Бір шаңырақ астында тәрбие сағаты

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сараптама

Қазақстан Республикасының бірінші Президент күніне орай 1 «Б» сыныбында «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағат барысында оқушылар Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғанын білді.

Тәрбие сағат барысында оқушыларды патриот болуға,елін,жерін сүюге және халқын құрметтеуге,басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,әдет – ғұрпын сыйлауға үйретуге арналған бейне роликтар,тақпақтар оқылды.

Оқушылар тәрбие сағатына қызығушылықпен қатысып,белсенділік көрсетті.



Сынып жетекшісі: Якупова Н.А.























Сараптама

Қарашаның жиырма бесінші жұлдызында Қазақстан Республикасының Президент күніне арналған «Әкем,шешем және мен» атты отбасылық спорттық сайыс 1 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Әр сыныптан 2 отбасы өнерлерін көрсетті. Сайысқа 1 «А» сыныбынан «Сұңқар»,1 «Б» сыныбынан «Бейбарыс» тобы, 1 «В» сыныбынан «Бәйтерек» тобы қатысты. Бұл сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Сайыс басталмас бұрын топтар өздерін таныстырып кетті.

Сайыстар арасында музыкалық номерлер орындалды.Сайыс барысында ата-аналар өздерінің белсенділіктерін,салауатты өмір салтын сақтанатындарын көрсете білді.

Сайысты қорытындылай келгенде:

1 «А» сынып «Сұңқар» тобы 1орынды иеленді.

1 «Б» сынып «Бейбарыс» тобы 2 орынды иеленді.

1 «В» сынып «Бәйтерек» тобы 3 орынды иеленді.