«Ізден, Ойлан, Ұсын»видеосабақ аймақтық конкурсына қатысушының өтінімі
Пән,сынып | Сауат ашу, 1 сынып |
Сертификат деңгейі | ІІІ деңгей |
Категория | ІІ |
Еңбек өтілі | 16жыл |
Жұмыс,ұялы телефондары | 87163074271, ұялы-87018673932 |
Е-mail | [email protected] |
Өтінім берген күн | 22.09.2015. |
Сабақ тақырыбы: Әдепті балалар.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;
Сабақтың дамытушылығы: мәтінді талдау арқылы ой тұжырымын жасауға, өз ойларын дәлелдеуге дағдыланады; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл - ойын дамыту;
Сабақтың тәрбиелігі: адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері,сөйлеу тілдерінің жетілуіне оқушы тарапынан да қызығушылық болу керектігін ұғындыру.
Тұлғалық нәтиже: Үлкендерге деген әдептілік сақтауға баулу.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы жалпы мектептер соның ішінде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі ол да маңызды жағынан біріншіден еш кем емес. «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді., алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады.Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, пікір – көзқарастарын талқылап, жаңа ұғым- түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады.
Дәстүрлі сабақта мұғалім тақырыпты айтып, оны талдап, өзі бағалап, қорытындыны өзі жасап отыратын, оқушыны ойландыруға еш жағдай жасамайтын. Ал қазір осының барлығын оқушы жасайды.. Алғашында кез-келген тапсырманы орындау барысында мұғалімге жалтақтап, «Мұғалім не дер екен?», «Дұрыс па?» дегендей күй танытса, бірте-бірте шығармашылықпен жұмыс жасайтын болды. Балалардың бойынан сенімділік пен өз ісінің нәтижесіне сүйсінуді байқалды. Мұғалім Бағдарламадағы «Диалог арқылы оқыту» және «Қалай оқу керектігін үйрену» ретінде қаралатын модульді қолдану үшін алдымен өз сабақтарында ынтымақтастық атмосферасын дұрыс құрып алуды және осы мақсатпен көптеген жұмыстар жасайды.Сергіту сәттерінде өткізілген психологиялық тренингтерді, топтық жұмыстар барысындағы оқушылар арасындағы сәтті жұмыстар мен кикілжіңдерді дұрыс шешу, өз мақсатына ұтымды қолдану нәтижесінде қазіргі уақытта сабақтарында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында еркін қарым-қатынас берік орнағанынан көрінді. Топтағы ынтымақты іс-әрекеттің артықшылығын оқушылар да меңгерді.. Әсіресе, берілген материалды өз бетімен зерттеп, топ болып жоба құру, оны шығармашылықпен қорғау бастауыш сынып оқушылары үшін қызығып жасайтын тапсырмасына айналғанын көрсете алды. Бұл тапсырмалар оқушыларға өзін-өзі бағалау, өз білімі мен өзгелердің білімін салыстыру, басқалардан көмек алу немесе өз білгенін өз топтарындағы оқушыларға үйрету сияқты мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл мүмкіндіктердің оң нәтижесін жекелеген оқушылардың білім деңгейі, сабақта өзін-өзі ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабаққа қанағаттануы сияқты іс-әрекеттерінен байқағанын, дәстүрлі сабақтарда қабілетті оқушылардың жауабын зеріге тыңдап, сабаққа белсене араласудан жүрексініп, тартынып отыратын оқушылар жаңа әдіс-тәсілдердің арқасында өздеріне жүктелетін жауапкершілік пен жеңілдіктерді бірге сезініп қозғалысқа түсе білді. Ал, мұғалім ақпаратты бірыңғай баяндап беруден арылып, керісінше, оқушылардың білімді өз бетінше меңгеруіне бағыт беріп, оны бағалауға уақыт үнемдеуді, оқушылардың өзін және сыныптастарын бағалауы, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауы оқыту сапасын арттыруда көп көмегін тигізетін дәлелдей алды. Осы жаңа тәсілдер үлгерімі төмен оқушылардың белсенділігін арттыруға да көп көмегін берді.
Жеті модуль идеяларын басшылыққа ала отырып, сабақта оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару керек. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін сыни ойлау туралы теориялық көзқарастармен танысып, жүйелі түсінік қалыптастыра алдым.Сонымен қатар қандай да сабағым болмасын , ішіне міндетті түрде сыни ойлауға итермелейтін тапсырмаларды қосып отырдым.
