әл- Фараби атындағы орта мектеп
«Тұғырың биік болсын Тәуелсіздік!»
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
зияткерлік сайысының жоспары
[pic]
Пән мұғалімі: Абдрахманова Д.Т
Қатысушылар: 9 сынып оқушылары
2016-2017 оқу жылы
XXI ғасыр көшбасшысы
(зияткерлік сайыс)
Сайыстың мақсаттары:
Білімділік: Сайыскерлердің Отанымыз – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдардындағы шежіресін, ел тарихындағы маңызды оқиғалар мен Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен нығаюы жолындағы елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қызметі және саяси тұлғасы, күнделікті өмірі мен отбасылық жағдайы туралы білімдерін тексеру.
Дамытушылық: Жоғарғы сынып оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ел ертеңі жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін, рәміздерін сүюге, елбасыны құрметтеуге тәрбиелеу.
Армысыздар , құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Тұғырың биік болсын Тәуелсіздік» атты сайыс сабағымызды ашық деп жариялаймыз!
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 9 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1. Директордың тірбие ісі жөніндегі орынбасары: Тулегенова Ш.А
2.Тарих пәнінің мұғалімі: Базарбаева З.А
3.Математика пәнінің мұғалімі: Кашкинбаева Г.К
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей
Сайыскерлермен таныс болыңдар.
Жұмахан Назерке:
16 желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің!
Мәңгі болсын, баянды болсын
25 жыл ғұмырың!
Құтты болсын, мықты болсын
Тәуелсіздік тұғырың!
Берікбай Диас
Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,
Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?
Ұран жазып ,қып-қызыл ту көтеріп,
Жастар шықты алаңға «Елімайлап».
Алаңға шығып , ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.
Джафарова Гуля
Қуан далам! Қуанатын күн бүгін .
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін ,
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін .
Қуан балам, қуанатын күн бүгін.
Садыкова Жамилия
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық ?
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
Пашалиев Паша
Ата Заңға, қарағым,
Шексіз болсын құрметің
Туған елдің талабын,
Заңды орындау- міндетің
Бақытты өмір сүргенің
Бақ-дәулеттің баршасы,
Күліп-ойнап жүргенің-
Ата Заңның арқасы!
Шынболат Димаш
Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке бізді шақырып жатқандай.
Амиров Агит
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп тұр,
Күн жаяды шапағын
Астында оның қалқыған
Қыран құстың бейнесі
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің.
Сегізбаева Жансая
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес, ұғып ал!
Көгілдір түс аясы ,
Бейбіт дала елесі .
Шаңырақ –жұрт панасы,
Уықтар- күн сәулесі
Бахши Архат
Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке бізді шақырып жатқандай.
Сайыс төрт бөлімнен тұрады.
Жалпы сұрақтар. (Барлығы 7 оқушы қатысып, еліміздегі елеулі тарихи оқиғалар жайлы сұрақтарға жауап береді. Осы бөлімде ең төмен ұпай жинаған 1 ойыншы ойыннан шығарылады).
Көкпар. (ІІ тур қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 ойыншы ойыннан шығарылады ).
Бәйге. (ІІІ тур қорытындысы бойынша ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығарылады).
Жорға. ( 2 ойыншы әділқазы алқасының сұрақтарына жауап беріп, жақсы жауап берген ойыншы жеңімпаз атанады).
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын біз бастаймыз
І тур. Жалпы сұрақтар
Елбасының анасының есімін атаңыздар
А) Ақжан; В) Әлжан; С) Әминә.
Елбасының Семей ядролық полигонын жабуға байланысты ойларын, оның зардаптары мен зияны туралы жазған кітабының атауы қандай?
А) «Бейбітшілік кіндігі»; В) «Бейбітшілік тамыры»; С) «Бейбітшілік бастауы»
Грек тілінен аударғанда халық билігі деген мағына беретін сөз.
А) плутократия; В) автократия С) демократия
Елбасының руы қандай?
А) Жалайыр; В) Адай; С) Шапырашты
2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесі өтетін қала?
А) Тараз қаласы; В) Алматы қаласы; С) Астана қаласы;
Қазақ хандығын құрған кімдер?
