Тақырыбы: Анам және мен, шығам алға біліммен!
Мақсаты: Болашақ ұрпақты тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Оқушыларды ата-ананы құрметтеуге, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы жанұялар және олардың жанкүйерлері бүгінгі сыныбымызда өткелі отырған кешімізге қош келдіңіздер!
Кіріспе: Атамыз қазақ «Бала- адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы- бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы, отбасындағы берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Ақ көңілмен ниетпен
Әділ баға берсін деп
Шаршамай еш жалықпай
Айтқанына көндік, - деп әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Карыбаева Сауле Шешкенқызы
Жастарға үлгі болар әрбір ісі
Қашанда әділ баға береді деп
Құрметпен шақырамыз төрге сізді.
Үлгілі етіп әр ісін мақтанамыз
Жоғары бағаңыз бар білеміз біз
Құрманғалиева Бақыт Берікболқызы
Дәл қазір сізді төрге шақырамыз.
Поэзия қашанда сізге ұнар
Бағалауда сондықтан әділ тұрар
Бекбаев Бейбіт Зиядаұлы
Әділдік төреші боп төрге шығар.
Қағазбаева Райгүл Шаймарданқызы
Жайнап тұр бүгін міне нұрлы жүзі
Сайысқа сынай қарап отырады
Бақ жанып ұнатса екен мына бізді.
Енді мен сіздерді сайыстың айналымдарымен таныстырып өтейін.
1.Таныстыру.
2.«Кім жылдам?»(оқушылар есеп шығарады, аналар сұраққа жауап береді)
3.«Өнерлі өрге жүзер»(оқушылар мен аналар өнер көрсетеді.)
4.Логикалық сұрақтар(оқушыларға)
5.»Ойнайық та ойлайық!»(аналар жұмбақ шешеді.)
6.Сөз- мәйегі мақал (аналар мақал айтады, ішінде сан болу керек және мақал оқиды.)
7.Үй тапсырмасы (санға байланысты зат жасау)
Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық
Сайыскерлер күтіп тұр
Олармен таныс болайық.
Енді міне сахнаға Бақыт келеді
Қолынан Шырын қызын ол жетелеп
Сәттілік тілеп саған шын жүректен
Сенеміз сайыс кеште жеңеді деп.
Жарасымды қараңыз ана мына,
Жанкүйерлер шапалағын ұрады да.
Эльнара Еламанмен қарсы алыңыз!
Шығады міне алдыңызға.
Бала үшін қолда барын аямаған,
Болса дағы міне осындай ана жас.
Гүлзада мен Жанасылды қарсы алайық,
Қошеметпен қол соқпасақ жарамас.
Ана бала бақыты,
Бала ананың жақұты.
Сәуле менен Айяның,
Болар үлгі жақсы ісі.
Бала емеспе байлығыңда базарың,
Анаң барда солғын тартпас ажарың.
Құралайды қарсы алайық Мереймен,
Орындайды олар сайыс талабын.
Жанұямыз сәніміз,
Отбасымыз- бәріміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!
Сайыскерлер өздерін таныстырады.
2. «Кім жылдам?»
Есептің қызығын көретін,
Боламыз десеңдер білімгер.
Ең дұрыс шешімді беретін,
Жауапты дәл таба біліңдер! деп оқушыларды ортаға шақырамыз, олар есеп шығарады. Ал, аналар сұрақтарға жауап береді.
Құралайға:
1.Кітапты неден жасайды?(Ағаштан)
2. Әйелдер мерекесі қашан тойланады? (8 наурыз)
3.Екі қыздың баласы бір-біріне кім болады? (бөле)
4.Өз атын қайталайтын құс? (Көкек)
5.Желтоқсан жылдың қай мезгілі? (қыс)
6.Бір жылда неше мезгіл бар? (4)
Эльнараға:
1. 30 ақпан қай күн (аталмайды)
2.1- Мамыр қандай мереке? (Халықтар достығы)
3. Президент күнін атаңыз (1- желтоқсан)
4. ҚР-ң мемлекеттік тілі қай тіл?(Қазақ тілі)
5. Құрғақ тас қайда болмайды?(Суда болмайды)
6.Кемпірқосақта неше түс бар? (7)
Бақытқа:
Жылдан құр қалған жануар? (Түйе)
Желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т.Әубәкіров)
Мектептегі ең жақсы баға? (бес)
ҚР-ң астанасы? (Астана қаласы)
5 санының көршілерін ата (4,6)
Сәулеге:
Шахтада жұмыс істейтін адам?(шахтер)
Әр адамның шағын отаны?(отбасы)
Иіс сезу мүшесі?(мұрын)
1минутта неше секунд бар?(60 сек)
Балды жақсы көретін аң?(аю)
Бір аптада неше күн бар? (7)
Гүлзадаға:
Тігуге де, бұзуға да ыңғайлы үй?(киіз үй)
Үш арсыз (Ұйқы, тамақ, күлкі)
Рамазан айының қасиетті түні?(Қадір түні)
Абайдың әжесі?(Зере)
Ең киелі құс?(Аққу)
ҚР-ң рәміздерін ата (Ту, Елтаңба, Гимн)
3.Өнері өрге жүзер талаптының,
Талантымен өзіне қаратты мың.
Әсем әуен, бұралған би-өнер оты,
Шарпып өтсін лебімен қанаттының! дей келе сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Құралай: Қ.Малдыбаев «Жан балам»
Гүлзада: «Жан анам»
Бақыт «өзбек» биі
Эльнара «Породия»
Сәуле «Апатайым анашым»
4. Кімдер зерек, кімдер тапқы,р
Таланттарын табайық.
Қайсы ұшқыр, кім жылдам,
Біліміне қарайық,- дей келе оқушыларға логикалық сұрақтар қойылады.
Жанасылға:
1). Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Айяға:
2). Табақта бес өрік
Қолымда төрт өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік?
Шырынға:
3). Алма ағашта алты алма
Қандай тәтті жесе алма
Алтауын да жеп қойсам
Қалады сонда неше алма?
Еламанға:
4). Екі алма қолға алдың
Екі алма қалтаға салдың
Үшеуін тағы алдың
Сонда қанша алма алдың?
Мерейге:
5). Інім алты жаста
Ағам он жаста
Інім ағамнан
Кіші қанша жасқа?
5. «Ойлайық та ойнайық» жұмбақтар шешу
1)Сансыз ойлар бетінде
Сайрап жатыр бар тілде
Керекпін мен әркүнде
Өшпейді бір әрпімде (кітап)
2) Сәуле астында жүз ине (кірпі)
3) Үстінде есігі
Өзі орындық, өзі үстел
Оқушылар бесігі (парта)
4) Ілулі тұр кең алаң
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп
Сүртем сосын көшіріп (тақта)
5) Аяғы біреу, қолы жоқ
Шиыр-*шиыр жолы көп
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді (қалам)
6.Сайыскерлер 1 минутта қанша мақал айтатынын білу керек, жазылған мақалды аналар мен оқушылар оқиды.
7.Үй тапсырмаларын көріп баға беріңіздер!
Қазылар әділдікті орнықтырар,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Біліммен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жеткен болар нағыз мықты,-деп, ендігі сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
Марапаттау:
Бойларында от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындап шарықтаңдар әрдайым,- деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет.