Шпал мен рельс және жол
Теміржолдың торабы
Ойынның бұл жері емес (Теміржол)
Жүргізуші осында
Бөгет қылмай ешкімге
Көлігін ол қояды (Көлік тұрағы)
Транспортты күтеді
Жаяу жүріп шаршады
Жолаушы боп бұл жерде
Көлікке отырып кетеді. (Аялдама)
ІХ. Қорытынды.
Айналайын абайла
Жан- жағыңа қарайла
Жолда жүру ережесін
Есте сақта қалайда
Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!