«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз». Н. Назарбаев.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Семей қаласы.

«№ 3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат» КММ.

«Ата-ананың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі»



Жунусханова К.К. Жапықова.Г.О.

Білімділік; Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті мен жауапкершілігін сезіндіру. денсаулығын сақтай білуге үйрету. Құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. 

Дамытушылық; Оқушылардың бойында құқықтық білімін дамытып қалыптастыру,жеке тұлғаның санасын дамыту,

Тәрбиелік; Ата –аналармен бірлесе отырып жас ұрпақты имандылыққа,адамгершілікке, зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
Коррекциялық: Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.

Түрі:тәрбие сағаты

Көрнекілік: слайд, суреттер, сызба,кесте

Тәрбиелік шараның барысы:

I.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері

II. Тәрбие қалай қалыптасады.

III. Ата-ана психологиялық кеңес.

IV. Көкейде жүрген сауалдар

V. Зорлық-зомбылық деген не?

VI. Жағдаяттарды талқылау

Қорытынды.


«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз».
Н. Назарбаев.
«Бала бол, басқа бол – бәріне заң біреу-ақ»
Ж. Баласағұн.

Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі тәрбиелілік шараға келген адамдарды – бала тәрбиесіне жанашыр адамдар келді деп ойлаймын


Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.

Бүгінгі тәрбие сағатына. Мектеп әкімшілігі:А.А.Калигожин.Ж.М.Ибраева

5-6 сынып ата-аналары

Кәмлетке толмаған жасөспірімдер инспекторы: Қуанова Майра;Разуев Айдар

Мектеп психологы:Альмира Саятовна

А) Шаттық шеңбері. Альмира Саятовна

Айым.Тәрбие қалай қалыптасады?

Мектеп баланың өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің,жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Тәрбиеші және отбасы өздерінің арасында тұлға аралық қатынастары мен жалпы психологиялық-педагогикалық мәдениетін дамыта отырып, өзін-өзі жетілдіре отырып, балаларды тәрбиелеуге идеалды атмосфераны құрайды. Балалардың ақыл-ойының дамуы, болашақтағы тұлғалық қатынасының дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі отбасына және қоршаған ортамен байланыстырады.   «Тек қана ата-аналармен,  біріге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мектеп балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»

Шұғыла. Отбасы- шағын мемлекет. Отбасы- ол да бір шағын мемлекет.Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты.Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген

Батима. Құқықтық тәрбие дегеніміз не?

Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі.Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады.Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады

Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға-құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады.

Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді  тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады

А.С.Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпаған жөн.

Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады..

Бекзат.М. Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай?

Әрине бұл Заңдарды білу

Бала мен ата-ананың құқықтары  мен  міндеттері білгіленген заңдар

  1. Бала құқығының   Декларациясы

  2. ҚР бала құқықтары туралы Заңы

  3. ҚР Конституциясы

  4. Білім туралы Заң

  5. Неке және отбасы туралы Заң

  6. Балалар  құқығының  Конвенциясы

7. Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы Кодекс [pic]

Осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар: Алуа [pic]

Елман.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» жолдауы –еліміздің дамуына серпін беретін жаңару стратегиясы. Жаңа кезеңдегі ел саясатының маңызды бағытыныңб ірі – жас ұрпаққа заманына сай білім мен тәрбие беру мәселесі. Сондықтан да Ұлт көшбасшысы «Бала тәрбиелеу –болашаққа ең үлкен міндет, балаларымызға жақсы білім мен саналы тәрбие беруге ұмтылуымыз керек»  атап көрсетті.

Балаларымыздың бойында саналы тәрбие қалыптастыру үшін отбасы, ата-анасы мен мектеп серіктестігіқ ажет.

Сергіту жаттығуы.(бейнеролик)

ІІI бөлім: Альмира Саятовна

АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС
1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшіне мес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
 
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
 
3.Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
 
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
 
5. Жас мөлшері әртүрл іадамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
 
6. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
 
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
 
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
 
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
 
10.Баланың «бақытты кездері » туралы ойлаңдар.
 
11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
 
12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.
 . 
13. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.

Ата-аналармен «Сен өсірген байтерек».( алдарыңызда тұрған алма ағашы бір-бірінен айырмашылығы жоқ өскен,қолдарыңыздағы алманың артындағы сөздер арқылы өскен.) осы туралы ата-аналар пікірлеріңізді білсек.

1)    Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды?

2)    Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

ІV бөлім. Жағдаяттарды талқылау

Жағдаят №1

Канат киімін шешіп ,қалтасындағы тиындарын алып сумкасына салуды ұмытып кетті. Сабақ үстінде есіне түсіп,барып алуға ерінді қайтарда алармын деп ойлады.Ал сабақтан шыққанда қараса жоқ,ол тәрбиешісіне айтады,киімін шешіп жатқанда тұрған балаларды айтып берді.

Сұрақтары:

  1. Киім ілетін жерде қандай қылмыс жасады?

  2. Қылмыс жасауына не себеп болды?

  3. Сіз ата-ана ретінде қандай пікірлер ұсынасыз?

а.Әр адамның түсінігі бойынша.Мейіржан.

б.Бала тәрбиесіндегі басты тұлға- әке мен шеше.Бекзат.

в.Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.Алуа.

