Тәрбие сағатының тақырыбы: Ы. Алтынсаринға 175 жыл толуына арналған
«Тапқыр достар» ойыны.
Мақсаты: Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;
Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалімнің алғашқы сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі 7-8 А сыныпта өткізілгелі отырған «Тапқыр достар» ойынына қош келдіңіздер! Ойын, сайыс болғаннан кейін баға беруші қазылар алқасы болуы шарт, сондықтан алдымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Әділқазылар алқасының құрамында ұстаздар болады. Ал енді, сабағымызды бастамас бұрын Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқтала кетсек. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — [link] Тәрбие сағатының тақырыбы: Ы. Алтынсаринға 175 жыл толуына арналған
«Тапқыр достар» ойыны.
Мақсаты: Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;
Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалімнің алғашқы сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі 7-8 А сыныпта өткізілгелі отырған «Тапқыр достар» ойынына қош келдіңіздер! Ойын, сайыс болғаннан кейін баға беруші қазылар алқасы болуы шарт, сондықтан алдымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Әділқазылар алқасының құрамында ұстаздар болады. Ал енді, сабағымызды бастамас бұрын Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқтала кетсек.
Әр топта 5 оқушыдан: Эмблемасы, топтың аты.
Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады:
І Таныстыру.
ІІ Кім тапқыр? (Сұрақтарға жауап беру)
ІІІ Ойлан тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)
ІҮ Сөзтапқыш (суреттегі бейнені бейнелеп көрсету)
Ү Актерлік шеберлік (Ы.Алтынсариннің әңгімелерін көрсету)
ҮІ Қорытынды (жеңімпаздарды анықтау)
ҮI кезең - Қорытынды:
Адамға ақыл беретін кімдер? – депті бір қария жас жігітке.
- Ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.
- Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін
ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың,
ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп.
Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.
Ендеше осымен «тапқыр достар» ойынын әсем әнмен аяқтаймыз.
Соңында «Отан» туралы ән орындалады.
Тобымыздың ұраны:
Жалын болып жалындап,
От болып, лаулап жанамыз.
Қарсы топты әрқашан,
Жеңіп біз де шығамыз.
Тобымыздың ұраны:
Бүркіттей боп самғаймыз,
Биікте де, көкте де.
Қол қусырып тұрмаймыз.
Көрінеміз биіктен.
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
Бакша агаштары
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
—Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]