Классный час на тему Тәуелсіздік тірегі-тіл

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Тәуелсіздік тірегі-тіл»

( атты тілдер күніне арналған саптүзеу)


Мақсаты: 1. Оқушыларды мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезінуге, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға шақыру.

Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз!

Көрнекілігі: итерактивті тақтада Президент портреті, «Қазақстан халықтарының достығы» атты слайд .


Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бәрімізге ортақ бүгін 22- қыркүйек Тілдер мерекесі. Бүгінгі « Тәуелсіздік тірегі- тіл» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.

«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде.
Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов.

Тәуелсіздік тірегінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежірсі. Былайғы жерде егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.

Жүргізуші: Қазақ тілі-ана тілміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Оны біздің қазақ халқы зор қуанышпен қарсы алдыі.

Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.


Әр сыныпқа «Қазақстан», «Достық» сөздерінен жеке сөздер құрату.

-Біз қай мемлекетте өмір сүреміз?

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстанда қандай ұлттың өкілдері тұрады?

Әр ұлттың өкілдері қалай амандасамыз?

(Ортаға әр ұлттың өкілдері өз тілдерінде шығып сәлемдеседі)

Балалар «Танысу» диалогтарын оқиды.


Жүргізуші
: О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын
Тамсанамын, қарап тұрып артыңнан
Шыққан балаң, қазақ деген халықтан
Нәр аламын, жер- анадан алыптан.


Жүргізуші : Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі екені барлығымызға аян.

Халқым теңіз толқыған,тілім терең
Мен мақтанам баршаға тілімменен
Ең асылың не?- десе құрметтейтін
Ойланбастан асылым тілім дер ем.

Жүргізуші : 1989 жылдың 22 қыркүйегінде қазақ тілі мемлекеттік статус алды. Тіл мерейін көтеру мақсатында Қазақстанның барлық мектептерінде қазақ тілі апталығы өткізілуде. Бүгін іс-шарамыз осы тіл апталығына арналады.
Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз тілін қалай сүйе білумен өлшенеді. Бұл туралы ақындар былай дейді.

1.Сүйемін туған тілім – анам тілім,
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін
2. Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар

3. Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Жүргізуші : Тілім менің ғасырлардан аманат
Аманатқа адам болсын қолғанат.
Ар намысқа келтірмейік жаман ат.
Қазақ болып туылдың ба,
Ендеше,
Өз тіліңді өзгелерге бағалат,- дегендей, осы мақсатқа біз өз өңірімізді мекендеген басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін құрметтете білуіміз керек.

Слайд көрсету «Қазақстан халықтарының достығы»

Жүргізуші : Туған жер – алтын бесік,асыл анам,
Ауаңмен ақ сүтіңмен асыраған.
Мен – дағы ұлың едім өзің тектес.
Алысқа несібесі шашыраған,- деп әркімнің өзінің туған жері, кіндік қаны тамған жері ән-жырларда өлеңмен жырланған.

4. Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!
Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел
Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.

5. Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

6.Қазағымның кең пейіл дархандығы,
Кіршіксіз таза көңіл,адалдығы.

Сыйдырып өз жеріне барлық ұлтты,
Бағасы көпшілікке өте құнды
7. Ана тілін білмеген
Ақылы жоқ желікбас
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
Жүргізуші: Тіл- халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Әр халықтың өзінің ана тілі, дәстүрі бар.
Жүргізуші: 130-дан астам халықтың мекені болып отыр. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Сіздер бұл кеште Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің,қазақ ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі боласыздар.
Орыс: мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,
Қастерлеймін тарихын,салт-дәстүрін.
Өйткені мен өркендеп осы жерде,
Топырағын қазақтың басып өстім.
Өзбек:Мен өзбекпін, сүйемін қазақ жерін,
Қазақ жері-ол менің туған жерім.
«Жолдас болсаң қазақпен адаспассың»
Деген өзбектің мақалын жаттап өстім.
Неміс: мен неміспін, сүйемін қазақ тілін,
Қаймағы бұзылмаған таза тілдін.
Қазақ тілі лайық деп білем мен,
Болуға да ортақ тіл немістердің.
Қазақ: мен қазақпын, иесімін кең даланың,
Талай Жаудан бұл даланы қорғаған.
Өзгелердің басына күн туғанда,
Жат көрместен құшақ жайып қарсы алғанмын.
1-оқушы: Корей, украин, немістен
Көп ұлтты шаңырақ біріккен,
Бәрінің жүрегін жібіткен
Ынтымақ ұраны мекенім!
(Әр ұлттың өкілдері ұлттық ойындарын ойнайды)
Жүргізуші :Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшілік туын жоғары көтеріп,болашаққа нық қадам басайық.Тәуелсіз егеменді елімізді бұдан әрі бейбіт жолмен өркендете береміз десек, әрбір ұстаз бен ата-ана саналы ұлт өкілдері
«
Ынтымақ елдікке жеткізеді,
Береке бірлікке жеткізеді» деген халық қағидасын үнемі іс пен әрекеттің құралы ретінде пайдалануды естен шығармауымыз керек.
Жүргізуші : Тілмен ғана қызық менің тірлігім
Тату еткен ел мен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім.
Жүргізуші :Тарихы бар дастанымдай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің .
Қазақстан – алтын бесік Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.
Жүргізуші :Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

Оқушылар бәрі бірге «Достық» әнін шырқайды

Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достық өмір жарасқан

Туыспыз біз бәріміз

Бір Отанның гүліміз

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз


Қорытынды: Осымен тілдер күніне арналған мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Әрқашан достығымыз мықты болып, көп тілді меңгеріңіздер. Еліміздің аяулы азаматы болып өсіңіздер.