А) Керей мен Тәуке; В) Жәнібек пен Жәңгір; С) Керей мен Жәнібек
Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады?
А) 25 қараша; В) 28 қазан; С) 24 қыркүйек
Елбасының арғы атасы, жоңғарлармен шайқаста қазақ даласын қорғаған шапырашты руының батыры кім
А) Олжабай батыр; В) Қарасай батыр; С) Ағынтай батыр
Елбасының толықтыруымен өңделген «Менің Қазақстаным» әнінің жаңа мәтіні қай жылы Әнұран ретінде қабылданды?
А) 2001 жылы; В) 2003 жылы; С) 2006 жылы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, қай күнді Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады?
А) 29 тамыз; В) 15 қараша; С) 16 желтоқсан
Қай жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті?
А) 1991 жылы; В) 1992 жылы; С) 1993 жылы
Бүгінгі он бесінші қараша күні Қазақстанда қандай мейрам тойланады?
А) «Ұлттық экономика күні»; В) «Ұлттық валюта күні»; С) «Ұлттық саясат күні».
1995 жылы елімізде қай ұлы тұлғаның 150 жылдығы тойланды?
А) Ы. Алтынсарин; В) Ш. Уәлиханов; С) А. Құнанбайұлы.
Тәуелсіз қазақ елі идеясы жолында құрбан болған, Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері кім?
А) А. Байтұрсынов; В) М. Дулатов; С) Ә.Бөкейханов.
Қазақ шежіресін хатқа түсірген жерлес ақын, ғұлама ғалымды атаңыз
А) С. Торайғыров; В) Ж. Аймауытов; С) М. Ж. Көпейұлы.
ІІ тур. Көкпар
Тәуелсіз Қазақстан
Еліміз өз тәуелсіздігін қашан ресми түрде жариялады? 1991 жылы 16 желтоқсан күні
Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні қашан тойланады? 4 маусым күні
Отанымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің символына айналған Алматы қаласындағы ескерткіш қалай аталады? Тәуелсіздік монументі
Еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет Түркия Республикасы
1999 жылы 13 қаңтарда жарық көрген Елбасының еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтары туралы жазған кітабы қалай аталады? Тарих толқынында
Тұңғыш елбасы
Тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш президенттік сайлау қашан өтті? 1991 жылы
1 желтоқсан
Елбасымыз Украинада қай жылы, қай қалада техникалық училищені аяқтады? Днепродзержинск
Елбасы қай қалада, қай жылы өзінің еңбек жолын металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады? 1960 жылы Теміртау қаласында
Елбасының ақындық шабытынан туып, әнге айналған, МузАРТ тобының орындауындағы сазгер А. Қоразбаевтың әніне жазылған өлеңін атаңыз? «Үшқоңыр»
1997 жылы баспасөзде жарияланған елбасының Қазақстанның алдағы уақыттағы дамуына арналған стратегиялық жоспары Қазақстан - 2030
Еуразия жүрегі - Астана
Ақмола қаласы елбасы жарлығымен қай уақыттан бастап Астана деп атала бастады? 1991 жылы 6 мамырда
Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат. Бәйтерек
Дәстүрлі діни конфессия басшыларының жиналыстары өткен Астана қаласындағы пирамида түріндегі ғимарат қалай аталады? Бейбітшілік пен келісім сарайы
Астана қаласының қазіргі кездегі әкімі кім? Кім?
Елбасының 2005 жылы жарық көрген Астана қаласының тарихына арналған кітабы қалай аталады? «Еуразия жүрегінде»
Тарихи тұлғалар
Кеңес Одағының батыры, тұңғыш Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің маршаллы Сағадат Нұрмағамбетов
Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет Байқоңырдан ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім? Т. О. Әубәкіров
Тәуелсіз еліміздің тарихында бірінші болып әдебиетте Мемлекеттік сыйлықтың иегері болған жазушы кім? Қалихан Ысқақ
2010 жылы елімізде Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, жазушы болып табылатын қандай ұлы тұлғаның 100 жылдығы аталып өтілді? Б. Момышұлы
Қазақ әліпбиінің реформаторы, Алаш қайраткері, ұлы жазушы, ақын кім? А. Байтұрсынов
Ата Заң
Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қашан қабылданды? 1993 жылы 28 қаңтарда
Қазіргі кезедегі қолданыстағы Конституция қашан қабылданды? 1995 жылы 30 тамызда
Барлық азаматтардың қатысуымен өтетін халықтың өз дауысын бере арқылы түйткілді мәселелердің шешімін табатын сайлаудың түрі референдум
Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады?