г.Балаға теріс әсер етеді.Ержан

V бөлім. Көкейде жүрген сауалдар

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор сөз берсек;

1.Жасөспірім бала мектеп жасында жасы 14-ке толмаған қандай жағдайда қылмысқа тартылады?

2. Мектепішілік тәртіпке бағынбайтын, (сыныпта,топта) бірнеше рет ескерту ,кешірім алған оқушы кандай жағдайда жазаланады,осындай оқушыға жаза болама?

3.Зорлық-зомбылық деген не?

Зорлық-зомбылықты тудыратын негізгі факторлар, әлеуметтік фактор:

1. Отбасының әлеуметтік-экономика лық дәрежесінің төмендеуі;

2. Байлыққа деген құмарлық;

3. Қоғамдық және мәдени өзгеріс, жалпы тұрақсыздық;

4. Толық емес отбасындағы тәрбие:

5. Ішімдік пен анаша

6. Оқудағы үлгермеушілік

7. Ақпарат құралдарындағы мағлұматтар

Биологиялық фактор:

1.Генетикалық

2.Темперамент ерекшеліктері

3.Бас бөліктерінің дамуындағы кемшіліктер.

4.Ағза себептері

Психологиялық фактор:

1.Отбасындағы әлеуметтік-психологиялық жағдай

2.Жеке қасиеттері (мінез)

3. Өзін-өзі игере алмаушылық

4. Бала күнінде махаббат жетіспеушілігі

Зорлықтың түрлері:

Эмоциялық зорлық-балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу ;

Физикалық зорлық- отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;

Қауіп-қатер- отбасын тастап кетемін деп қорқыту,әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу.

Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту

Гулнар Орынбековна.Ата-анаға ұсыныс:

  1. Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.

  2. Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.

  3. Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.

  4. Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.

  5. Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында ақпарат құралдарымен жұмыс істеу.

VІ бөлім. Қорытынды.

Карлыгаш Кенесхановна.Құрметті Ата-аналар

Егерде сіз қазіргі уақытпенен ғана емес, болашаққада мән беріп өмір сүрсеңіз бұл – ескертпе сізбен балаңыздың араларыңыздағы жылулық пен қарым –қатнасты сақтауға көмектеседі.

Баламен жанды сөйлесу оның столындағы фотографиямен алмастырмаңыз. Есіңізде болсын сіздің жанұяңыз және балаңыз сіздің өміріңіздегі үлкен баға жетпес құндылық.

«Жанұя ешқайда кетпейді» деп ойламаңыз және екіші орынға қалтырмаңыз. Кешкі уақытта телевизорға, маңызды емес телефон қоңырауларға уй тіршіліктеріне жібермеңіз, оның орнына біраз уақыт балаңызды құшақтап , оғанда сізге де маңызды тақырыпта әңгімелесіңіз.

Өз балаңызды танып біліңіз, қадағалаңыз, оның ішкі жан-дүниесіне мән беріп, кеш қалудан қорқыңыз!

Мысалы: үйге кеш келгенде кезде немесе уәдені орындамаған үшін балаңызға сыйлық әперуден бас тартпаңыз, біраз уақыт өткен соң ол сізді емес, сыйлықты күтетін болады.

Жақын адамдарды үйде тосуды балаңыз үшін әдетке айналдырыңыз. Дастархандағы әдемі майлық, хош иісті шай, ыңғайлы жарық, жайлы ән мен үйге келетін ата-ана бұл сіздің әдемі, жылы, жайлы және мейірімді салтыңыз болсын. Осындай салтты ұстаған ата-ана біраз уақыт өткен соң, өздері есейіп кеткен балаларынан әңгімелесуді, көңіл бөлгендерін күтеді.

Балаңыздың сөзін бөлмеңіз, асықпаңыз, оның сөйлеуіне мүмкіндік беріңіз, оны мұқият тыңдаңыз. Оның кеудесінен итермеңіз, қақпаңыз оның сізге жақындауына , құшақтауына мүмкіндік беріңіз. Бұл оған әсерлі, жағымды жаңа күнге жаңа заряд, жаңа кездесулер оның ертеңгі күніне сенімділік пен бақыт әкеледі. Осы сезінуді балаңыздан айырмаңыз!

Есіңізде болсын! Сіз балаңызбен бүгін әңгімелесуден бас тартсаңыз сіз қартайған шағыңызда балаңызбен әңгімелесуден бас тартып отырсыз.

Барлық іс қайта айналып келетіндігі Есіңізде болсын!

Ата-ананың жағымсыз қылықтары.

  • Сені көргім келмейді.

  • Маған сендей жаман бала керек емес.

  • Ақылды сымақ болма айтқанды істе. Мен сенен жақсы білемін.

  • Сенен ештеме шықпайды. Қолыңнан түк келмейды.

Мектеп пен жанұя арасындағы келіспеушілік әрекеттері.

  • Баланың көзінше мектепте болған келіспеушіліктерді сөз қылмауға тырысыңыз.

  • Мұғалім атына жағымсыз сөздер айтпаңыз.

1.Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды?

2. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

1.Жасөспірім бала мектеп жасында жасы 14-ке толмаған қандай жағдайда қылмысқа тартылады?

2. Мектепішілік тәртіпке бағынбайтын, (сыныпта,топта) бірнеше рет ескерту ,кешірім алған оқушы кандай жағдайда жазаланады,осындай оқушыға жаза болама?


[pic] [pic]



[pic] [pic]


[pic] [pic]

[pic] [pic]