Ашық сабақ Жаңылтпаштар қазақ әдебиеті

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән аты: Әдебиет

Сыныбы:

Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға жаңылтпаш туралы әдеби білім беру, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал – тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиеттер,интерактивті тақта, маркер, плакаттар, т.б.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Жазба жұмыстарын тексеру.

2. Жұмбақтар туралы түсінік.

3.Қосымша сұрақтар қою.

4. Топтастыру стратегиясы

1- топ «Ауыз әдебиеті»

2- топ « Мақал – мәтел»

3-топ « Жұмбақтар»

ІІІ. Білім тексеру:

Оқушыларды іздендіре отырып кестеге сүйене отырып жұмбақтар жасыру.(үш топ кезектесе орындайды)


Жұмбақтар

Жауабы

Тақырыптары

1

Мамықтай ұлпа , қанттай ақ

Қыста жер бетін басады

Қар


2

Жаны жоқ болса да , ақылды адам ісін істейді

Кітап

Өнер – білім

3

Асты тас , үсті тас

Ортасында піскен ас.

Таба нан

тағам

4

....


Еңбек

5



Тұрмыста қолданылатын заттар

6

Бірде төмен бірде шығып жоғары

Сөз сөйлесең қозғалыста болады.

Тіл

Дене мүшелерге

7



...


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру


V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жаңылтпаш – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол адамдардың бір нәрселердің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жаңылтпаш мақал – мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырып айтылады. Жаңылтпаш өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған.болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар,мал, жан – жануарлар, адам оның дене мүшелері, еңбек құралдары,т.б. Жаңылтпаш әр түрлі заттар мен құбылыстар, білім өнер ұғымдары. Жұмбақтар соған байланысты тақырыбы жағынан да сан алуан. Өздерің де кез келген нәрсені ұйқасын келтіріп құрастыруларыңа болады.

Жаңылтпаш екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден ойын – сауққа жиналған жұртты күлдіру.Екіншіден баланың тілін ұстартып, жаңылтпаштың әр сөзін асқан шапшаңдықпен айтуға үйрету. Жаңылтпаштың сөздері жаңылдыратындай қиын , көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады.Мұнда қайталаулар жиілеп кездеседі.Мысалы :

Қара бүркіт томағасын түсірді,

Оны мен томағаламай, кім томағалайды.

Оны мен томағаламай, кім томағалайды.


VІ. Түсінік тексеру:

1.Оқушылар өздері білетін жаңылтпаштарын бір – біріне айта отырып қайталауы тиіс.

2. Сұрақтар арқылы білімдерін тексеру.

    1. Жаңылтпаш дегеніміз не?

    2. Жаңылтпаш қалай пайда болған?

    3. Жаңылтпаш болатын заттар нелер?

    4. Жаңылтпашты қалай құрастыруға болады?


VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1.Тақтамен жұмыс. «Кім шапшаң?»

Тақтаға бірнеше жаңылтпаштар жазамын . Олардағы қайталаулар туралы түсінік береді.

Шалғы саптап, шөп шап.

Шөп шапсаң , көп шап,

Көк шапсаң , шапшаң шап .

Шапсаң шапшаң, шаршап жат.






VІІІ.Сабақты қорыту:



























































Бағалау

Үй тапсырмасын беру:1. Жаңылтпаштар жаттау.

2.Жаңылтпаштар құру.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ

Сабақтың мақсаты:

а) ауыз әдебиетінің түрлері оның ішіндегі жұмбақ туралы түсінік беру,пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жұмбақ—ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол-адамдардың бір нәрсенің белгілерінің екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал-мәтел сияқты тақпақтап,ұйқастырылып айтылады. Жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен,әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. М.Әуезов «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген.

Топпен жұмыс: . 1-қатардағылар жұмбақ айтады,2-қатарлардағылар шешуін табады.

Мысалы: Бес ін,

Бес іннің аузы бір ін. ( қолғап)


Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты,

Кешке үш аяқты, (Адамның сәби,жігіт,қарт кезі.)


Шығармашылық жұмыс: Оқушылардың өздері әр түрлі тақырыпта жұмбақтар шығарады.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Жұмбақ дегеніміз не?

  2. Жұмбақтың мақалдан айырмашылығы қандай?


Білімді бағалау:

. Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады


Үйге тапсырма: Жұмбақ туралы түсінікті оқып,жұмбақтар жаттап келу.