9 бөлім, 98 бап
Конституция баптарындағы заң нормаларының сақталуын, өзге заңдардың Конституцияға қайшы келмеуін қадағалайтын мемлекеттік орган? Конституциялық Кеңес
Әлемдік қауымдастық
2003, 2006, 2009 жылдары Астана қаласында елбасының басшылығымен кімдердің жиылысы өтті? Әлемдік дәстүрлі діни кофессия басшыларының съезі
Елбасының беделінің арқасында еліміз 2010 жылы қандай белді ұйымға басшылық етті ЕҚЫҰ
Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне қай жылы төрағалық етті? 2011 жылы
Әлем халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін қолдау және қорғау бойынша қызмет атқаратын Біріккен Ұлттар Ұйымының органы ЮНЕСКО
Біріккен Ұлттар Ұйымының штабы қай қалада орналасқан Нью-Йорк
ІІІ тур. «Бәйге»
Балалық шағымның аспаны
10. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қашан, қай жерде дүниеге келді? 1940 жылы 6 шілде, Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылы
20. Елбасы отбасында нешінші бала? Отбасының тұңғышы
30. Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінің режиссері кім? Рүстем Әбдірашев
40. «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының жас жігіт кезіндегі образын сомдаған әнші, актер, сазгер кім? Нұрлан Әлімжанов
Тұлға
10. Елбасымыздың зайыбының есімін атаңыз. Сара Алпысқызы
20. Елбасы отбасында жұбайымен неше бала тәрбиелеп өсірді? үш қыз: Дариға, Динара, Әлия
30. Елбасының бос уақытында айналысатын сүйікті спорт түрі гольф
40. Елбасының Интернет желісіндегі ресми сайтының атауы қандай? www.akorda.kz
Зиялы елбасы
10. Нұрсұлтан Әбішұлының қандай ғылыми атағы бар? Экономика ғылымының докторы
20. Елбасының ана тілімізге байланысты айтылған қанатты сөздерінен мысал келтіріңіз
1) Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”
2) “Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”
3)“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
30. Елбасының бастамасымен қазақ жастарына әлемдегі беделді оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін жобаның атауы қандай? Болашақ
40. Оқу-білімде үлкен жетістіктерге жеткен аса талантты оқушыларға тағайындалатын президент атындағы сыйлықты атаңыз «Дарын» сыйлығы
IV тур Жорға
Жалпы сұрақтар (А нұсқасы)
Елбасы басқаратын саяси партия НұрОтан
Латын тілінен аударғанда «алдында отыратын» деген мағына беретін саяси лауазым президент
ҚР Президентінің резиденциясы қалай аталады? Ақорда
Парламенттің жоғарғы палатасы Сенат
«Жеті Жарғы» заңдары қай ханның тұсында қабылданды? Тәуке хан
Хан, патша, император, король басқаратын мемлекеттік құрылымның түрі монархия
Наурыз мерекесін қазақтар басқаша қалай атаған? Ұлыстың ұлы күні
Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың мерген қызы Ә. Молдағұлова
Ең жоғарғы ғылыми атақ академик
Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады? Байқоңыр
(В нұсқасы)
Астана қаласының мейрамы қай күн? 6 шілде
Қазақстан халықтары Бас Ассамблеясының басшысы кім? Н. Ә. Назарбаев
Астана қаласындағы Гиннестер рекорды кітабына енген океанариум Думан
Парламенттің төменгі палатасы Мәжіліс
Абылай ханның шын есімі Әбілмансұр
Президент немесе парламент басқаратын мемлекеттік құрылымның түрі республика
«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді? Жаңа күн
Ұлы Отан соғысы жылдарында Невель қаласын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың пулеметші қызы М. Мәметова
Гиппократ антын кімдер қабылдайды? Дәрігерлер
Еліміздегі суының жартысы тұщы, жартысы ащы көл Балқаш
Әділқазылардың шешімін тыңдау. Жеңімпаздарды марапаттау
8