Нәтижесінде мынандай қорытындыға келдім:
-сыныптағы оқушылар өз пікірін ортаға салуға , дәлелдеуге, топтастарының пікірлерін құрметтеуге үйренді;
-білімнің қайнар көзін өздері тауып, білімді меңгеру үшін қажетті дағдыларды өз бетімен қалыптастырды;
-мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді;
-оқушының тақырыпты ғылыми меңгеруіне қолайлы жағдай туды;
-Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары артып, белсенділіктері жоғарлады;
- Сыни тұрғыдан ойлай отырып, пікір алмастыруды, қарсы- пікір айтуды үйренді және оқушылардың білім сапасы артты
Дәстүрлі сабақта мұғалім тақырыпты айтып, оны талдап, өзі бағалап, қорытындыны өзі жасап отыратын, оқушыны ойландыруға еш жағдай жасамайтын. Ал қазір осының барлығын оқушы жасайды.. Алғашында кез-келген тапсырманы орындау барысында мұғалімге жалтақтап, «Мұғалім не дер екен?», «Дұрыс па?» дегендей күй танытса, бірте-бірте шығармашылықпен жұмыс жасайтын болды. Балалардың бойынан сенімділік пен өз ісінің нәтижесіне сүйсінуді байқалды. Мұғалім Бағдарламадағы «Диалог арқылы оқыту» және «Қалай оқу керектігін үйрену» ретінде қаралатын модульді қолдану үшін алдымен өз сабақтарымда ынтымақтастық атмосферасын дұрыс құрып алуды және осы мақсатпен көптеген жұмыстар жасадым.Сергіту сәттерінде өткізілген психологиялық тренингтерді, топтық жұмыстар барысындағы оқушылар арасындағы сәтті жұмыстар мен кикілжіңдерді дұрыс шешу, өз мақсатына ұтымды қолдану нәтижесінде қазіргі уақытта сабақтарымда оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында еркін қарым-қатынас берік орнағанынан көрдім.Топтағы ынтымақты іс-әрекеттің артықшылығын оқушылар да меңгерді.. Әсіресе, берілген материалды өз бетімен зерттеп, топ болып жоба құру, оны шығармашылықпен қорғау бастауыш сынып оқушылары үшін қызығып жасайтын тапсырмасына айналғанын көрсете алды. Бұл тапсырмалар оқушыларға өзін-өзі бағалау, өз білімі мен өзгелердің білімін салыстыру, басқалардан көмек алу немесе өз білгенін өз топтарындағы оқушыларға үйрету сияқты мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл мүмкіндіктердің оң нәтижесін жекелеген оқушылардың білім деңгейі, сабақта өзін-өзі ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабаққа қанағаттануы сияқты іс-әрекеттерінен байқағанын, дәстүрлі сабақтарда қабілетті оқушылардың жауабын зеріге тыңдап, сабаққа белсене араласудан жүрексініп, тартынып отыратын оқушылар жаңа әдіс-тәсілдердің арқасында өздеріне жүктелетін жауапкершілік пен жеңілдіктерді бірге сезініп қозғалысқа түсе білді. Ал, мұғалім ақпаратты бірыңғай баяндап беруден арылып, керісінше, оқушылардың білімді өз бетінше меңгеруіне бағыт беріп, оны бағалауға уақыт үнемдеуді, оқушылардың өзін және сыныптастарын бағалауы, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауы оқыту сапасын арттыруда көп көмегін тигізетін дәлелдей алды. Осы жаңа тәсілдер үлгерімі төмен оқушылардың белсенділігін арттыруға да көп көмегін берді.
Жеті модуль идеяларын басшылыққа ала отырып, сабақта оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару керек. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін сыни ойлау туралы теориялық көзқарастармен танысып, жүйелі түсінік қалыптастыра алдым.Сонымен қатар қандай да сабағым болмасын , ішіне міндетті түрде сыни ойлауға итермелейтін тапсырмаларды қосып отырдым.
Нәтижесінде мынандай қорытындыға келдім:
-сыныптағы оқушылар өз пікірін ортаға салуға , дәлелдеуге, топтастарының пікірлерін құрметтеуге үйренді;
-білімнің қайнар көзін өздері тауып, білімді меңгеру үшін қажетті дағдыларды өз бетімен қалыптастырды;
-мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді;
-оқушының тақырыпты ғылыми меңгеруіне қолайлы жағдай туды;
-Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары артып, белсенділіктері жоғарлады;
- Сыни тұрғыдан ойлай отырып, пікір алмастыруды, қарсы- пікір айтуды үйренді және оқушылардың білім сапасы артты
Құрастырылып отырған сабақ қазақ тілінде оқытылатын мектептің 1-сыныбындағы сауат ашу пәніне құрастырылған. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес аптасына 7сағаттан, оқулық бойынша берілген 231 сағатқа құрастырылған және мен оның ішінде «Әдепті балалар» атты қысқа мерзімді сабақ жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақта7 модуль ықпалдастырылған. Сонымен қатар деңгейлік тапсырмалар және әр түрлі стратегиялар қолдана отырып оқушылардың өз бетімен жан-жақты білім алуына мүмкіндік туғыздым.