Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Бөлімдер»: «ҚМҰҚ», «Қорщаған ортамен таныстыру», «Жапсыру»
Тақырыбы: «Жолда жүру ережелері »
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Көше, жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдіру.
Қостілдік құрамы: бағдаршам- светофор.қызыл –красный, сары –желтый, жасыл-зеленый.
Дәлелдеу – ояту
Тәрбиеші әрекеті
Балалар әрекеті
Шаттық шеңбер.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз!
Жайнай түсті гүліміз!
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
Ал түсі қандай? Олай болса, мен қызыл дөңгелекке жұмбақ жасырдым, мұқият тыңдаймыз.
I-тапсырма:
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын
Бұл қай мезгіл деп ойлайсың?
ІІ-тапсырма:
- Мынау пішін қандай? Ал түсі ше?
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата?
-Жарайсыңдар.
ІІІ-тапсырма:
-Мына дөңгелектің түсі қандай?
- Көктем мезгіліне байланысты тақпақ білесіңдер ме?
Көктем мезгіліне тақпақ айтқызу.
Тапсырманы орындағаннан кейін, тәрбиеші пішіндерді тақтаға іліп, бағдаршам бейнесін шығарады.
Қостілдік жұмыс: бағдаршам- светофор.
қызыл –красный, сары –желтый, жасыл-зеленый.
Балалар шаттық шеңберге қатысады.
Тәрбиешіні тыңдайды.
-Ия.
-Дөңгелек.
-Қызыл.
-Көктем.
-Сары, дөңгелек.
Балалар көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтып береді.
-Жасыл.
Балалар тақпақ айтады.
Көктем келді табиғатты оятып,
Күн күркіреп, нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.
-Бағдаршам.
Қайталайды.
ұйымдастыру-іздену
Ұйымдастыру-іздену
- Бағдаршам көшенің қай жерінде орналасқан?
Бағдаршам туралы тақпақ айтайықшы.
Күтпеген сәт: Топқа басын ұстаған түлкі кіреді.
-Басым-ай, басым.
-Түлкіжан саған не болды, басыңа не болған?
-Көшеде машинаның артынан қуам деп құлап, басымды ауыртып алдым.
- Түлкіжан олай көшедегі машинаға қарай жүгіруге болмайды. Жол ережесін бұзбау керек, көшеде бағдаршам бар емес пе?
Түлкі:
- Бағдаршам? Жол ережесі? Бағдаршам деген не? Ал жол ережесі деген не? Ештеңе де түсінбедім.
-Олай болса бағдаршам, жол ережесі дегенді біздің балаларымыздан үйрен. Қазір балалар бағдаршамның не үшін керек екенін айтып береді. Сен мұқият тыңдап ал.
Тәрбиеші слайд көрсетеді.
-Бағдаршам туралы кім айтып береді?
-Бағдаршамның қандай көздері болады және олар жанғанда біз не істеуіміз керек?
Түлкі: Жарайсыңдар, балалар! Енді мен бағдаршамның не екенін және не үшін қажет екенін түсіндім.
Түлкі: Мен енді түсіндім. Жолда жүгірмеймін, машинаны қумаймын. Рахмет балалар сендерге! Енді мен қайтайын. Сау болыңыздар!
Ия.
-Жолдың шетінде орналасқан.
- Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
1 бала:
-Бағдаршам бізге жолдан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек.
2бала:
-Бағдаршамның қызыл, сары, жасыл көздері болады. Бағдаршамның қызыл көзі тоқта, ортадағы сары көзі жанса дайындал, ал жасыл көзі жанса- жүр дегенді білдіреді.
3бала:
Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, машинаның артынан жүгіруге болмайды. Жолдан өткенде ата-аналарының немесе үлкендердің көмегімен өтуі тиіс.
Балалар аюмен қоштасады.
Сергіту сәті.
Тәрбиеші жапсырудың орындалу тәртібін түсіндіреді.
Кейбір балаларға көмектеседі.
Сергіту сәтіне қатысады.
Мұқият тыңдайды.
Балалар бағдаршамның дөңгелектерін қағаз бетіне өз беттерінше жапсырады.
Рефлкесивті – түзету
- Балалар, бүгін немен таныстық.
- Бағдаршамның қандай шамдары бар екен?
- Көшелерден белгіге қарамай жүгіріп өтуге бола ма?
- Ал, көшенің қай жерімен өтуге болады?
Балалардың белсенді қатысқандарын мадақтау.
-Бағдаршаммен
- Қызыл, сары, жасыл.
- Жоқ.
- Ала сызықты жерінен.
Қорытынды нәтиже:
Нені білу керек? Бағдаршамның атқаратын қызметін білу керек.
Қандай түсініктерді игерді? Жол ережелері туралы түсініктерді игерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қылқалам және желіммен ұқыпты жұмыс жасау іскерліктерін меңгерді