Бұрымды қыз - 2016жыл

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


БҰРЫМДЫ ҚЫЗ 2016жыл



Жоспар:


  1. «Мен қазақтың қызымын». (Әрбір қатысушы өз өскен ортасын,ата-анасын және өзіне қатысты басқа нәрселер жөнінде өздерін таныстырып өтулері керек)

  2. «Қыз еркем – кестесімен көркем». (Бұл кезеңде әр ар-у қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді

  3. Шаш өру формуласы. «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі» (өзінің өрілген шашы жөнінде айтып өтеді. Қалай өрілген, қандай өрім. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды)

  4. «Мен болашақта…». Эссе жазу. Сурет сызбазын көрсетіп. Өзіңнің  ойыңдағы мектеп формасы мен өзің ұсынатын мектеп оқушы қыздарының шаш үлгісі. (Болашақтағы өзінің ойындағы мектеп формасы мен оқушы қыздардың шаш үлгісі жөнінде түсіндіріп өтеді)

  5. «Зерделінің ойы озық». (Лездік сұрақтарға жауап беру).

  6. Фотосессия

Қорытындылау



Мақсаты: Байқауды ұйымдастырудағы мақсат ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп,салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы, дарын да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру.

1-жүргізуші: «Қыз өссе елдің көркі»деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам - дей отырып
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Бұрымды қыз» атты байқауға қош келіпсіздер!

Олай болса! Шық аруым жарысқа,
Бір - біріңнен қалыспа.
Өнерінді байқасын,
Мына отырған халық та - демекші бүгінгі мектепшілік байқауымыздың аруларын ортаға шақырамыз. (арулар ортаға кезекпен шығады).
Уа, арулар, арулар,
Ешкімің жоқ алалар,
Ару болу үлкен сын.
Оны қазың бағалар,- деп қазылар алқасымен таныстырамыз.
Сайысымызды бастамас бұрын жоспармен таныстырып өтейік, сонан соң тәртіп бойынша жереби арқылы әр қатысушы ортаға шығу тәртібін анықтайды.

Жоспар:
1. «Мен қазақтың қызымын». (Әрбір қатысушы өз өскен ортасын,ата-анасын және өзіне қатысты басқа нәрселер жөнінде өздерін таныстырып өтулері керек)

«Қыз еркем – кестесімен көркем». (Бұл кезеңде әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді)

Шаш өру формуласы. «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі» (өзінің өрілген шашы жөнінде айтып өтеді. Қалай өрілген, қандай өрім. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды)

«Мен болашақта…». Эссе жазу. Сурет сызбазын көрсетіп. Өзіңнің  ойыңдағы мектеп формасы мен өзің ұсынатын мектеп оқушы қыздарының шаш үлгісі. (Болашақтағы өзінің ойындағы мектеп формасы мен оқушы қыздардың шаш үлгісі жөнінде түсіндіріп өтеді)

«Зерделінің ойы озық». (Лездік сұрақтарға жауап беру).

Фотосессия

Қорытындылау

Жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, деп - Абай атамыз жырлағандай, байқауымыздың І бөліміне кезек берейік. Бұл бөлімде
Әрбір қатысушы өз өскен ортасын,ата-анасын және өзіне қатысты басқа нәрселер жөнінде өздерін таныстырып өтулері керек)

Бойжеткен арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Жаймен басып сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға,- демекші
Жүргізуші:

«Мен қазақтың қызымын дара туған» таныстыру. Рет бойынша арулар өздерін таныстырып шықсын.

Кедеймін деп қысылма.
Өнерің болса қолында.
Өнерлінің ырысы.
Жарқырап жатыр жолында келесі сайысымыз
«Қыз еркем – кестесімен көркем». (Бұл кезеңде әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді)

Жүргізуші:

Байқауды ұйымдастырудағы мақсат ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп,салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы,дарын да талантты,бұрымды қыздарды елге таныстыру. Бұл бөлімде Шаш өру формуласы. «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі» (өзінің өрілген шашы жөнінде айтып өтеді. Қалай өрілген, қандай өрім. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды)

Жүргізуші: Келесі сайысымыз

«Мен болашақта…». Эссе жазу. Сурет сызбазын көрсетіп. Өзіңнің  ойыңдағы мектеп формасы мен өзің ұсынатын мектеп оқушы қыздарының шаш үлгісі. (Болашақтағы өзінің ойындағы мектеп формасы мен оқушы қыздардың шаш үлгісі жөнінде түсіндіріп өтеді)

  1. Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Зерделінің ойы озық». (Лездік сұрақтарға жауап беру).

Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар.
ІІ - жүргізуші: «Халқын сүйген – халқының салтын сүйеді» дей келе келесі сайысымыз сұрақ - жауап, қыздарымыз сұрақтарға жауап береді.
1 – сұрақ.
1. Бес қару: (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта )
2. Жеті қазынаны атаңыз.
(Ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық.)
2 – сұрақ.
1. Үш арсыз: (тамақ, ұйқы, күлкі)
2. Қыздар туралы мақал - мәтелдер. (қызға қырық үйден тию, Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің, Абыройыңның қадірін қызың өскенде білерсің)
3 – сұрақ.
1. Жеті ата: ( ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене )
2. Бес дұшпан (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ).
4 – сұрақ.
1. Үш даусыз: (мінез, кәрілік, ажал)
2. Үш биді атаңыз.(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би).
5 – сұрақ.
1. Үш мақсат: (жол мақсаты – жету қыз мақсаты - кету, сауда мақсаты - ұту)
2. Қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірін ата? (қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірі – ою - өрнек)
6 – сұрақ.
1. Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз үйіне бір жылдан кейін барған. Қалай аталады? (Төркіндеу)
2. Үш байлық (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
(Кеш қорытындысын әділқазылар алқасы шығарады. Сайыскерлерге

Логикалық сұрақтар:

Миға шабуыл
1)    Қоян жаңбыр жауып тұрғанда қандай ағаштың асында отырады? (сулы ағаштың)
2)    Судың  астында қандай тас болмайды?  (құрғақ)
3)     Жабық көзбен не көруге болады? (түс)
4)    31 ақпан күні не болды? (31 ақпан болмайды)
5)    Жаңбыр 2 күн қатарынан жауып тұруы мүмкін бе? (жоқ, себебі, 2 күнді түн бөліп тұрады)

1.Шашты қалай күтіп ұстауға болады.

2.Жарнамада қандай шампуньдердерді көрдіңдер.

3.Қандай шампуньдерді білесіңдер.

4.Шашы ұзын қандай танымал әншілерді білесіңдер.

5.Мода дегеніміз не?

6.Сіздер жеңіліп қалсаңыздар, ренжейсіздер ме ? , көніл күйлеріңіз түсіп кете ме ?

Осымен сайысымызды аяқтап сөзді әділқазылар алқасына берелік.

Жүргізуші:Қазағымның салт - дәстүрін сақтаған,
Осындай бар қыздар үшін мақтанам.
Жарасып тұр шашбау таққан бұрымы,
Көргенді ғой сені өсірген ақ мамаң.

Жүргізуші:Сау болыңдар, көргенше,
Қайта айналып келгенше.
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше!
«Бұрымды қыз»