Менің Отаным – Қазақстаным!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Менің Отаным – Қазақстаным!


Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – ҚР-сы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтерін бойынша білімдерін бекіту.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, пікірталас

Көрнекіліктері: суреттер, дөңгелекшелер, плакат



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Хор: Әнұран

  • Кәне балалар Отан деген не?

  • Адамның туып – өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.

  • Балалар біздің отанымыз қалай аталады?

  • Біздің – Отанымыз Қазақстан.

  • Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.


ІІ. Негізгі бөлім.

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1 – топ: Туған жер

2 – топ: Отан

3 – топ: Атамекен

(Өлең, мақал-мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.)

Сұрақтарға жауап беру:

1.Еліміздің бас қаласы?

2. ҚР президенті кім?

3. ҚР туының авторы?

4. ҚР елтаңбасының авторлары?

5. Әнұранымыздың авторлары?

6. Еліміздің көрікті жерлері?

7. Отан туралы өлең айт

8. Отан туралы ән шырқа


Отан туралы өлеңдер:

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан – қуат нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым

Отан мәңгі гүлденеді.


Отан деген – Атамекен,

Отан деген – Туған жер.

Отан ана, Отан пана,

Қазақстан - туған ел.


Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.


Отанды жас – кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.


Отан, туған жер туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?

  1. Ел мен жер егіз.

  2. Ел іші алтын бесік

  3. Жері байдың елі бай.

  4. Отан – қуат,

Отбасы – шуақ.

  1. Есің барда елің тап.

  2. Көп ел – сарқылмас көл.

  3. Көп ісінде береке.

  4. Егемен елдің еңсесі биік.

  5. Көп қайда болса – құдай сонда.

10.Көптің күші көлдей,

Көшіп жүрген елдей.

11.Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.

12. Көп түкірсе – көл болар.

13. Көп біріксе – ел болар,

Көп тілегі көл болар.


Тілек.

(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)


  • Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.


ІІІ. Қорытынды.

Байтақ дала жерім менің

Арта берсін даңқын сенің

Көк байрағын желбіресін

Егеменді елім менің.

  • дей отырып, құрметті оқушылар осымен «Менің Отаным – Қазақстаным!» атты сыныптан тыс шарамыз аяқталды.