Сабақтың мақсаты:Мен өз елімнің патриотымын
а) Оқушыларды саяси саналылыққа ,достыққа, адамгершілікке, саналылыққа,
елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
ә) Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға
қалыптастыру.
б) Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету. Отанды сүюге, ата заңымызды
қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, Қ.Р. картасы. Тақтада сынып сағатының тақырыбы, мақал-мәтелдер мен дана адамдардың сөздері жазылған слайдттар.
Тәрбиелік байланыс: Ақыл – ой тәрбиесі.
Адамгершілік тәрбиесі.
Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру тәрбиесі.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мен өз елімнің патриотымын».
Бүгінгі айтылар ән де, әңгіме де туып-өскен жеріміз- отанымыз Қазақстан туралы болмақ.
Отан- адамның туып-өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың отаны Қазақстан республикасы. Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Отанын шексіз сүйіп, оны қасиетті туындай қастерлеу әрбір адамның парызы.
Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың қағазға жазыңдар.(2мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады).
Әнұран орындалады
2. Блиц – турнир сұрақтары: «Кім көп біледі?»
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.
1-топ.
1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігің алды? (1991 ж. 16 желтоқсан)
2. Қазақстан Республикасының астанасы (Астана)
3. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
шектесетін тәуелсіз мемлекет. (Қазақстан Республикасы)
4. Отан үшін отқа түс ......... (күймейсің)
5. Елтаңба авторы (Жандарбек Мәлібеков)
1. Еркіндік қыраны шарықта
Елдікке шақырып, бірлікке ...
Қандай әннен алынған үзінді? (Қазақстан Республикасының әнұраны)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
3. Қазақстан Республикасының президенті (Н. Назарбаев)
4. Отан ..... – (отбасынан басталады)
5. Сенің ана тілің (Қазақ тілі)
Жүргізуші: Балалар, сендер жаңа өз сөздеріңде: «Менің Қазақстаным – Менің
болашағым» дедіңдер. Ал болашақ кімнің қолында?
Оқушылар: Қазақстанның болашағы біздің қолымызда.
Жүргізуші: Ия, осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Ал сол болашақ егелері сендер қандай болуларың керек?
өнерлі ержүрек
Білімді жас Білікті маман Ұлтжанды азамат
Қыздар биі:Қазақ елі
Көрініс :Қаһарман болу үшін...
Әжесі жүн түтіп отырғанда немересі келіп,ертегі айтып беруін сұрайды.
-Әже,ертегі айтып берші.
-Ерте,ерте,ертеде қазақ елінің бір батыр,қаһарман ұлы дүниеге келіпті.
-Әже,қаһарман деген сөздің мағынасын түсіндірші.
-Қаһарман деген батыр,ержүрек,елі үшін жанын қиятын азамат адамды атайды.
-Сонда ел үшін күресетін батырларды солай атаймыз ғой,ә
-Ие,мысалы қаһарман деп Амангелді батыр,Бауыржан Момышұлын,Махамбет,Рақымжан ,Қайрат,Ләззат,Мәншүк,Әлия секілді аға-әпкелеріңді біз елдің қаһарман ұл-қыздарын айтамыз.Олар елі үшін қадірлі тұлғалар.
-Мен де өскенде қаһарман болғым келеді.Ол үшін мен соғысу ,күресуді үйренуім керек пе?
-Жоқ,алтыным.Соғыстың бетін аулақ қылсын. Сен өскенде қаһарман атануың үшін міндетті соғыса білу қажет емес .Біз қазір бейбіт,тату, егеменді елді өмір сүріп жатырмыз.Сондықтан елін сүйетін,елінің дамуы жолында үлкен еңбек етіп ,жерінің,тілінің,отанының дамуына үлес қосқан азаматтарды қазіргі кезде қаһарман атап жүрміз.Сол себепті сенең алдымен оқу оқып білім алуың керек.
-А,түсіндім сонда көп оқып ,білімді болып,отыным үшін еңбек етсем ,соның өзі мені қаһарман етеді екен ғой.
-Ой,ботам ,ақылдым сол!
Мұғалім:Осы көріністен біз не түйдік ?Біздің еліміздің болашағы жарқын болуына біз қалай үлес қоса алатынымызды айтайықшы.
Менің Қазақстаным- менің болашағым
Елім Отаным Білім алу Жерімді Тілімді сақтау Еліме қызмет ету
«Сиқырлы сандықша» сыныпқа әкелінеді. Оқушылар қолдарындағы жүрекшелерге өздерінің елге,Отанға деген жылы лебіз,тілектерін жазады да,жүрекшені сиқырлы сандықшаға салады.Соңғы оқушы өз жүрекшесін салғанда сандықшадан күннің суреті шығады.
Хор: Әрқашан күн сөнбесін
Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.
Елің үшін қуанғын және қайғыр,
Даңққа бөлен өзің де данадай бір.
Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,
Аяздарға тоңдырмай аялай біл.
Тарихтың жадында даусың қалсын,
Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.
Баста бізді бақытқа, көзіндегі
Елге деген мейірім таусылмасын!