Менің Отаным Қазақстан сыныптан тыс шара

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


20 Жалпы білім беретін мектеп

Сыныбы: 6а

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан»

(Қазақ халқының ерлік істері)

«Біз бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз.Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы.Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол тәуелсіз Қазақстан »

Н.Ә. Назарбаев

Мақсаты:

А) Қазақ халқының басынан өткен оқиғаларға тоқталу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру,ел қорғаған ел болашағы үшін күрескен батырлардың ерлік істерін құрметтеуге үйрету.

Ә) Өз отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыра отырып,туған жерді,елді сүюге тәрбиелеу

Б) «Мәңгілік ел»ұғымын түсіндіре отырып,елжандылыққа,ұлттық мінез,ұлттық намыс қалыптастыру.

Көрнекіліктер:Интерактивті тақта

Өту барысы:1.Ұйымдастыру

I.Оқушылармен танысу

II.Білім күнімен құттықтау

III.Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру

Тәуелсіздік оңайшылдықпен келген жоқ.Өткенге көз салсақ:

  • 1723ж Жоңғар шапқыншылығы «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама»деген атпен қалды;

  • «Абылай заманы »жер бетінде қазақ халқының бар болу,не жоқ болузаманы еді;

  • 1936-38жж Репрессия(Ұлттық алаш құрбандарын ату жазасына)

  • 1941-45жж Ұлы Отан соғысы

  • 1986жж Желтоқсан оқиғасы Тәуелсіз үшін соңғы нүкте болды.

Қызығушылықты ояту:

  1. Отан дегенді қалай түсінесің?

  2. Өз Отаның туралы не айтасың?

  3. Қазақ халқының тарихында қандай хандар,билер,батырлар болған?

  4. Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесің?

Оқушыларға өлең оқуға кезек беріледі

1-оқушы:

Нұрберген

Мәңгілік азат елдің сен белгісі,

Мемлекет мерейінің сенген күші

«Жасасын еркін Қазақ»деп шаттанар

Шалқалап сол биіктен көрген кісі

Шарықта,шарла көкте көк байрағым

Арманым,азаттығым,көпке айғағым,

Мен сенің салтанатты сағағыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым

2-оқушы:

Дильшат

Жәнібек,Керей сұлтандарым бастаған

Ата бабам азаттықты аңсаған

Бөлініп шығып,Әбілхайыр елінен

Дербес елдің құрылуына жол ашқан

Мерейім нұрлана бер,Азат күнім

Көрейін бақытымның азаттығын

Тауымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін

3-оқушы

Құттысың тәуелсіздік киелі күн,

Құт күшім егемендік иелігім

Уақыттың биігінен шуақ төгіп,

Бақытым еркіндік боп үйілер күн

Тарихтың жадында даусың қалсын

Дала өзіңді жарылқап,тау шыңдасын

Баста бізді бақытқа көзіңдегі

Елге деген мейірім,таусылмасын!





Топпен жұмыс

I - топ Қазақстан Республикасының рәміздері

II- топ Қазақ халқының салт дәстүрлері

III-топ Қазақ зиялылары

Мақал-мәтелдер,нақыл сөздер (Отан туралы)талдау ,мәнісін ашу

Оқытушы сөзі:1991ж еліміз өз алдына егемендік алып,тұңғыш тәуелсіз ел дүниеге келді.Халқымықдың батыр ұлы бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс күймейсің» деп айтқан екен.Отан-адамның ата бабаларынанбері кіндік қаны тамып,өсіп,өніп келе жатқанжері.Бізде өз тәуелсіздігіміз үшін күрескен аталарымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек.Отан үшін еңбек етуіміз керек.Сендердің еңбектерің-жақсы оқығандарың,тәртіпті болгандарың. Отанын жақсы көретін адам-өз елінің патриоты.

Қорытынды:Қазақстан республикасының ән ұраны орындалады.



























20 Орта жалпы білім беретін мектеп











Тәрбие сағаты:



«Менің Отаным-Қазақстан»

(Қазақ халқының ерлік істері)









Өткізген:

6a сынып жетекшісі:С.М Абдулова





















Орал 2015-2016 оқу жылы